Бала-біздің болашағымыз! Балаңызбен қалай қарым-қатынас жасау керек?



Дата26.09.2023
өлшемі36,41 Kb.
#182505
Байланысты:
жадынама
рейтинг 2, Жақсы тұлға тәрбиелеу, 123

Құрметті ата-ана!
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы шешуші рөл атқарады.
Сіз ата анасыз. Сіз өз балаңызды сүйесіз және оған бақыт пен тілейсіз. Сіз балаңызды зиян келтіретін нәрсенің бәрінен қорғауға әзірсіз. Олай болса, балаңызды зиянды әдеттерден сақтандырып, өзгенің ақысын жемеуге, әрдайым әділ, адал болуға үйретіңіз.
Бала-біздің болашағымыз!

Балаңызбен қалай қарым-қатынас жасау керек?

  • Баланы қабылдау ­– оны жақсы көру деген сөз. Баланы әдемілігі, қабілеттілігі, үздік оқығаны үшін, әрқашан көмектесетіні үшін жақсы көрмей, оның бар болғаны үшін жақсы көрген жөн.

  • Балаңызға өз сезіміңізді айтқанда бірінші жақтан айтыңыз. Яғни ол және оның мінез-құлқы жайлы емес, өзіңіз, өз сезінулеріңізді жайында айтыңыз.

  • Балаңызға талап қою мен тыйым салуды айтқанда бұйрық жасап емес, достық-түсіндірмелі тонда хабарлаңыз.

  • Баланы жазалағанда жамандық қылмай, оны жақсыдан шектеген жақсырақ.

  • Балаңызды күніне төрттен артық, тіпті сегіз реттен құшақтаңыз.

Ата-аналарға кеңес:



  • Балаңызға әділ болыңыз, оған толық сенетініңізді сезінсін. Сенімсіздік кері әсер етіп, негіссіз кінә таққан жайтқа апарып ұрындыруы мүмкін.

  • Отбасында өсіп келе жатқан балаңызға сүйіспеншілік, қауіпсіздік және қолдау атмосферасын құруды жалғастырыңыз. Сізбен және балаңызбен басқалар қандай қарым-қатынас орнатқанын қаласаңыз, сіз де дәл солай қарым-қатынасты балаңызға орнатыңыз.

  • Есейіп келе жатқан балаңызды құрметтеңіз, сынамаңыз, оны құрдастарымен және басқа адамдармен салыстырмаңыз.

  • Қамқор болыңыз, балаңыздың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударыңыз.

  • Есіңізде болсын, бала ата-ананың үлгісін қайталайды. Онымен қарым-қатынаста дөрекілік танытсаңыз, келекелесеңіз немесе қол жұмсасаңыз, баланың дәл солай істейтініне таң қалмаңыз.

БАЛАЛАР ӨМІР СҮРУДІ ӨМІРДЕН ҮЙРЕНЕДІ

  • Егер баланы үнемі сынға алса, ол жек көруді үйренеді.

  • Егер бала араздық ортасында өмір сүрсе, ол агрессияға үйренеді.

  • Егер де баланы мұқатса, ол тұйық болады.

  • Егер де бала жазғыру жағдайында өссе, кінә сезімімен өмір сүруге үйренеді.

  • Егер де бала шыдамдылық ортасында өссе, ол басқаларды қабылдауға үйренеді. Егер баланы жиі көтермелесе, ол өзіне сенуге үйренеді.

  • Егер де баланы жиі мақтаса, ол қайырымды болуға үйренеді.

  • Егер бала адалдықта өмір сүрсе, әділ болуға үйренеді.

  • Егер бала әлемге деген сенімде өмір сүрсе, ол адамдарға сенуге үйренеді.

  • Егер бала қабылдау ортасында өмір сүрсе, ол әлемде махаббаты табады.

Осы ережелерді сақтай отырып, Сіз балаңыздың санасына, өзіне өзінің сенімділігін және өзін-өзі құрметтеу сезімін біртіндеп сіңіре аласыз.

Жақсы тұлға тәрбиелеу




Ата-аналарға арналған жадынама


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет