Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы


Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы



Pdf көрінісі
бет484/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы 
Мақсаты:
аурудың айқын клиникалық көрінісінің дамуына жол бермеу. 
Мейірбикелік шаралардың жоспары 
Негіздеу 
1. 2-3 апта бойы баланы ана сүтімен 
тамақтандырмау 
- Ана сүті- антиденелердің негізгі, яғни ол эритро 
циттердің гемолизінің күшеюіне әкеліп соғады 
2. Фототерапияны (жарықпен емдеу) 
өмірінің алғашқы 24-48 сағ ішінде 
ұйымдастыру 
- Фототерапия билирубиннің ағзадан нәжіс және 
несеп арқылы шығарылуына септігін тигізеді 
Тыныс және жүрек жұмысының тоқтауындағы көмек. 
Халықаралық деңгейде мойындалған реанимацияның (жандандыру) «Қарапайым 
реанимацияның әліппесі» деп аталатын жобасында 4 бөліктен тұрады деп көрсетілген.
«А» – сіз үшін немесе бала үшін қатердің бар-жоғын анықтау. Әртүрлі жағдайда 
әртүрлі қауіп қатер болады. Сіз оларды бір мезетте бағалап, олардан қалай құтылуы 
болатындығына, не білетіндігіңізге көз жеткізуіңіз қажет. 
«В» – ауа өткізетін жолдарды тексеру (олар боспа екен?) 
«С» – тыныс алуды тексеру (бала демалып жатырма екен?) 
-
кеуде қуысының қозғалысын іздеңіз; 
-
тыныс алу дыбыстарын тыңдаңыз; 
-
өз бетіңізден баланың демалысын сезіңіз. 
«Д» - қан айналымын тексеру (жүрек соғып тұрма?) 
-
пульсті тауып алыңыз. Бір жасқа дейінгі балаларда пульстің ең жақсы анықталатын 
жері – иық артериясы. Қолдың ішкі бетінен шынтақпен иықтың ортасынан іздеу қажет. 
Сүйекке қарай екі саусақпен сәл басып тұрып, бір мезгілде үлкен саусақпен қолдың 
сыртқы бетін ұстап тұру қажет. 
Бір жастан асқан балалардан тамыр соғысын ұйқы артериясынан іздеу керек. Адам 
алмасын (көмей ортасының томпаюы) екі саусақпен тауып алыңыз. Саусақты адам 
алмасынан оның тереңдеген және мойын бұлшықеттерінің арасына орналастырыңыз. 
Пульсті сезіну үшін мойнды басыңыз. 
Назар аударыңыз: 
-
егер сіз тыныс қимылдарын көрмесеңіз – «жүрекке жанама массажын» жүргізу керек. 
- «Ауыздан ауызға» әдісімен жасанды тыныс алдыруды жүргізу 
Бір жасқа дейінгі және үлкендеу балаларға жасанды дем алдыруды «ауыздан ауызға» 
әдісімен жүргізудің айырмашылығы бар. 
Нәрестені жасанды демалдыру кезінде 3 шартты орындау керек: 
- ауаны бір мезгілде ауызға және мұрынға үріңіз. 
- емшек жасындағы баланың мойнының қысқа, жуандау және нәзіктеу екендігін есте 
сақтаңыз – басын шалқайтқан кезде абай болыңыз. 
- нәрестенің тыныс алу жолдарына өзіңіздің толық ауа көлемін үрмеңіз, себебі альвео-
лалар жыртылып кетуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   495




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет