Бала және үлкейген кезіндегі ауырған аурулары, олардың ағымы


Стандарт “Шүйдесімен артқа қарап босанудағы биомеханизмі



бет9/19
Дата30.05.2022
өлшемі87,97 Kb.
#145467
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
Стандарттар акушерия каз (1)
Акушерство Гинекология каз, ВСЕ Сестринское дело НОК, Сесринское дело (массажист для инвалидов по зрению) (алгоритмы), transfer-receipt-13 8026729696, Сестринское дело (алгоримты каз), рецепты СД каз , ТЕСТ Экзамен сестринское дело (1) (1)
3.1.16.Стандарт “Шүйдесімен артқа қарап босанудағы биомеханизмі
Бірінші сәт: бастың иілуі. Бас төбе жігімен жамбастың кіре беріс жазықтығының бір қиғаш өлшеміне түсіп,иіледі. Жетекші нүкте кіші еңбек болып табылады. Бас жамбастан орта қиғаш өлшемінен өтеді (10см, айналымы-33см)
Екінші сәт: бастың іште бұрылуы. Бас жамбасқа түсе отырып шүйдесімен артқа қарап іште бұрылыс жасайды.
Үшінші сәт:екі топтан тұрады:бастың қосымша иілуімен және оның шалқаюымен. Бастың шаш өскен бөлігі шат сүйегінің төменгі бөлігіне келіп бірінші бекіту нүктесін құрайды, соның бойында бас қосымша иіледі. Осы уақытта сегізкөз бен құйымшақ байланысқан буынға шүйде ойығы келіп, екінші бекіту нүктесі түзіледі,осынын бойында бас шалқайып түгел туылады. Ары қарай босану шүйдесімен алға қарап туғандағыдай өтеді.
Төртінші сәт: бастың сыртта, иықтың іште бұрылуы. Иықтары бас секілді жамбасқа қиғаш өлшемімен түседі. Жамбас астауында ішкі бұрылысын аяқтап жамбастан шыға берісте тік өлшемімен орнығады. Осы уақытта бас бетімен анасының санына қарап сыртқы бұрылысын аяқтайды. Шат сүйегінің астына алдыңғы иықтың 1/3-і келіп тіреліп бекіту нүктесі пайда болады, соның бойында баланың тұлғасы иіледі. Бірінші астыңғы қолы туылады. Сосын тұлғасы шалқайып алдыңғы қолы, денесі, аяғы түгел туылады.


3.1.17. Стандарт. «Бастың төбемен орналасуындағы босану биомеханизмі»
Бас сагиталды жігімен жамбасқа кіре берісте көлденең немесе сирек қиғаш өлшеміне орнығады. Үлкен және кіші еңбектері бір деңгейде тұрады.
І сәт - бас сәл шалқаяды, үлкен еңбек төменге түсіп жетекші нүкте болып табылады.
ІІ сәт- бастың іште бұрылуы. Жамбас қуысында бас шүйдесімен артқа қарап бұрылады, сагиталды жігі тік өлшеміне сәйкес келеді.
ІІІ сәт -бастың жарып шығу а) бастың иілуінен; б) жарып шыққан бастың шалқаюынан тұрады. Жыныс ернеуінен алғашында төбе үлкен еңбегімен, сосын маңдай көрінеді. Кеңсірік аумағы шаттың төменгі жиегіне тіреліп, бірінші бекіту нүктесін құрайды. Осы нүктенің бойында бас иіліп, шүйдесі шүйде ойығына дейін жарып шығады. Шүйде ойығы сегізкөзбен құйымшақ байланысқан жерге тіреліп, екінші бекіту нүктесін құрайды, соның бойында бас шалқайып, шаттың астынан беті туылады.
IVсәт- бастың сыртта және иықтарының іште бұрылыс жасауы. Бұл жағдайда бас жамбастан тік өлшемімен өтеді. (12см – 34см).
Босану ісігі үлкен еңбектің аумағында орналасады, бастың конфигурациясы брахицефалды болады (мұнара секілді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет