Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет481/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Вирусты гепатит 
Мақсаты:
инфекцияның таралуына жол бермеу, науқас балаға жайлы жағдай 
ұйымдастыру, асқынулардың дамуының алдын алу 
Шаралардың жоспары 
Негіздеу 
1. Науқасқа және оның туыстарына 
ауру жөнінде мәлімет беру 
- Науқастың мәлімет алуға құқығы қамтамасыз 
етіледі 
- Бала және оның туыстары орындалған барлық 
күтім шараларының мақсатын түсінеді 
2. Науқаста сарғаюдың пайда болған 
күнінен бастап 21 күнге немесе ауру-
дың пайда болуынан бастап 30 күн 
бойына оқшаулау 
- Инфекцияның таралуына жол берілмейді 
3. Науқастпен қарым- қатынас кезінде 
хлорлы режим ұйымдастыру 
- Вирусты гепатит қоздырғыштары сыртқы 
ортада төзімді, тұрмыстық заттарда сақтаулы 
мүмкін, сондықтан инфекция тұрмыстық заттар, 
«үшінші адам» арқылы берілуі мүмкін 
4. Бөлменің үнемі желдетілуін, күніне 
2 реттен кем емес ылғалды 
жиналуының жүргізілуін қадағалау 
- Сыртқы ортада қоздырғыштардың 
концентрациясы азаяды 
- Ауа тазалығы қамтамасыз етіледі 
5. Науқастың нәжісін 
залалсыздандыру 
- А, Е гепатиттері фекальды-оральды жолмен 
беріледі 
6. Науқасқа манипуляциялар 
орындаған кезде жеке құралдар 
пайдалану (мүмкіндік болса бір реттік) 
- В,С,Д, гепатиттері парентеральды жолмен 
беріледі 
7. Науқасқа сұйықтықты көп 
мөлшерде ішкізу 
- Интоксикация азаяды 
8. Балаға №5 емдәмді ұйымдастыру. 
Жануар ақуызын, майлы, ащы қышқыл 
тағамдарды, сонымен қатар қақталған, 
маринадталған тағамдарды, дәмдегіш 
заттарды, экстрактивті заттарды 
шектеу 
- Емдәмді сақтау бауырдың асқынуларға 
шалдығуына жол бермейді 
9. Ең тиімді қозғалыс режимін 
ұйымдас-тыру (интоксикация кезінде –
төсектік режим, ауруханадан шығар 
алдында – жартылай төсектік, 
шыққаннан кейін 24 апта бойы 
аяушылық режим сақталады) 
- Аурудың созылыңқы, созылмалы ағымына жол 
берілмейді, қолайлы аяқталуына септігіен 
тигізеді 
10. Баланы жарақаттандырлардан 
сақтау 
- Вирусты гепатитте бауырда К витамині-нің 
түзілуінің бұзылысы болады. Ол қан ұюына 
қатысады. Сондықтан бала жарақат алғанда
ұзаққа созылған қан кетулер болуы мүмкін 
11. «Қауіпсіз жыныстық қатынас» 
туралы ескеру 
- Вирусты гепатиттің осы жыныстық жолмен 
берілуін шектейді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   495




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет