Түркістан облысы Отырар ауданы «С.Әшіров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата07.04.2022
өлшемі16,75 Kb.
#138271
Байланысты:
төж №5
1 маусым балалар күні мерекесі, №185 қаулы (1), Адам үшін ең жақсы комплимент, 24

Түркістан облысы
Отырар ауданы
«С.Әшіров атындағы жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ТӨЖ

Тақырыбы: Ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқытудың жеке дара амалдары

Дайындаған: Раманкулова Гулбану Уразкуловна
Қабылдаған: Сабиханова Асель Қайырбековна


2019-2020 оқу жылы

Ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқытудың жеке дара амалдары
Ерекше білім беру қажеттілігіне ие балаларға білім беру тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында педагогтар балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.
В. А. Сухомлинский

Күнделікті мәселелер, өмірдің тауқыметі, қоғамның өзгеру деңгейлерінің жылдам алмасуы бізден жоғары белсенділікпен қатар алға ұмтылуды, ізденімпаздықты және де үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі аласапыран әлеуметтік дамуында, құндылықтар мен әлеуметтік нормалардың өзгеріп , отбасында ата-ана, ата-әжеден берілетін тәрбиенің ықпалы азайған заманда балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдаудың маңызы уақыт өте келе сұранымды қажет ететіні белгілі. Педагог пен баланың қарым-қатынасындағы ұстанымдар мен парадигмалар да өзгереді: «оқушы мен оқытушы» орнына, «адам мен адам» парадигмасы қалыптаса бастады. Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бұл – баламен кеңесе отырып оның қызығушылықтарын , белгілі бір мақсаттарға жетуде алға қойған ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсетіп, оның адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отыра , оқу мен оқытуда өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеп, жақын араласатын дос табуына көмектесу болып табылады.


Ендігі кезекте ерекше балалардың ата-аналарына психолог тарапынан берілетін келесі психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы психологиялық кеңескті алып қарасақ:
1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз. 3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс — әрекетпен айналысып отырса. 4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету. 5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. 6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. 7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз. 8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз. 9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз. 10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз. 11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз. 12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз. 13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз. 14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз. 15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз. 16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз. 17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз. 18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз. 19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.
Ерекше балаларға ата-аналар тарапынан психикалық зорлық көрсеткені де бала денсаулығына зор ықпалын тигізеді. Психикалық зорлық көрсетпеу туралы ата-аналарға психологиялық кеңес беру , оларды күнделікті өмірге тарту ата-анаға түсіндіретін де , ұйым мен отбасының бірлескен қарым-қатынасын жүзеге асыратын да педагог мамандар, яғни сіз бен біз.
Бала – бұл әрбір жас кезеңіне тән өзіндік морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бар, үнемі өсу және даму үстіндегі организм. Әр бала, өз өмірінің әртүрлі кезеңдерінде, әлеуметтік жағдайына қарамастан, өзінің де қалауынсыз түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлі деңгейдегі көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуы мүмкін. Бала үшін отбасы – бұл, оның дене бітімінің, психикасының, мінезқұлқының және интеллектісінің жақсы қалыптасып, дамуына ыңғайлы жағдайлар жасайтын орта. Әлеуметтік институт ретінде, отбасының бала өмірі мен тәрбиесі үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ете алмауы, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың пайда болуына әкелетін басты факторлардың бірі болып саналады. Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жекелей оқыту ұстанымын жүзеге асыруға негізделген. Білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балаларға мыналар жатады: - мүмкіндіктері шектеулі балалар; - мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар; - қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар). Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде қолдаудың әр түрлі модельдері әзірленіп, оның инфрақұрылымдары қалыптастырылуда.
Инклюзивті білім беру көп қырлы үдеріс, ол білім беру жүйесіндегі барлық құрамдастардың қосылуын талап етеді. Өткізілген мониторингтік зерттеудің нәтижелері бойынша республика аймақтарында, жалпы, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосуда оң динамика орын алып отырғаны туралы қорытынды жасауға болады. Инклюзивті білім берудің кеңінен етек жайып, дамуындағы бетбұрыстары инклюзивті білім беруді іске асырып отырған білім беру ұйымдары секілді үдеріс қатысушыларының синхрондық жұмысындағы және олардың қызметін аудан, қала, облыс деңгейінде үйлестірудегі қажеттіліктерді көрсетті. Жалпы, Қазақстан бойынша инклюзивті білім берудің орын алып отырған үлгілеріне, сонымен қатар Инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтарындағы және эксперименттік алаңшалардағы қызметке жүргізілген талдау республикамыздағы инклюзивті білім берудің келешектегі дамуы үшін білім басқармаларының қызметіндегі жүйелілік және мақсатқа бағынушылық, елде инклюзивті білім берудің жергілікті енгізілуіне және дамуына ықпалын тигізетін ресурстық орталықтардың құрылуы, оларды ақпараттық, ғылыми-педагогикалық, материалды-техникалық және өзге ресурстарын үйлестіру және интеграциялау (кіріктіру); − ерекше білімділік қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беру үдерісіне қарқынды қосылуын қамтамасыз ететін механизмдерді жетілдіру, жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру кабинеттерін құру және қолдау, ерекше білімділік қажеттіліктері бар, үйде білім алатын балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосудағы тәжірибені инклюзивті білім берудің бір үлгісі ретінде зерделеу, инклюзивті білім берудегі терминологияны жетілдіру жолдарында оқытудағы жақсы нәтижелер берері анық. Инклюзивті білім беруді дамыту үшін, жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының, мемлекеттік басқару органдарының және қоғамның басқа да әлеуметтік институттарының жүйелі және өзара байланысты жұмысындағы қажеттілік бар. Одан басқа, инклюзивті білім берудің дамуындағы маңызды кезең ретінде Ресурстық орталықтардың қызметін инклюзивті білім беру үдерісіне қолдау көрсету және елдегі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің тиімді үлгілерін таратуда кеңейту шығады.
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Ерекше оқытуды қажет ететін баланы әлеуметтік ортаға енгізу – әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу және ортасына бейімделуін қалыптастыру. Бейімделу – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі. Егер педагог әрбір ұйымдастырылатын іс-әрекет, іс-шаралардың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатын, алынған материалдарын игертіп қана қоймай, балаларға (экскурсия барысына есеп беру, әңгіме жазу немесе бір оқушының әрекеттерін сипаттау) т.б. тапсырмалар жүйесін дайындап берілген тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастырумен шұғылданса бұл ерекше балаларды өз ісіне, жұмысына асқан жауапкершілікпен сезіне бастауды үйретеді.
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау – инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, оқу процесіне,жан - жақты дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған кәсіби белсенді жүйе.
Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, өз мамандығын шексіз сүйе білген маман иесі ғана үздіксіз ізденіс пен асқан шыдамдылық, қажырлы еңбектің арқасында баланың біліміне, оның болашағына үлкен сәулесін түсіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет