Бакитжанова Гульдарига Шараповна Ақтөбе қаласы білім бөлімінің қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының



бет1/2
Дата28.01.2018
өлшемі0,49 Mb.
#35199
  1   2


Тәрбие білім бастауы

(іс-тәжірибеден)



Бакитжанова Гульдарига Шараповна

Ақтөбе қаласы білім бөлімінің

қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының

тәрбие ісі жөніндегі әдіскері,

29 орта мектебінің



қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Ақтөбе қаласы білім бөлімінің

қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы

Құрастырған: Бакитжанова Гульдарига Шараповна - әдіскер және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Ұсынылып отырған жинақта әдіскер-ұстаздың шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі тәрбие мен тіл мәселелеріне қатысты еңбектері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.



Бұл жинақты мектеп ұстаздары көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Тәрбие – білім бастауы

Қазақстанда қазіргі уақытта білім беру жүйесі – болашақ ұрпақты жан – жақты жетілдіретін, бәсекеге төтеп беруге қабілетті, сапалы адам етіп тәрбиелейтін білім беру жүйесі екені сөзсіз.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мұғалімдерге өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Жалпы 12 жылдық мектептің мақсаты: жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениеті бойында қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Осы мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін ұйымдастыру; құзыреттіктерді қалыптастыру және дамыту;оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау. Бұл мақсат-міндеттерді іске асыру үшін тәрбие жүйесі тұлғаны әлеуметтендіру идеяларын іске асыра отырып, оқытудың жаңа әдістерін:жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқытуды, зерттеу, жобалау әдістерін, денсаулық сақтаушы әдісін қолдана отырып тәрбие жұмысын ұйымдастыруы қажет.
12 жылдық білім беру жүйесіндегі тәрбие берудің ерекшелігі – тек өз халқының ұлттық мәдениетінің негізінде ғана шектеліп қоймай, жалпы адамзаттық және өркениетті дамыған мемлекеттердің озық жетістіктерін, мәдениетін т.б. адамгершілік құндылықтарын игеру арқылы тұлғаның жан-жақтылығын тәрбиелеу.
Қазіргі жағдайларда адамның ұзақ та арнайы ұйымдастырылған өмірге тәрбиесіз араласуы өте қиын. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші күш. В.Г.Белинский; «Тәрбие – ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.
Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» десе, ал В. Белинский «Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» деп айтқан болатын. Бүгінгі бәсекеге қабілеттілікті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай , оның мұң –мұқтажын өтерлік , елін, жерін , халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды , отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді . Сондықтан ұстаздар қауымының мақсаты:бүгінгі ұрпақ –еліміздің болашағын–қазіргі қоғам мұратына сай жан –жақты жарасымды тұлға етіп өсіру.
Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса , тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет . Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ , оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі , яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі . Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қоршаған ортасына , мұғаліміне, ата –анасына , құрбы –құрдастарына , олардың іс –әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты . Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс.
Оның күрделігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл – күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, тізгінді үнемі қадағалау қажеттігімен ұғындырылады. Тәрбие негізінен баланың бал дәуренінен бастап азамат болғанына дейін тәні мен жанына бірнеше арнамен құйылады: отбасы, мектеп, қоршаған орта, жұмыс орны.
«Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз. Иә, ұрпақтың тәрбиесі - қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау - әрбір саналы азаматтың борышы. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», - деп М.Әуезов дәл айтқан.Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Мемлекетімізде қазіргі таңда сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің де зор қажеттігі туындап отыр.
Тәрбие жұмысы - педагогтардың нақты міндеті, яғни шәкірт тұлғасын сомдау мәселесін саналы түрде шешуге бағытталған үйлесімді іс-әрекеті.
Тәрбие және тәрбие жұмыстары әр баланы қайталанбас тұлға ретінде қарап, оның өзгеше қасиеттерін дамытуы қажет. Әрбір бала - тұлға, өзінше бір әлем, ал әр педагогтың міндеті әр тұлғаны көре білу, жүректеріне жол табу. В.А.Сухомлинский: «Әлемде адам тұлғасынан күрделі, одан бай ешнәрсе жоқ», - деп жазған. Бүгінгі күнде барлық ұстаздардың алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Тәрбие мәселесінің нәтижелі болуы ата-аналар мен қоғамдық ортаның тәрбие ісінен шет қалмай белсене араласуына, адам тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе көтеріп, жұмыла істеуге тікелей байланысты. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заң жобасында «Ата-аналар балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани әрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігі жағынан дұрыс қамтамасыз етуге міндетті» делінген.
Сынып ата-аналарымен бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге асыру үшін ата-аналардың белсенділігін көтеру және ынтымақтастықты нығайта отырып, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейту мақсатында « Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Отырыста ата-аналар : отбасындағы бос уақытты қалай пайдаланасыздар, балаңыздың досы кім, оның қандай іс-әрекетін, қылықтарын білесіз, білім сапасын көтеруде ата-ана ролі бар ма, кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба, балаңыздың қандай пәндерге бейімділігін байқадыңыз, сізді ерекше толғандыратын қандай жағдайлар сұрақтары төңірегінде пікір алысты.
Халықтың болашағы - ұрпағы, ұрпақтың тәрбиесі – ұстазда. Ұстаздың мұраты - жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ал толыққанды азамат қалыптасу үшін – ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар экологиялық, экономикалық, жыныстық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс.
Оқушы жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін біріншіден, тәрбиеші ұстаздың саяси сауатты, жан–жақты энциклопедиялық мол білімі болуы шарт, екіншіден, тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік шеберлігі қажет, үшіншіден, мұғалім оқу–тәрбие үрдісін жүргізу кезінде оқушының психологиялық ой-өрісінің өсу, даму дәрежесін бақылай білетіндей сезімтал психолог болуы керек. Яғни А.Н.Толстой айтқандай «Мұғалім өн бойына өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол нағыз ұстаз».
Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастырып, бірлікте оқыту - әрбір ұстаздың басты шарты болса, сынып жетекшілері тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да іздене жүріп, оқушылардың бойына тәрбиенің ең ізгісін, ең асылын сіңіре білуі керек. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
К.Д. Ушинский – баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Ал табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.
Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауғы мүмкіндік береді.
Сыныпта оқушыларға табиғат ұғымының мәнін ашып, түсіндіру, табиғатты аялап , сүюге тәрбиелеу , оған үнемі қамқорлық жасауды насихаттау, жерге деген мейірімі мен ықыласын ояту, экологиялық білім беру, елінің байлығы мен әсем табиғатын қорғай білуге үйрету мақсатында «Табиғат – тіршілік иесі » атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сусылдап аққан судың, сайраған құстың, шуылдаған орманның дыбыстары оқушылардың табиғат сұлулығын сезінуіне әсер етті.
Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан – 2030» бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік маңызы бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі баса көрсетілген. Салауатты өмір салты тұлғаның дамуы мен тәрбиесінде маңызды рөл атқара келе, қалыпты өмір салтының басты құрамдас бөлігі болып табылады. Ойшыл ғалым Гиппократтың айтуынша «Адамға өмірінде бір-ақ рет беріліп, өмір бойында шығындалатыны бұл – денсаулық.» Бұл бағытта мектебімізде күнделікті сабақ басталар алдында ертеңгілік дене шынықтыру жаттығуларын жасау әдетке айналған.
Бала дүниеге келген күннен бастап бірнеше психо-физиологиялық дағдарыс кезеңдерінен өтеді. Соның бірі біздің сынып оқушылары бастауыш мектептен орта буынға өткен шағы, яғни «5- сыныпқа бейімделу» кезеңі. Бұл кезеңде балада дағдарыс кезеңі байқалады. 5- сыныпта жаңа таныс емес пәндер еніп, оқу жүктемесі көбейеді, күнделікті жоспары ауысады, кейбір оқушыларда физиологиялық өзгерістер де байқалып жатады.
Бұл кезеңде психологиялық жағынан – агрессия, сенімсіздік, өз ортасын мойындамау, өшпенділік, қарым – қатынаста енжарлық таныту, эмоционалды қызбалық, мазасыздану, беймазалық, жалған сөйлеу, ұшқалақтық байқалады. Бірі өтпелі кезеңді ұзақ уақыт бойы өткерсе, бірі белгілі бір уақыт арасында көзге түседі. Бұл кезеңде оқушыларға мектеп психологының көмегі ауадай қажет. Олармен психологиялық тренингтер өткізіліп, түрлі сауалнамалар алынды. Тәрбие күрделі, көп өлшемді, көп қырлы процесс. Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісі өзінің оқушыларының инициативасына сүйену, барлық баланың деңгейін, қызығу бағыттарын, әрқайсысының дара дамуын, жеке тұлғалық қалыптасу жолын және шығармашылықпен жаңа формамен түрлендіріп өткізуі қажет.
Қорыта келе.бала тәрбиесі күрделі де жауапты міндет екендігі бәрімізге белгілі. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп , ұстаз және ата –ананың орны бөлек. Тәлім –тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата –ана , әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады . Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп , болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі . Сондықтан ата –аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп , оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе . Осы мәселеге ата –аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ , алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Сондықтан да ұстаздар қауымы, сапалы білім бере отырып, еліміздің болашақ жастарын ұлағаттылыққа тәрбиелейік!

Туған тілім – тұғырым

(тәрбиелік кеш)


Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. 

Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітаптар 
Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация. 

1. «Қазақ тілі» деген М.Жұмабаевтың өлеңін аудиожазбадан тыңдаймыз 

2. Мұғалімнің сөзі :Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс. 
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні. Тәуелсіз еліміз – көпұлтты мемлекет екендігі баршамызға аян. Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздегі барша ұлт өкілдерінің ана тілдеріне ешқандай нұсқан келтірілмей, мемлекет қолдауымен өркендеп дамуда. Сонымен қатар, тілдерді құқықтық тұрғыдан қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңымен және өзге де заң актілерімен қамтамасыз етілген. 
Біздің еліміз, яғни тәуелсіз Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқаны мәлім. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең бейбітшіл, саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық өркендеу қалыптасқан мемлекет ретінде танылып отыр. Бұл жетістік барша қазақстандықтардың көздің қарашығындай сақтайтын байлығы деп түсінуіміз керек. Осы орайда еліміздегі ұлтаралық келісімге, әлеуметтік –экономикалық даму үрдісіне, азаматтық қоғамның орнығуына кепілдік болып отырған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын ел болып бағалай білуіміз қажет. 
«Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге де ана тіліңді құрметтете аласың», - деп атақты жазушы бабамыз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ана тіліміз өркендеп, асқар шыңдардан көріне берсін! 
Ал енді бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды бастайық 

3. Оқушыларды тыңдайық 
Қазақ тілі –ұлт тілі (1 оқушы) 
Дүние жүзінде халықта тіл де көп. 
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол еліміздің Конституциясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие. 
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады. 


2 оқушы: Тамыры терең, тарихы бай тіл 
Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. 
Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. 
Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар. 
Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл. 

4. 3-оқушы:

Қазақ тілі өте бай тіл білгенге. 
Оның сырын түсіну де тереңде! 
Сан ғасырды бастан кешкен қазақ тіл 
Дәл қазірде жойылуы мүмкін бе? 

Жойылмайды, жойылмайды туған тіл. 
Тілдің сырын тереңірек бойлай біл, 
Жоғалту да, дамыту да тіліңді 
Өз қолыңда, соны елім,ойлай біл! 

Кейбіреулер туған тілін білмейді. 
Білмесе де білгісі олар келмейді, 
Туған тілін түсінбеген азамат 
Өз ұлтының қасиетін сезбейді. 

Қате болар туған тілін білмесе. 
Тілін сатып өзге тілге бой берсе, 
Тілін сатып деп айтпасам не дейін? 
Туған тілін білгісі де келмесе! 

Үйрен тілді баста бәрін жаңадан. 
Отан тілі әркімге ыстық бір арман, 
Ана тілім Қазақ тілін құрметтеу 
Бізге аманат қалған мирас бабадан. 

Бар тілегім қазақ тілі гүлдеуі 
Өзге тілмен араласып жүрмеуі. 
Бұл тілімнің кемшілігі кәзіргі. 
Кей қазағым тілін мүлдем білмеуі! 

5. 4-оқушы: 
Әлеуметтік –тұрмыстық қарым –қатынас тілі және әдеби тіл 
Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады. 
Қазақ тілі тарихында орын алған түрлі қиындықтар мен дағдарыстардың объективті себептері бар. Біріншіден, қазақ халқы үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының қыспағында болып, ұлт ретінде жойылып кетудің бірнеше сатыларын бастан кешірді. Екіншіден, Жоңғар шапқыншылығының халқымызға тигізген зардаптары да орасан зор болды. Үшіншіден, Кеңес өкіметі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұсақ ұлттардың тілдеріне қысым жасап келгені белгілі. 
1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған. 

6. Тіл туралы мақал –мәтел, қанатты сөздерді айтайық 

Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер. 

Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық. 

Өнер алды – қызыл тіл 

Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. 

Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. 

Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. 

Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. 

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? 

Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. 

«Тіл –құдірет». 

«Тіл - тәуелсіздік тұғыры». 

Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең. 

Әр халықтың өзінің ана тілі бар. 
Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. 

Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. 

Тіл – еліміздің іргетасы 
Ұлттың қуаты тілінде 

Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. 
Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем». 

«Тіл – асыл ойдың бұлағы». 

Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. 

Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана. 

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды. 

«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты. 

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет