Бала және үлкейген кезіндегі ауырған аурулары, олардың ағымы


Стандарт « Ұрықтың болжамалы салмағын анықтаңыз»



бет8/19
Дата30.05.2022
өлшемі87,97 Kb.
#145467
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
Стандарттар акушерия каз (1)
Акушерство Гинекология каз, ВСЕ Сестринское дело НОК, Сесринское дело (массажист для инвалидов по зрению) (алгоритмы), transfer-receipt-13 8026729696, Сестринское дело (алгоримты каз), рецепты СД каз , ТЕСТ Экзамен сестринское дело (1) (1)
3.1.14 Стандарт « Ұрықтың болжамалы салмағын анықтаңыз»
Құрал-жабдықтар: жамбас өлшегіш, сантиметрлік лента, кушетка, таразы, бой өлшегіш.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Жүкті әйелдің жатыр ұзындығын, іш айналымын, бойын, салмағын анықтаңыз.
2. Джонсон әдісі арқылы анықтаңыз. Джонсон формулсы бойынша баланың салмағы (жатыр ұзындығы-11) Х155,
90кг салмғындағы әйелдің шартты коэффициенті 11-ге тең.
90кг жоғары болғанда 12-ге тең 155кг арнайы индекс беріледі.
3.Іштегі нәрестенің болжамалы салмағын Лонковиц әдісі бойынша анықтаңыз. Лонковица формуласы бойынша баланың салмағы = (жатыр ұзындығы+іш айналымы(см)+дене салмағы(кг)+ әйелдің бойы (см)) X10.
4. Іштегі нәрестенің болжамалы салмағын Жорданиа әдісі бойынша анықтаңыз. Жардониа формуласы бойынша ұрықтың салмағы жатыр ұзындығы мен іш айналымының көбейтіндісіне тең.
5. Алынған нәтижелерді медициналық құжатқа жазып қойыңыз.


3.1.15 Стандарт “Шүйдемен алға қарап жатудағы босану биомеханизмі”
Бірінші сәт: бастың бүгілуі. Бас төбе жігімен жамбастық кіре беріс жазықтығының бір қиғаш өлшеміне қондырыла отырып, иіледі.Кіші еңбек жетекші нүкте болып табылады. Осы себепті бас жамбастан өзінің ең кіші өлшемімен (кіші қиғаш өлшем - 9,5см, айналымы-32 см)өтеді.
Екінші сәт: бастың іште бұрылуы. Бас жамбасқа түсе отырып шүйдесімен алға қарап іште бұрылыс жасайды.
Үшінші сәт : бастың шалқаюы. Шүйде ойығы қасағаның төменгі жиегіне келіп, бекіту нүктесі пайда болады, осының бойында басы шалқайып, бірінші шүйде, сосын самай, маңдай және беті туылады.
Төртінші сәт: басының сыртта және иықтарының іште бұрылыс жасауы. Иықтары басы секілді жамбасқа қиғаш өлшемімен түседі. Жамбас астауында іште бұрылыс жасап, жамбастың шыға берісінде тік өлшеміне қондырылады. Осы уақытта бас сыртта бұрылыс жасайды, бетімен анасының санына қарап орналасады. Алдыңғы иықтың 1/3 бөлігі қасаға буынының астына келіп бекіту нүктесін құрайды. Бекіту нүктесінің бойында тұлғасы иіледі. Ең алдымен артқы қолы туылады. Содан кейін тұлғасы, алдыңғы қолы, аяғы толық туылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет