Бап. Медиацияның қолданылу саласы


-бап. Медиаторлар ұйымдары



бет5/11
Дата08.02.2022
өлшемі27,7 Kb.
#118840
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
медиация

13-бап. Медиаторлар ұйымдары
1. Медиаторлар ұйымдары медиаторлардың бастамасы бойынша "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес, өзін-өзі қаржыландыратын және өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады.
2. Медиаторлар ұйымы медиаторлардың медиацияны жүргізу жөнінде қызметтер көрсетуiнiң материалдық, ұйымдық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
3. Медиаторлар ұйымдары медиация бойынша тиісті даярлықтан өткені туралы құжат (сертификат) бере отырып, медиаторларды кәсіби даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды өткізуге құқылы.
4. Медиаторлар ұйымдары өз қызметін үйлестіру, медиаторлардың кәсіби қызметінің стандарттарын (қағидаларын), медиацияны жүргізу тәртібін (регламентін), медиация тараптарының медиаторларға сыйақы төлеу тәртібін әзірлеу және біріздендіру мақсатында қауымдастыққа (одаққа) бірігуге құқылы.
5. Медиаторлар ұйымына немесе медиаторлар қауымдастығына (одағына) кіру ерікті негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте медиаторлар ұйымының немесе медиаторлар қауымдастығының (одақтың) кіру жарнасын алуына жол берілмейді.
6. Медиаторлар қауымдастығы (одағы) Медиаторлардың кәсіптік этикасы кодексін әзірлеуге және оны бекітуге құқылы.
14-бап. Медиаторлар ұйымдарының кәсіпқой медиаторлар тізілімін жүргізуі
1. Әрбір медиаторлар ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой медиаторларының өзінің тізілімін жүргізеді.
2. Медиаторлар кәсіпқой медиаторлар тізіліміне қосылу үшін медиаторлар ұйымына жеке куәлігінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін жеке куәлігінің түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесін); үміткерге тұрғылықты жері бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамаларды; соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы, жоғары білімі туралы дипломының және медиация бойынша арнайы даярлықтан өткендігін растайтын құжаттың (сертификаттың) көшірмелерін ұсынуы қажет.
3. Кәсіпқой медиаторлар тізілімі мыналарды қамтиды:
1) медиатордың тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде);
2) медиатордың заңдық мекен-жайы;
3) медиатордың байланыс деректері (пошта мекен-жайы немесе электрондық поштаның мекен-жайы не телефон немесе телефакс нөмірі);
4) медиатордың маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;
5) медиатордың медиацияны жүзеге асыра алатын тілі туралы мәліметтер;
6) медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын құжаттың (сертификаттың) бар екендігі туралы мәліметтер;
7) медиатордың қызметін тоқтата тұру туралы мәліметтер.
4. Медиаторлар ұйымы медиаторларды осы Заңның осы бабының 3-тармағының және 9-бабының талаптарына сәйкес болған жағдайда тиісті өтінішті алған күннен бастап он күн ішінде хабарлау тәртібімен кәсіпқой медиаторлар тізіліміне қосады.
Медиаторды кәсіпқой медиаторлар тізіліміне қоспаған жағдайда медиаторлар ұйымы тиісті өтінішті алған күннен бастап он күн ішінде бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.
5. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

6. Кәсіпқой медиаторлар тізілімі медиаторлар ұйымының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуға және оған медиаторларды енгізу шамасына қарай жаңартылуға тиіс. Медиаторлар ұйымдары мерзімді баспасөз басылымдарында кәсіпқой медиаторлар тізілімін жариялауға құқылы.
Тұтынушыны жұмыс істеп тұрған, тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің бар екендігі туралы хабардар ету мақсатында кәсіби медиаторлар ұйымы тізілімнің жаңартылуына қарай Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне медиаторлар туралы ақпарат (медиатордың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), медиатордың заңды мекенжайын, байланыс деректерін (пошта мекенжайы немесе электрондық пошта мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі), медиатор маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер, медиатор медиацияны жүзеге асыра алатын тіл туралы мәліметтер) жібереді.
7. Медиатор осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда медиация рәсіміне қатысушы тараптар тиісті өтінішпен медиаторлар ұйымына жүгінуге құқылы. Бұзушылық расталған кезде медиаторлар ұйымы бұл туралы кәсіпқой медиаторлар тізілімінде көрсете отырып, медиатордың қызметін алты ай мерзімге тоқтата тұрады.
8. Медиаторлар ұйымының медиаторды кәсіпқой медиаторлар тізіміне енгізуден бас тарту, одан шығару, оның қызметін тоқтата тұру туралы шешіміне сотқа шағымдануына болады.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 25.06.2020 № 346-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет