«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» кмм шебер сынып Тақырыбы



Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#83487
Байланысты:
«Зерек» жобасы аясында ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалды дамуы



«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ


Шебер сынып


Тақырыбы: «Зерек» жобасы аясында ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалды дамуы
Жауапты: Тлеукулова К.А.
Бастауыш сынып мұғалімдері

2019 жыл
Шебер сынып



Өткізілетін уақыты




Тақырыбы:

«Зерек» жобасы аясында ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалды дамуы

Мақсаты:

Бастауыш сынып пәндерінде ойын түрлерін тиімді пайдалану жолдарын ұсыну;



Күтілетін нәтижесі:

Ұсынылған ұтымды әдіс-тәсілдер ұстаздарға өз тәжірибелерінде тиімді қолдануға ықпал жасайды.

Түйінді идеялары:

Оқушылардың танымдық белсенділігін, интеллектуалды ой ұшқырлығын арттыру арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.

Қолданылатын жабдықтар мен материалдар:

Стикер, А4 парақтары, маркер, флипчарт, портрет, интерактивті тақта, СТО суреттер.

Әдіс - тәсілдері:

Таныстырылым, қызығушылықты ояту, мағынаны тану, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс.



Шебер сынып барысы



Жұмыс кезеңдері:



Кезеңнің мазмұны



Ресурстар, көрнекіліктер, құралдар.

І. Кіріспе бөлім:
Топқа бөлу (жұмбақ шешу арқылы)
(2 минут)


ІІ. Ұйымдастыру кезеңі:
(2 минут)

(Бастауыш сынып пәндеріне байланысты сұрақтар беріледі, жауабына сәйкес топқа жайғасады.)
Құрметті әріптестер бүгін өз тәжірибемізде оқыту мен оқу процесінде оқушының өздігінен білім алу дағдысын жетілдіру, танымдық белсенділігін арттыру үшін ұтымды шыққан, тиімді әдіс-тәсілдермен бөліспекшіміз.
Осы сәтте біз сіздерді шебер сыныбымызда көргенімізге өте қуаныштымыз.
«Әнмен баста» тренингісі.
«Ұстазым» әні (1 шумақ, қайырмасы)
Ендеше, осындай жақсы көңіл-күймен шебер сыныбымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгін біз сіздердің барынша белсенді, шығармашыл болуларыңызды, өз ойларыңызбен шынайы бөлісулеріңізді сұраймыз!




ІІІ. «Ой қозғау» стратегиясы
(2 минут)


ІV. Теориялық бөлім:
(5 минут)



  • Зерек оқушы кім?

  • Зерек оқушыны тәрбиелеу мақсатында қандай әдіс – тәсілдерді қолданудасыздар? (ойларыңызды ортаға салсаңыздар)

  • Облыстық «Зерек» әлеуметтік жобасының мақсат міндеті, өту кезеңі, модульдерімен таныстыру;

  • Оқыту мен оқуда қолданылатын ең ұтымды шыққан, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану үрдісі бойынша қысқаша ақпарат беру, таныстыру.

Интерактивті тақта, презентация.

V. Негізгі бөлім: тәжірибелік кезең
(18 минут)

І кезең
1 – 2 топ «Антивирус» ойыны
Ойынның шарты - қызыл вирусты ойын алаңынан шығарып жіберу. Ойын алаңындағы фигураны 4 бағытқа қозғалтамыз. Орнынан көтеруге немесе бұруға болмайды. Ақ түсті тасты орнынан қозғалтуға болмайды.
Рефлексия. Ойынның мақсаты – шапшаңдыққа, жылдамдыққа, тез ойлауға және шешім қабылдауға, кеңістікті бағдарлауға баулиды.
3 - 4 топ «Кверкл» ойыны
Ойынның шарты – ең алдымен әр адамға 6 – 6 – дан фишкалар таратылып беріледі. Әр ойыншы өзіндегі фишкаларды түсіне қарай немесе пішініне қарай ортаға қойып отырады және орнына ортадан қанша фишка қойды, сонша фишка алады.
Рефлексия. Ойынның мақсаты – ұсақ саусақ моторикасын дамытады, логикалық және шығармашылық ойлауын арттырады, түстерді ажырату және түсті есте сақтау, танымдық белсенділігі дамиды.


ІІ кезең. «Кинезиологиялық жаттығулар»

  1. «Үй-кірпі-құлып»

  2. «Ақылды саусақтар»

Асан келісті, 
Алма жинап бөлісті. 
Арасында бір алма, 
Айтыс болды бұларға.
Асан берсе, алмасы 
Үштен бірі кем болар. 
Алмас берсе, алмасы 
Асанның да тең болар. 
Алма санап көріңдер, 
Екіге тең бөліңдер.



  1. «Шебер саусақтар»

  2. «Оң қол мен сол қол»

Бұл жаттығуларды қалай аталады?
Бұл жаттығудың пайдасы?
Презентация «Кинезиологиялық жаттығулар»


«Тыныс алу» жаттығулары
Мақсаты:тыныс алу жаттығулары баланың тілдік тыныс алуын дамытады. Жаттығулар дене бітімін дұрыс қалыптастыруға бағытталады.
«Допты үрлеу»
«Кернейші» - орындыққа отырып, қолды керней тартатындай күйде ұстап, ауызға жақындатады, демді ішке кең, баяу тартып, «Тру-ру-ру» деп дыбыстайды.
«Көкек» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды белге қояды, демді ішке біртіндеп тартады, «Ку-ку, Ку-ку» деп дыбыстап демді сыртқа шығара денені алға еңкейтеді.


ІІІ кезең. Жұппен жұмыс.
Келесі әдіс «Буриме» деп аталады.
Тапсырма: Буриме деп берілген ұйқастарға өлең жолдарын құрастыру.
... ... ... батырам,
... ... ... отырам.
... ... ... шақырам,
... ... ... атынан!
Әр жұп ұйқастарды пайдаланып, 1 шумақ өлең жазу керек.
Ал, негізі өлең М. Мақатаевтың «Жаз едім кеше, айналып күзге барам ба?» атты шумағынан алынған.
Күз болып тұрып, бақтарды ойға батырам,
Күз болып келіп, қасыңа сенің отырам...
Отырам дағы, жазыңды сенің шақырам,
Аймалап тұрып, сөйлеймін жаздың атынан!..
«Әнмен аяқта» тренингісі.
«Ұстазым» әні (2 шумақ, қайырмасы)

Интерақтивті тақтада ойынның өткізілу шарттары.


Флипчарт, маркер.




VI. Қорытынды:
Рефлексия
«1 минут» әдісі



Рефлексия парағы

  • ақпарат Сіз үшін қаншалықты жаңа болды: ____________________________________________________________________________________

  • нақты жұмыс үшін алған білім мен дағдылардың пайдалылығы:

____________________________________________________________________________________

  • шебер сынып қаншалықты қызықты болды: ____________________________________________________________________________________

  • практикаға енгізу үшін сіздің дайындық деңгейіңіз:___________________________________________________________________________

Түйін сөз, шебер-сыныптың соңы.

Рефлекция парағы












Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет