Банктің құқықтық белгілері Аңдатпа



бет2/2
Дата11.05.2022
өлшемі115,07 Kb.
#141865
1   2
Байланысты:
макала Балабек Б
7 ДЖ БЖБ, Айнагүл апай он бірінші апта венн, Жүсіпбек Аймауытов - Ақбілек
Кілт сөздер: банк, коммерция, Ұлттық Банк, Екінші жеңгейлі банк, ақша айналымы, эмиссиялық банк, ипотекалық банк, несие.

Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі – Корпорация) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясының болуымен айқындалады
Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн білдіреді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiктері "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен айқындалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өз құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi, сондай-ақ өзінің ведомствосымен қатар бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.

Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі саларында ─ сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және басқа көптеген бағыттарда білікті мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы шарттарын іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі. Ақша, несие, банктер ─ қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметтері қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады.
Несие жүйесінің негізгі буыны ─ банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік. «Банк» деген ұғымы италиян сөзі «bank» ─ орындық, «айырбас орындығы ─ айырбас орны» дегенді білдіреді.
Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:
· Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
· Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;
· Ақша айналымын реттеу.. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
· Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
· Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Орындайтын айырықша қызметтеріне байланыты банктер эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк ─ ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша белгіін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол ─ елдің екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары деңгейіндегі банк.
Ипотекалық банктер ─ жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Қазақстан респбликасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңынан бастау алады. Заңға сәкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды:жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі.Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
· Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту;
· Несие беру;
· Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
· Төлем құралдарын шығару,
· Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
· Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару ( яғни траст операциясын жүргізу);
· Клиенттерге кеңес беру.
Қорыта айтқанда, орталық банктің атқаратын қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты. Мемлекет пен басқа банктерге несие берген кезде ол несиелік айналым құралдарын шығарып, үкіметтік міндеттеме шығару және оны өтеуде қарыз процентінің деңгейіне әсер етеді. Бұл орталық банктің банктік жүйедегі алатын ерекше орнын айқындап, сонымен қатар өзінің басты қызметі ─ ақша-несиелік реттеу қызметін орындауға объективтік алғы шарттар жасайды.Несие жүйесінің негізгі буыны ─ банктер.Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады
Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:
- Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
- Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;
- Ақша айналымын реттеу.. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
- Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
- Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Республикада екі деңгейлі банк жүйесі бар: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі.Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қaзaқcтaн Pecпyбликacының 1995 жылғы 30 нaypыздaғы N 2155 Ұлттық Бaнкi тypaлы Зaңы. (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z950002155_ )
2. Бaймypaтoв, Y. Дeнeжнo-финaнcoвaя cиcтeмa Pecпyблики Кaзaхcтaн: ocoбeннocти и пpoблeмы. //Бaнки Кaзaхcтaнa. – 2004. – N4. – C.5-39
3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Банк және банк қызметтері туралы заңы ( https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z950002444_ )




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет