«Балдырған» бөбекжайындағы 2016 жылдың 1-4 ақпан аралығындағы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» апталығының жоспары. Апталықтың мақсаты



бет6/8
Дата08.01.2017
өлшемі2,66 Mb.
#6504
1   2   3   4   5   6   7   8

1-топтың тапсырмасы. Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақшамайдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айса да, соңынан бұл істін қалжың емес екендігін ұғып қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман-есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі беруге айтсаң, онда жақсылық бомайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.

Сұрақтар:

1.Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?

2.Ерлан мен марат қандай қылмыс жасады?

3.Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?



2- Топтың тапсырмасы. Нұрлан 5-сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата-анасының тәрбиесібаланы жолдан тайдырады. Нұрланның ата-анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды.Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады. Кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сынып та ата-аналарға байланысты өтетін жиындарға да келмейді.Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата-анасы құрғақ уәде беріп құр шығарып салады. Бірер күн өткен соң жаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндет екенің біле тұра оны орындау да әке-шешесі салғырттық танытады.

Сұрақтар:

1. Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?

2.Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз?

3.Ата-ананың бала алдындағы міндеттері қандай?



3-топтың тапсырмасы: 4- сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып тынығып, қыркүйекте мектепке келді. Биыл орта буын яғни 5-сыныпқа келген соң өзін-өзі бір есейіп қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысына өзінше бір есеп беріп отыратын болды. Жалғастың қыркүйек айындағы тынымсыз еңбекке толы күндері өтіпжатты. Ол енді мектептегі бір үйірмеге қатысып бойындағы ерекше бір қабілетін шындауды мақсат санады. Сөйтіп мектептегі «Тұмар» пікір-сайыс клубына жазылмақшы болып біо шешімге келді. Осы ойын ата-анасына жеткізді. Ата-анасы Жалғастың ойына қарсы болады. Оны анасы ағылшын тілінен өтетін үйірмеге өзі жазғызып қойғаның, қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарының қажет екендігін заман ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты. Ал, Жалғастың бар ойлағаны өзінше бір жасаған шешімі құмға сінген судай жоқ болды да кетті. Үнемі ата-анасының айтқаның дұрыс санап соны басты назарға алатын Жалғас тағыда ата-анасымен келісуге мәжбүр болды.

Сұрақтар:

1. Жалғастың ата-анасының іс-әрекетің қалай бағалайсыз?

2. Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр?

3.Жалғастың ата-анасының шешімімен келісуі дұрыс па?





Қорытындылау: Әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерімізді сақтап, мақсаты нәтижелерімізге жету үшін, өз мүмкіндіктерімізбен жетуге тырысайық дей отырып тәрбие сағатымыз аяқталды.

«Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ!» атты

дөңгелек үстел

Мақсаты:

Өз мемлекетіне жауапкершілікпен,әділдікпен қарау және көз қарастарын білдіру.Ата-аналарды пікір айтуға ынталандыру. Ата-аналармен кездесе отырып,сауалнама арқылы пікірлерін білу.

Жоспар:

1.«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» баяндама.

«Балапан» тобының тәрбиешісі К.Темірбек

2.«Жемқорлыққа жол жоқ. Жемқорлықпен күрес қоғам борышы»

бейнеролик

3.«Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ»

пікірталас

4. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты дөңгелек үстел

аясында сауалнама

5. Қорытындылау

Тәрбиші: Құрметті ата-аналар!Сіздерді бүгінгі «сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстелге қатысып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.

Бүгінгі біздің дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!



Бастағалы отырған әңгімеміз білім саласындағы сыбайлас жемқорлық болғанмен,бұл тек білім саласындағыларды ғана емес, жалпы барлығымызды ойландыруы тиіс мәселе.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені еш жасырын емес. Бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресу мақсатында көп іс-шаралар қолға алынуда.Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі де осы бағыттағы заңнамаларды жетілдіріп қана қоймай, жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударуда. Сол себепті осыны ескере отырып, осындай жағдайларды болдырмау мақсатында дөңгелек үстел тақырыбын «Сыбайлас –жемқорлыққа жол жоқ»деп алып отырмыз.

  Ал енді өз ойымызды, пікірлерімізді, көзқарасымызды ортаға салып сұхбаттасамыз



Қазір «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» баяндамасы оқылады.

(баяндаманы оқыған тәрбиеші К.Темірбек)




Каталог: sites -> default -> files -> Node 5639
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
Node 5639 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Node 5639 -> Қорытындысы Қобда аудандық білім бөлімінің 2013 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 31 қазанында «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» атты байқауы Ақырап орта мектебінің негізінде өткізілді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет