Бұқаралық ақпарат құралдары



бет3/6
Дата13.12.2021
өлшемі225 Kb.
#125703
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бұқаралық ақпарат құралдары
Документ Microsoft Office Word, Молдир, 2021 пиза жауабымен, Доп материал 4 сессия

БАҚ-тың жұмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жұмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.

  • БАҚ-тың жұмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жұмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.
  • БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табылады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқын жасырын басқару жатады. Алдап арбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. БАҚ-тың жағымсыз салдары оның қоғамдық ұйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты ұйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мемлекеттік және қоғамдық-құқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бұл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электронды бұқаралық ақпарат қүралдарын ұйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бұл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бұл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет