Бұқаралық ақпарат құралдары



бет4/6
Дата13.12.2021
өлшемі225 Kb.
#125703
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бұқаралық ақпарат құралдары
Документ Microsoft Office Word, Молдир, 2021 пиза жауабымен, Доп материал 4 сессия

Адам және құқық

  • Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғаш­қы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құ­қық­тары мен бостандықтарының сақ­талуына жете маңыз беріліп келеді. Со­ның айқын бір көрінісі Конститу­ция­мыз­дың 1-бабында адам құқықтарын сақ­тау нормасы бекітіліп, 30-бап түгел­дей аза­мат­тардың құқықтарына, бостан­дық­тары­на, мүдделеріне арналды. Бұл демо­кра­тиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтары ғана ең маңызды болып саналатындығын білдіреді. Демек, адам құқықтары мен бос­тан­дықтарын сақтау тетіктерін іске асы­руға, олардың орындалуына кепілдік беруді күшейтуге Елбасымыздың сара сая­сатының арқа­сын­да ерекше назар ау­да­рылды. Ал бұл мәсе­лелердің шын мә­нін­де қалай жүзеге асып жат­қандығын Президент жа­нын­­дағы Адам құ­қық­тары жө­нін­дегі комиссия жұмы­сынан бай­қауға болады. Ол еліміздегі адам құқықтары жөнін­дегі ал­ғаш­қы мамандан­дырыл­ған ұлт­тық мекеме бо­лып табылады. 1994 жылғы 12 ақпанда Ел­басы Адам құқықтары жөнін­дегі рес­пуб­ликалық ко­мис­сияны құру туралы Жар­лық­қа қол қойды. Осы кезден бастап Адам құқық­тары жөніндегі комис­сияның жаңа ережесі бекітілгеннен кейін ол Мемлекет бас­шысының жанында жұ­мыс істейтін бо­л­ды. Бұл оның мәрте­бесінің маңызды­лы­ғын көрсетеді, сол себепті комиссияға іс-қимыл жасауға жеткілікті түрде құқық та берілген. Комиссияның жоғары мәртебесі және оның уәкілетті органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы «жалғастырушы тетік» рөлі тек адам құқықтары саласы­ның түйткілді нүктелерін тез табуға ғана емес, олардың арасында конструктивтік диалог­тың дамуына да мүмкіндік туғы­за­ды. Комиссия қоғамдық пікірді, қолда­ныс­тағы заңнаманы зерттеп, Мемлекет басшысына адам құқықтары саласын­дағы жағдай, азаматтық қоғамның сұраныс­та­ры туралы мәлімет береді. Сонымен қа­тар, комиссия адам құқықтары сала­сын­дағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге белсенді атсалысады, осы салада халық­аралық ынтымақтас­тық­тың күшейтілуіне көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет