Балақаев, М. Томанов, Е. Жанпейісов, Б. Манасбаев


§ 52. Эксирессивтікті білдірудің синтаксистік тәсілдері



бет15/17
Дата19.05.2017
өлшемі3,58 Mb.
#16455
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
§ 52. Эксирессивтікті білдірудің синтаксистік тәсілдері

Ойды жай хабар ретінде де, кісіге әсер ететіндей мәнерлі түрде де айтуға болады. Мысалы, Енді оны көрмеймін дсгенді күшейтіп: Ендігәрі оны көрсем, көзім шықсын! деуге болады. Немесе: Оның қылмысын. жасырмаймын деген ойды күшейтіп: Оның қылмысын жасыра алмаймын деуге болады.

Осындай, ойдын, күшейтіліп, мәнерлі түрде айтылуын с ө й л е м- н і ң э к с п р е с с и в т і л і г і дейміз.

Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері әр түрлі бо-лады, олардың бастылары мыналар:

1. Сөйлеу тілінде және жазғанды оқығанда, дауыс ырғағын құ-былту арқылы сөйлемге экспрессивтік мағына енгізуге болады,

159

мысалы: “Абай жолы” романында кітапханаға кірген Абайды түйе-ге теңеп бір чиновниктің мысқылдап күлгенін естіп Абай:

Чиновник мырза, түйе кірсе несі бар, мұнда ол түгіл есек те отырыпты ғой!— дейді. Бұл сөйлемдеп есек те отырыпты ғой! сөз-дерін күмілжіп ақырын айтсақ, Абай мысқылының мәні онша ай-қын болмай шығар еді, ал сол сөздерді сөйлемдегі басқа сөздерден гөрі көтеріңкі, ойнақы дауыспен айтсақ, онда сөйлемнщ экспрес-сивті мағынасы тайға таңба басқандай болады.

Сол сияқты, Білмеймін дейсің бе, әй' Көріңде өкіргір! Ақ дегені алғыс, қара дегені — қарғыс сөйлемдерін өршелене көтеріңкі, мәнерлі дауыспен айтса, олардың экспрессивті бояуы айқын сөй-лемдер болып ұғынылады.

2. Бір ойды білдіретін болымды сөйлемнің орнына болымсыз сөйлемді жұмсау арқылы оған экспрессивті мағына қосуға болады. Мысалға мына сөйлемдерді салыстырыңыздар: Мен шындықты айтамын — Мен шындықты айтпай тұра алмаймын.

Мен университетті бітіремін — Мен университетті бітірмей қой-маймын. Әрбір жұмысшы күнделікті жоспарын орындайды Әр-бір жұмысшы күнделікті жоспарын орьмдамаса, көңілі көншімейді.

3. Баяндауыштың I жақтық жіктік жалғауын -мен, -бен, -пен түрінде жұмсау арқылы сөйлемнің мағынасын экспрессивті етуге болады. Ондай болымсыз сөйлемдер қайсарлықпен үзілді-кесілді айтылған ойды білдіреді, мысалы:

Алдыңа келіп тұрмын деп,

Ар-намысымды қашырман!

Бұлтқа жетпей шарт сынбан, •

Айта келген сөзім бар,

Не қылсаң да жасырман! (Махамбет).

Өлеңім — оқ, ол алдымда

Мен де жаудан шегінбен! (Жамбыл).

Тәуекелге келгенде, алдымда тау түрса да, тайынбан! (Ғ. Мұс-тафин).

4. Сөйлемнің баяндауышын, кейде сөйлемнің түрін мәндес басқа сөздермен не басқа сөйлем түрімен ауыстырып айту арқылы да оған экспрессивті мағына үстеуге болады. Мына сөйлемдерді са-лыстырыңыздар:

Мен бармаймын — Мен бармасам болмайды. Мен мұныңа көн-беймін Мен мұныңа көне алмаймын. Техниканың тетігін білген жақсы Техниканың тетігін. білгенге не жетсін!

Мұндай экспрессивті мәні бар сөйлемдерге әдебиеттен мысалдар келтірейік-

Жақып сөйлей жөнелді (Ғ. Мұстафин). Мұны — Жақып сөйледі дегенмен салыстырыңыздар. Жарқыраған май күні тамылжып тұр (М. Әуезов). Оны — Жарқыраған май күні ыстық дегенмен салыстырыңыздар. Жақсылық күлімдей түсті (¥. Сланов).— Жақ-сылық күлді дегенмен салыстырыңыздар. Күн көптен бері жылын-бай қойды (М. Әуезов). Күн көптен бері жылынбады дегенмен са-лыстырыңыздар.

160

5. Сөйлемнің етістік баяндауышын қайталап екі рет айту да немесе есім, етістік баяндауыштардың алды-артына олардың ма-ғыналарын күшейтетін сөз қою да экспрессивтікті білдірудің син-таксистік амалы болады. Мысалы:

Жапан далада жан-жағына алақтап жалғыз әйел жортып барады, жортып барады. Кең далада жалғыз адам жүзіп келеді, жүзіп келеді. Өзгеше бір күй кең даланы күңірене шайқай береді, шайқай береді (Ғ. Мұстафин). Зытып келем, зытып келем

(Ғ. Мусірепов). Кейінгі кезде сирек, жоғалып бара жатқаи қазак, қолөнерінің ең жақсы үлгілері осы үйде қалыпты. Қай заманда жасалды екен? Сонау адалбақаннық төрдегі кебеже, жүкаяқтың бет-теріне ойып салған өрнектер, қондырған сүйектер сонша нәзік, сон-ша әдемі, қолдан жасады дегенге нану қиын (Ғ. Мұстафин).

Япырмай, мына жерге ауыл орнап, дүкен құрылғаны жақсы болды-ау! (С. Мұқанов).

Жоғарыда айтылғандардан, келтірілген мысалдардан экспрес-сивтікті білдірудің синтаіксистік тәсілдері қалай болатынын бай-қауға болар. Экспрессивтіктің басқа да толып жатқан синтаксистік тәсілдері бар. Олардың бірқатары бұдан былайғы талдауларымызда айтылады.

§ 53. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер



Кісінің басқаға айтатын ойы әр уақытта мақсатты болады: кейде бір істің, бірдеңенің жайын хабарлауды мақсат етсек, кейде басқадан бірдеңені сұрап білуді мақсат етеміз. Немесе біреуге бірдеңе істетуді көздесек, кейде айтылған ойға айтушының көңіл күйін білдіруді көздеп сөйлейміз. Сол мақсаттарға лайық сөйлемдер түрі, құрылысы, негізінде, төрт түрлі болатыны белгілі: хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті.

Сөйлемнің, осы түрлері жұмсалуы мен мағыналық жақындығы не алшақтығы жағынан ерекше стильдік қызмет атқарады.

Хабадлы сөйлем — адамның ойын, көрген-білгенін басқаға ай-тудың формсы. Хабарлы сөйлем арқылы шындық өмірдегі әр түрлі кұбылыстардың жайын бар (болған) не болмаған қалпында баяндаймыз. Хабарлы сөйлемдердің мазмұны әр алуан болатынын ескеріп, алдымен олардьщ б о л ы м д ы және б о л ы м с ы з түрлерін стилистика талғамдары тұрғысынан екі бөліп қараймыз.

Б о л ы м д ы сөйлем арқылы өмір құбылыстары шындық бай-ланыс күйінде, бар қалпында, оған сөйлеушінің субъективті көзқа-расы қоса баяндалады. Мысалы: Күн қызыл арай шатырынап жаңа ғана шыққан (Ғ. Мұстафин). Ораз терезеден басын сұғып тұр екен (3. Шашкин). Бұл сөйлемдердегі хабарға айтушының көзі жетіп баяндағаны аңғарылады. Баяғыда бір хан болған екен. Оның екі ұлы болыпты деген хабарлар айтушының өзі көрмеген, жақсы білмеген, бірақ есіткен оқиға түрінде баяндалған.

Осындай сөйлемде айтылған ойға айтушының субъективті көз-қарасын да біідіруін сөйлемнің модальдігі дейміз.

161

.Болымды сөйлемнің модальді мағынасы көбінесе баяндауштар құрамында түрлендіру арқылы құбылып отырады. Мысалы.;

1.Жолаушылар таң ата жүріп кетті.

2.Жолаушылар таң ата жүріп кетіпті.

3. Жолаушылар таң ата жүріп кететін шығар.

Бірінші сөйлемде іс сөйлеушінің көз алдында болса, екінші сөйлем олай емес,(жүріп кететін шығар) хабарланған істің жүр-етініне сөйлеушінің көзі жетпей, болжап айтқаны аңғарылады.

Қазақ тілінің болымды сөйлемді осылардай күмәнды, болжалды

етіп айтудың бірнеше тәсілдері бар;

күманды болжалды

1,Жолаушылар жүріп кетіпті 1Жолаушылар журіп кеткен

шығар

2,Жолаушылар жүріп кеткен 2Жолаушылар жүріп кеткен

көрінеді. болар. .

3,Жолаушылар жүріп кеткен 3. Жолаушылар жүріп кеткен . керек. білем.

4. Жолаушылар жүріп кеткен 4. Жолаушылар жүріп кеткен

сияқты болса керек.

5.Жолаушылар жүріп кеткен- 5. Жолаушылар жүріп кеткен

ге ұқсайды. ғойдеймін ..

. Бір модальділік мағынаның осыншама көп синонимдерінің болуы қазақ тілі сөйлемдерінің стильдік мүмкіншілігінің молдығын, стиль-дік бояуларының әр алуан екенін көрсетеді.Бұлар таңдап, талғап өз орнында жүмсай білу керек.

Күмәнды білдіретін хабарлы сөйлемдер қатарына енбей тұр-түрі бар. Ол — мыс шылауы арқылы жасалады. Мұны бөліп шығарған себебіміз оның ерекше экспрессивтік те мағынасы бар.— Мыс шылауы арқылы жасалатын күмәнды сөйлем айтушының айғақ пікіріне басқа біреудің жөнсіз күмәнданғандығын білдіреді, мысалы: Қарымсақтың көзінен бүршіктеген жас шығыпты-мыс (Б. Майлин). Аш-жалаңаш болмайсың, өзің би, өзің төре боласың,— деп Абдол оны қызықтырыпты-мыс (Б. Майлин).

Болымды сөйлемді болымсыз тұлғалы сөйлемдермен алмастыру да кездеседі. Ондайда хабарланатын ойдың ерекше экспрессивті мәні болады. Мысалы: Мен ол үйге барамын Мен ол үйге бармай тұра алмаймын. Мен ол үйге бармасам болмайды. Жаз жайлауға көшу керек Жаз жайлауға көшпейінше болмайды, Жаз жайлауға көшпей тұра алмайсың.

Б о л ы м с ььз. сөйлем ұғым арасында байланыстың жоқтығын көрсетеді. Қазақ тілінде болымсыз сөйлем жасаудың бірнеше амалы болатындықтан, оларды талғап жұмсай алудың стильдік мәні бар. Мысалы: Ол бүгін келмеді — Ол бүгін келген жоқ. Таудың қары элі ерімеді — Таудың қары, әлі еріген жоқ. Аспан ашылмас —• Аспан ашылатын емес—Аспанның ашылатын түрі жоқ. Бұлар_өз_ ара _мәндес болғанмен, стильдік қызметтері бірдей емес: Ол кел-

162

меді — жай хабар. Осындағы келмеді сөзінің болымсыздық мағы-насын күшейту үшін, оны келген жоқ деп айтамыз. Сондай-ақ Аспан ашылмас — әшейін болымсыздық болжал ғана, ал оның ор-нына — Аспан ашылатын емес, Аспанның ашылатын түрі жоқ де-сек, болымсыздық хабарда айтьшған ой күшейтіліп жұмсалған болады. -

Төмендегі сөйлемдердің де сондай мағыналық айырмашылығы бар. Оларды салыстырып, қайсысының болымсыздық мағынасы босаң не қатал екенін айырыңыз:

Содан бері ол біздің үйге кірген жоқ еді (Ғ. Сланов). Содан бері ол біздің үйге кірген емес. Жоқ, әкем өртенгенмен, мен өртенбеспін (С. Мұқанов). Жоқ, әкем өртенгенмен, мен өртене қоймаспын. ... Мені ол топырақтан жұла алмас! Туған жеріме деген мөлдір махаббатымды енді ешкім де сөндіре алмас! (С. Мұқанов). Мені ол топырақтан жұлып тастай алмайды! Туған жеріме деген мөл-макаббатымды енді ешкім де сөндіре алмак, емес!

Болымсыз тұлғалы сөйлемдерді болымды етіп айтудың стильдік қызметі ерекше. Бүгін барамын. Бүгін бармасам болмайды. Мен енді айтамын. Мен енді айтпай тұра алмаймын. Ол қайда болса, сонда жүре береді — Оның жүрмейтін жері жоқ. Бұл мысалдардың екінші түрлерінің әрқайсысы екі-екіден болымсыздық тұлғада жұмсалған. Математикада минус пен минус плюс болатынындай, болымсыз бен болымсыз тұлға жарыса айтылып, болымды мағына пайда болады. Болымды сөйлемді осылай болымсыз тұлғалардан құрастырудың стильдік қызметі ерекше. Солар арқылы айтылған болымды хабар әдетте өткір тілділіктің, эмоциялы сезімнің нысанасы болып ұғынылады.

Сол сияқты кейбір сұраулы сөйлемді де хабарлы етіп айтуға болады:

Бұл не ғып жүр? Әлде күзеуінің оты тозды ма екен?

Е, тәйір, күзектің шөбі бітуші ме еді? Тұнып тұр. Құлқын сәріден қыстауға барып, қыстыгүні несін жейді? (М. Әуезов).

Біздің ауылға барасық ғой, қызым?

Бармағанда қайтем? (Ғ. Сланов).

Осындай сұраққа сұрақ түрінде берілген жауаптың мағыналары жай хабар болып қалмайды, кісінің ішкі сезімін, лажының жоқ-тығын, өтінішін т. б. модальді мағынаны қоса хабарлайды. Кейбір сұраулы сөйлемдер кісінің күмәнің_таңдануын кейіген сенімсіз- дігін қоса білдідеді де, бірқатары болымсыз сөйлемнің орнына жұмсалады.

Дәмеш өз жүрегінің соғуын өзі түсіне ме екен?— Түсінбейді.

Бір қалған көңіл жіби ме? (3. Шашкин)—Жібімейді.

Арық адамның көзі өткір болады екен-ау?! Мені білмейді деймісің?! (Ғ. Мүсірепов).— Білемін.

Кейде хабарлауға тиісті ой тікелей сұраулы сөйлем түрінде баяндалады. Оны р и т о р и к а л ы қ (шешердік) сұрақ дейміз:

Күнде жақсы бола ма,

Бір қылығы жаққанға?

163

Оқалы тон тола ма,

Ар-ұятын сатқанға? (Абай).

Жылағанда көзіме

Қанды жасым тола ма?

Тауға біткен бәйшешек

Кураса, бір күн сола ма? (“Алпамыс”).

Сұраққа жауап алу мақсатымен емес, кісінің сезімін қоса ха-барлау үшін жұмсалатын сұраулы сөйлемдерді жұмсай білу керек. Олар — кісінің ойын мәнерлі түрде әсерлі етіп айтудың өте ұтымды амалы. Мысалы: Сіз де келеді екенсіз-ау? деген сұраулық интонациямен айтылады. Оны айтқан кісі басқадан жауап күтпейді, тек біреудің келгеніне әрі қуанышын, әрі таңданғанын білдіреді. Өз балаңа сенбегенде, енді кімге сенесің? деген де жауап күтпейтін сұраулы сөйлем, мұны есіткен (не оқыған) адам сөйлеуші балаға сену керек деген ойды күшейтіп, ,бір түрлі кейіспен айтқанын аңғартады.

Көркем әдебиетте жиі ұшырайтын шешендік күрделі орамдар үстемеленген сұраулы сөйлемдер түрінде де жұмсалады. Ол сұрау-лы сөйлем тізбектері басқа бір елеулі іс-әрекеттің, болмыстың се-бептері орайында жұмсалады. Мысалы, “Абай” романының бірінші кітабында жас Абайдың ақын-жыраулардан есіткен-білгеннен алған әсерін М. Әуезов былай суреттейді:

Тілі ұғымды, өмірі таныс болғаннан ба, немесе Барлас пен Байкөкшенің кезектеп айтқан жырларының кейде шырқаған, кейде қалқып баяулаған, кейде лекітіп соқтырып, ескектете желген әнінен бе, бебеу қаққан қоңыр, майда, баяу домбырадан ба, қалайда болса Абай бұл күнге шейін өмірде дәл осы Барлас, Байкөкше баян еткен дастан, жырларға барабар ешнэрсе есітпеген сияқты болды,

Б ұ й р ы қ т ы сөйлемдердің де мазмұны біркелкі бола бермей-ді. Олардың әр түрлі болу себебі бұйрық қалай, қандай жағдайда, қандай мақсатпен айтылғанымен байланысты. Сонысына қарап бұйрықты сөйлемдердің интонациясы, баяндауыштарының құрамы, сөйлемде орналасу тәртібі әр түрлі болады. Мысалы: 1. Шыныңды айт! 2. Шыныңды айтшы. 3. Шыныңды айта ғой! 4. Шыныңды ай-туың ғой. 5. Шыныңды айтсаң болмас па еді. Бұл сөйлемдердің мағыналары біріне-бірі жақын, негізгі баяндауыш қызметіндегі сөзі (айт) бәріне ортақ болғанмен, олардың мазмұны бірдей емес бірінші сөйлем — қатал бұйрықты, екінші — тілекті, үшінші — жалын-ышты төртінш өкіншті білдірсе, бесінші сөйлем оның үстіне наразылықты білдіреді.Ол сөйлемдердің осындай эмоциялық мағыналары баяндауыштардың құрамын түрлендіруден болып тұр. Көзіме көрінбей жоғал! дегенді Жоғал көзіме көрінбей! деуге болады. Екеуі де — бұйрықты сөйлем. Бірак екеуінің мазмұны бірдей емес: бірінші сөйлем жай кейіспен айтылған ойды білдірсе, екіншісі қатты ашумен кіжіне айтылған қатал бұйрықты аңғартады. Сонысына лайық ол екі сөйлем екі түрлі әуенмен айты-

164

луға тиіс. Қөзіме көрінбей жоғал! — бәсең дауыспен, Жоғал көзіме көрінбей! — қатал, көтеріңкі дауыспен айтылады.

Бұйрықты сөйлемдер сөйлеу тілі стиліне тән, олар диалог тү-рінде ықшам, кейде қаратпа сөзді болады.

Осындай ерекшеліктеріне қарай, бұйрықты сөйлемдер бірнеше мағыналық топқа бөлінеді:

1 . Қ а т а л бұйрықты: — Өшір үніңді! (Ә. Сәрсенбаев). Жоғал көзіме көрінбей! (С. Ерубаев). — Қөрсетпе көз жасыңды! (М. Әу-езов).

2. С о л ғ ы н бұйрық: — Қарындасым, ондай өтірікті айтушы болма! (Ә. Әбішев). — Кәне, жігіттер, аттарыңды қамаңдар!

(С. Мұқанов).

3. Т і л е к, ө т і н і ш м ә н д і бұйрық: — Балам, жөніңді айтшы! (М. Әуезов) . — Қелші, қалқам, менің қасыма отыршы! Бір ауыз ғана сөз айтайын, қатар отырып тыңдаңыздаршы! (Ә. Әбішев).

4. С е с к ө р с е т у, қ о р қ ы т у м ә н д і бұйрық: — Кэне, тіл алмай көрші. — Кәне, осы баланың бәйгесін бермей көрші!

(Ғ. Сланов). —., Менсіз сол үйге барып көрші!

5.Ө с и е т, ү н д е у м ә н д і бұйрық: — Темірді қызған кезде соқ. Жаманнан без, жақсыдан үлгі ал. Жолдастар, егіннен мол өнім алатын болыңдар!

Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым!

Сым пернені басып қара,

Басып қара, жырласын!

(С. Сейфуллин.)

Осылардың бәрі — бұйрықты сөйлемдердің түрлі стильдік қыз-метте жұмсалуының мысалдары. Олардың сондай айырмашылық-тарын дұрыс танып, әр түрін өз орнында пайдалана білу керек.

-Л е п т і сөйлемдер кісінің таңырқау, таңдану, қайғыру, аяу, арман ету сияқты көңіл күйін, сезімін білдіру үшін көбінесе көркем әдебиетте жұмсалады. Лепті сөйлемдер құрамында әдетте одағайлар болады және олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемдер-дің негізгі мағыналық топтары мыналар:

1. Т а ң ы р қ а у:

-- Қандай тамаша! Қандай ақылды адам! Тіпті, ғажап қарқын!

(Ғ. Мұстафин). Айналаңа қарашы! Дүние қандай сәнді! (Ғ. Сланов) . Жеріміз біздің неткен бай!.. (X. Ерғалиев).

2. Т а ң д а н у:

Пай-пай, мына аттың жүрісін-ай!

Ой, қандай сүйкімді үн!

Мынау не деген тамаша көріністер! (С. Шаймерденов) .

Апырай, желісінің қаттысын-ай! (Ғ. Мүсірепов).

3. Қ а й ғ ы р у, қ о р қ у:

Апыр-ай, аман болғай-ак, та! (Ғ. Мүсірепов).

Құлады-ау! Құлайды-ау? (Ғ. Мұстафин).

4. А я у, ж а н ы а ш у:

165

--Ой, байғұс бала-ай' Қарғадай баламды тағы шырылдатты-ау, қан ішер Майбасар! (М. Әуезов).— Апырай, аман болғай-ақ та

(Ғ. Мүсіреігов).— Әй, мынаны-ай! Кетеді-ау! (Т. Нұртазин).

5. Арман ету, көксеу:

Әттең, осылардың бэрі де біздің ауылда өсетін болса!

(С. Шаймерденов). Мына көгалға бауырыңды төсеп жатсаң!

Па, шіркін, мына атқа мінер ме еді!

6. Ө к і н у:

Қап, астықты кеше жинап алмаған екенбіз де! Әттеген-ай, кеше есте болмапты-ау!Қап, мен де барсамшы!— Жиналысты кеше шақыру керек еді ғой'

  • Қолыңыздан келмейтін болса, айтуыңыз керек еді ғой!

  • (М. Иманжанов).

— 7. Қорқу, сескену:

Ойбай-ай, ана бала құлайды-ау! (Т. Нұртазин).

Осы мысалдардан лепті сөйлемдердің мазмұны кісінің әр алуан сезімін, көңіл күйін білдіретінін аңғаруға болады. Стилистика ғы-лымы тұрғысынан сөйлемдердің мұндай эмоциялық мағыналарын түсініп жұмсай білудің үлкен мәні бар. Мүндайда сөйлемді лепті етуге себепкер болатын одағай сөздердің мағыналарын айырып, басқа сөздермен мағыналық байланыста жұмсай білу керек. Оның үстіне лепті сөйлемде айтылатын ойдың қандай эмоциялы сезімде берілгенін білген жөн.

§ 54. Сөйлем мүшелері



Ауылдың алдыңғы жағындағы ойпаңда Есіл өзені бар дегенді

С. Сейфуллин Ауылдың алдыңғы, жағында ойпаң тартып, көлденең Есіл өзені жатыр деп жазған. Бұл екеуі бір емес: алдыңғы сөйлем жай хабар болса, екінші сөйлем, оның үстіне, әсерлі көркем сурет. Бұл суреттің нақыштары көлденең, жатыр сөздерін қолдану арқылы салынған. Сөзім — шекер, тілім бал (Ғ. Мұстафин). Өлеңім балға, эн қашау (Жамбыл) деген төрт сөйлемнің әрқайсысы екі-екі зат есімнен құралған. Олар аз сөзді, қысқа-қысқа сөйлем болғанмен, мағыналары кең, әрі эсерлі. Солай болудың сыры — сөздерді бірін-біріне теңеп, белгілі мүшелік катынаста жұмсауда: сөзім, тілім, өлеңім, ән — бастауыштар да, олардан кейінгі зат есімдер шекер, бал, балға, қашау — баяндауыштар.

Сөйлемдегі сөздер саны аз болса да, көп болса да сөз тіркесінің өз ара мағыналық синтаксистік байланыста болу арқылы белгілі мүшелік катынаста жұмсалады. Жоғарғы “сөзім — шекер...” деген-дердің алдыңғылары бастауыш, соңғыларының баяндауыш болу себебі содан.

Олай болса, сөйлемді дұрыс кұрау үшін сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырып, тиісті мүшелік қарым-қатынаста жұмсай білу керек. Мысалы, Капитализм. техника жетістіктер әлеумет прогресс мүдделері үшін пайдалануға бөгет болып отыр сөйлемін қалай оқысақ та, бірдеңелер жетпей жатқан сияқты болады

166

да тұрады. Сол жетіспей жатқан бірдеңелер мыналар: жетістіктер сөзіне -ін жалғауы, әлеумет сөзіне -тік жұрнағы жалғанбаған. Со-ларды жалғап Капитализм техника жетістіктерін әлеуметтік про-гресс мүдделері үшін пайдалануға бөгет болып отыр десек, сөйлем түсінікті болады. Әлгідей бұл сөйлемдегі сөз бен сөзді байланыс-тыратын қосымшаны алып тастасақ, не ол сөйлемнің бір сөзін қал-дырып оқысақ, ондағы басқа сөздердің қиюы қашып, сөйлемнің мағынасы солғын тартып, қиыспайды. Өйткені әлгідей өзгеріс ен-гізу арқылы сөйлемдегі сөздердің мүшелік қатынасы бұзылып, ай-тайын деген ойымыз түсініксіз болып шығады.

Ондай стильдік қате жібермеу үшін, сөйлем құрағанда, сөздер-дің 'байланысын, мүшелік қатынасын анық, айқын етіп құру керек болады.

Сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелер, әсіресе баяндауыш, ойды дұрыс құрастыруға арқау болады. Бас мүшелер болмаса, басқа/мүшелердің болуы да мүмкін емес. Өйткені анықтауыш, то-лықтауыш, пысықтауыштар, алдымен сол екі бас мүшенің маңына топтанады, қала берді бірін-бірі анықтап, толықтырып, сөйлемнің құрамына ене алады. Рас, диалогты сөйлемде тұрлаусыз мүшелер не олардың бірі бір сөйлем орнына жүруі мүмкін. Мысалы:

Я, кім бар екен үйде?

Саша Мухин бар екен...

Е, ол не қылып отыр екен?

Настяға үйленетін түрі бар.

Настяға ма?

Я, Настяға. (Ғ. Мүсіреішв).

Осы мысалдағы Настяға ма, Настяга деген екі сөз екі сөйлемнің орнына жұмсалған. Олар — барыс жалғауындағы толықтауыштар, бастауыш, баяндауыштары алдыңғы сөйлемдерде айтылған. Солар Настяға ма?— Настяға дегендерге де ортақтасады.

/Әрбір сөйлем мүшесі ойды дәл, керегінде әсөрлі, экспрессивті түрде хабарлаудың басты шарты — сөйлем мүшелерінің қызметін бірден-бір дұрыс табылып қолданған сөздерге жүктей білуде. Со-нымен қатар ойды аз сөзбен сығымдап айту, көршілес сөйлемдерде бір сөзді қайталай бермеу талаптары қойылады. Ол үшш сөйлемде басы артық сөз қолданбау керек, бір сөзді қайталай бермей, бірде оның синонимін, бірде оның орнын басатын есімдікті пайдаланып, кейде бір сөзді екі-үш сөйлемге ортақ етіп айту керек болады. '

Бір сөйлем мүшесін мәндес не басқа сөздермен алмастыруға көркем әдебиет стилінің мүмкіндігі мол. Оны мына мысалдардан байқауға болады:

Сенің әкеңнен әкем кем болып көрген жоқ, атаңнан атам кем түскен жоқ. (X. Есенжанов). Біздің бөлім әр кезде соғыстың бір тынысы тар, қыспақ, жерінде жүреді. Қай жағынан қауіп-қатер қа-тар келе қалса, бізді сол мақнан табасыз (Ғ. Мүсірепов). Мұнда бір ой екінші сөйлемде басқа сөздермен қайта айтылған. Мына сөйлемдер де солай.

Екеуміз ғана бір көпірдің айналасына бір күннің ішінде төгіл-

167

ген қорғасын мен мысты бір айда эзірлеп бере алу үшін аса үлкен завод керек болар еді. Ал Дон арқылы салынған үлкен көпірдің айналасына шашылып жатқан снаряд пен бомбаларда есеп жо –

(Ғ. Мүсірепов).

Мұнда “төгілген” сөзін қайталамау үшін автор “шашылып жатқан” сөздерін пайдаланған.

Сөйлемнің бастауыш, толықтауыштарын қайталамай, олардың орнына есімдіктерді жұмсауға мысалдар:

Мен талай рет бақытпен кездестім. Ол менің қолымда болды. Мен онымен Нева проспектісінде серуендедім. Қарағанды қала-сында да қолтықтасып бірге жүрдім (Е. Ерубаев).

Мына үзіндіде бір мүше (жауымды) іргелесе, ұласа айтылған кейінгі сөйлемдерде қайталанбай өзінен-өзі түсінікті болып тұр:

Мені көтеріп алып жөнеле бергенде, өзімді атып қалған жауымды тағы бір көргім келіп, тағы бір қадалып қарадым. Тұмсығы енді қарға түгел көміліп барады екен. Мұрнынан аққан қара күрең қан ұсақ-ұсақ отау тігіп, алдындағы қарды едәуір шүбатып бояп тас-тапты. Атылған ит осылай өлетін еді деп, ішімнен бір жәбір теңеулер іздегендеймін... Шолақ, киімдері жоғары сырылып кеуіпті де, ашылып қалған жалаңаш арқасына айдама жел түйір-түйір қиыршық қарды тығып жатыр... (Ғ. Мүсірепов).

Сөйлемді_ықшамды етіп құрастыру үшін қолданылатын амал-дың бірі — сын есім, сан есім, есімшелерді бастауыш, толықтауыш, ілік жалғауында анықтауыш қызметінде жұмсау. Ондайда бұл есімдер әдетте йздері қатысты болатын заттардың орнына жұмсалып, әрі зат, әрі оның сапасын білдіреді. Мысалы, кілең сұ-лулар бірөңкей отыр десек, сұлулар — сұлу қыз-келіншектер де-гендей мағынаны білдіреді. Қорыққанға қос көрінер десек, қорық-қанға-қорыққан адамға деген екі сөздің орнына жұмсалады. Ал-тау ала болса, ауыздағы кетер дегенде, алтау сөзі бастауыш қызметінде — “алты адам” дегендей мағынаны білдіреді.

Осылардай сын, сан есімдер мен есімшелердің субстантивтеніп бастауыш, толықтауыш, анықтауыш қызметінде жұмсалуы — ма-қал мен мәтел синтаксисінің ерекшелігі, олар аз сөзбен көп мағына білдіруді, сөйлем құрылысы барынша ықшам болуды керек етеді. Халық данышпандығының елегінен өткен ол тұрақты тіркестердің көбі сондай сығымдалған сөздерден құралады.

Субстантивтенген бастауышы, толықтауышы, анықтауыштары бар мақал-мәтелді сөйлемдерге мысалдар:

Көп қорқытады, терең батырады. Сыпайы сырын жасырмайды. Ата көрген оқ, жонады, ана көрген тон пішеді. Білек сүріндіре ал-мағанды білім сүріндіреді, ^Қорқақты қуа берсең, батыр болар. Еріншектің ертеңі бітігес. Алдасқанның алды жөн, арты соқпақ.

Мұндай мысалдарды өлеңді сөйлемдерден де көп табуға болады:

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар баһра ала алмас (Абай).

168

Жылы менен ыстықтың бэрін көріп,

Қайран көңіл қайыспай қайрат етті (Абай).

Сөйлемнін, мазмұнына ерекше стильдік өң кіргізіп, түрлендіріп тұратын мүше — баяндауыш. Ғылыми және публицистикалық әде-биеттердеп әшейін хабар ретінде құралатын сөйлемдердін баян-дауыштары көркем әдебиетте экспрессивті мағынада көбірек жұм-салады:

Темекі ораған сайын сол қиық... көзіме түспей қоймайды. Әр-дайым туған жердің жеңіске қосып жатқан еңбек үлесін ескертіп тұрады. Көзіме түскен сайын мен де бірнеше жольм тағы бір оқымай қоя алмаймын. Кейісім болса тарап, оқысам жылынып сала беремін. Туған ел, өскен жердің осындай эрбір хабарын сағынышпен күтіп, қуанышпен қарсы алу эр солдаттың басында бар (Ғ. Мүсірепов).

Бірқатар сөйлем мүшелерін кейде жалғаулы, кейде жалғаусыз етіп жұмсауға болады. Солай етудің стильдік мәні зор. Мысалы, Аудандық партия комитетінің бірінші секретарының баяндамасы-ның жалғасы... дегендегі 7 сөздің үшеуі ілік жалғауында айтылған. Осындай, бір сөйлемде бірнеше сөздің қатарынан бір жалғауда айтылуы сөйлем стилін ауырлатады. Сондықтан оларды “үнем-деп”, бір жалғауды бірнеше сөзге ортақ етуге болады: Аудандық партия комитеті бірінші секретары баяндамасының жалғасы. Уни-верситеттің филология факультетінің деканының орынбасары Университеттің филология факультеті деканының орынбасары. Казақ ССР-інің Ғылым академиясының Тіл білімі институтының ғылыми кеңесінің қаулысы — Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты ғылыми кеңесінің қаулысы.

Ілік септеуіндегі.анықтаудың бір сөйлемде біреу болғанда да, оны жалғаулы не жалғаусыз етіп жұмсаудың стильдік, мағыналық ерекшеліктері болады. Мысалы, ауданның орталығы аудан ор-талығы, колхоздың малы колхоз малы, қойдың терісінен қой терісінен дегендер бірінің орынына бірі жұмсалады. Бірақ екеуінің. мағынасы бірдей емес. Жалғауды болғанда, сөз тіркесінің мағы-налық қарым-катынасы меншіктілік болады да, жалғаусыз айтыл- ғанда, сөз тіркесінін, ол мағынасы күңгірттеніп, ілік септігіндегі сөздер заттың заттық сыны есебінде жұмсалады. Соны түсініп орысша дұрыс аударамыз десек, колхоздың фермасы — ферма кол- хоза, колхоз фермасы — колхозная ферма дер едік. Сондай-ақ:

Абайдың мектебі — Абайдың өзінің мектебі, Абай мектебі — Абай атындағы мектеп, Лениннің кітапханасы — Лениннің өзінің кітапханасы. Ленин кітапханасы — Ленин атындағы кітапхана.

Изафеттік тіркестің мұндай мағыналық айырмашылығын жақсы түсінетін кісілер оларды талғап қолданады. Ал кейбір есімді тіркестер ілік жалғауынсыз айтылады, жалғау жалғауга болмайды, мысалы: қант қызылшасы, кен байлығы, мал шаруашылыры, Арал тңцізі, Абай көшесі.

Табыс септеуіндегі толыктауыштар да бірде жалғаулы, бірде жалғаусыз жұмсаладн. Онын, (ілік септеуінің. де жалғаулы, жал-

169

ғаусыз болу) себебін тюркологтардың көбі заттың белгілі, белгісіз болуынан деп түсіндіреді. Дұрысында оның себебі тура толықта-уыш болған сөз бен оны керек ететін сабақты етістіктің мағыналық байланысының берік, берік еместігінде, сол сөзге ой екпінінің түсу, түспеуінде болу керек. Мысалы, тілді етістігімен — қауын тілді, қарбыз тілді деп айту табиғи, ал Пароход теңіз тіліп келеді деу табиғи емес. Сондықтан пароход теңізді тіліп келеді деу керек. Жеді етістігімен — май жеді, нан жеді, ет жеді, құрт жеді ... деп, әйтеуір жеуге болатын заттарды жалғаусыз тіркестіре беруге болады. Сонда олар мағыналық байланысы берік сөздер тіркесі екендігі аңғарылады. Ал енді сөйлемде осылай етістікпен қатар тұрған тура толықтауышқа ой екпінін түсіріп айтқымыз келсе, не сол сөзді көтеріңкі дауыспен айтамыз, не табыс жалғауын жалғап айтамыз: нан жесең, аш болмайсың мына нанды жесең аш болмайсың. Ол маған қарай тас лақтырды — ол маган қарай бір тасты лақтырып кеп жіберді.

Мәндес сөздердің тиімділерін талғап анықтауыш, пысықтауыш қызметтерінде жұмсаудың да стильдік мәні зор.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет