Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы



Pdf көрінісі
бет1522/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1518   1519   1520   1521   1522   1523   1524   1525   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы
Мақсаты:
аурудың айқын клиникалық көрінісінің дамуына жол бермеу.
Мейірбикелік шаралардың жоспары
Негіздеу
1. 2-3 апта бойы баланы ана сүтімен 
тамақтандырмау
- Ана сүті- антиденелердің негізгі, яғни ол эритро
циттердің гемолизінің күшеюіне әкеліп соғады
2. Фототерапияны (жарықпен емдеу) 
өмірінің алғашқы 24-48 сағ ішінде 
ұйымдастыру
- Фототерапия билирубиннің ағзадан нәжіс және 
несеп арқылы шығарылуына септігін тигізеді
Тыныс және жүрек жұмысының тоқтауындағы көмек.
Халықаралық деңгейде мойындалған реанимацияның (жандандыру) «Қарапайым
реанимацияның әліппесі» деп аталатын жобасында 4 бөліктен тұрады деп көрсетілген. 
«А» – сіз үшін немесе бала үшін қатердің бар-жоғын анықтау. Әртүрлі жағдайда
әртүрлі қауіп қатер болады. Сіз оларды бір мезетте бағалап, олардан қалай құтылуы
болатындығына, не білетіндігіңізге көз жеткізуіңіз қажет.
«В» – ауа өткізетін жолдарды тексеру (олар боспа екен?)
«С» – тыныс алуды тексеру (бала демалып жатырма екен?)
- кеуде қуысының қозғалысын іздеңіз;
- тыныс алу дыбыстарын тыңдаңыз;
- өз бетіңізден баланың демалысын сезіңіз.
«Д» - қан айналымын тексеру (жүрек соғып тұрма?)
- пульсті тауып алыңыз. Бір жасқа дейінгі балаларда пульстің ең жақсы анықталатын
жері – иық артериясы. Қолдың ішкі бетінен шынтақпен иықтың ортасынан іздеу қажет.
Сүйекке қарай екі саусақпен сәл басып тұрып, бір мезгілде үлкен саусақпен қолдың
сыртқы бетін ұстап тұру қажет.
Бір жастан асқан балалардан тамыр соғысын ұйқы артериясынан іздеу керек. Адам
алмасын (көмей ортасының томпаюы) екі саусақпен тауып алыңыз. Саусақты адам
алмасынан оның тереңдеген және мойын бұлшықеттерінің арасына орналастырыңыз.
Пульсті сезіну үшін мойнды басыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1518   1519   1520   1521   1522   1523   1524   1525   ...   1544




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет