Барлығы – 135 сағат



бет31/45
Дата11.11.2016
өлшемі3,54 Mb.
#1504
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45

Дәрістің мазмұны:


  1. 1905-1907 ж.ж. революцияның алғышарттары мен себептері;

  2. Саяси партиялардың қалыптасуы.

  3. П.А. Сталыпин реформасы.1906 ж. І Дума сайлауы және оның құрамы. ІІ Мемлекеттік Дума және оның құрамы.

20 ғасырдың басындағы соғыс және революция жылдарындағы Россия.

1-сұрақ

Бірінші буржуазиялық демократиялық революцияның себептері, сипаты, ерекшеліктері

1905-1907 жж. революция әлемдік революциялық процесстің құрамдас бөлгі. Жаңа тарихи жағдайда Бұл революция әлемдік буржуазиялық және ұлт-азаттық революциялардың 2-ші дәуірінің бастамасы болып. Шығыс елдерін де қамтыды Революцияның себептерін біз капиталистік, индустриялық қоғамңың қалыптасуының жалпы заңдылықтарынан және Росссияның тарихи жолының ерекшеліктерінен іздейміз.

Әлемнің барлық елдерінде феодалдық агарарлық қоғамның капиталистік қоғаммен ауысуы көп жағдайда абсолюттік режимдерді күйретумен немесе монархияны формальді түрде сақтай отырып жаңа саяси модельге бейімделу жолымен жүрді.

Россияның ерекшелігі патша үкіметінің мазмұны капиталистік реформаларды амалсыздан жүргізе отырып, саяси құрылыстың эволюциясын өте жәй жүзеге асыру болды. Бұл консервативтік саяси қондырманың, прогрессивті қоғамдық дамудың мүдделеріне қайшы келіп қалыптасқан әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік бермеді сөйтіп революцияның себебіне айналды.

Россиядағы империализм даму сатысы әр-түрлі қарама-қайшылықтарды туғызды; еңбек пен капитал арасындағы өрлей дамыған капитализм мен феодалдық крепостниктік қалдықтардың, дамыған өнеркәсіп аудандар мен артта қалған аудандар қарама-қайшылықтары және қайшылықты одан әрі үдете түскен фактор - самодержавиялық биліктің саяси, рухани, және ұлттық қанау жүйесі болды.

Россиядағы саяси дағдарыстың шиеленісіп, революцияны жақындата түскен тағы бір жағдай 1900-1903 жж әлемдік экономикалық дағдарыс және 1904-1905 жж орыс-жапон соғысы болды. Экономикалық дағдарыс барысында 3000 астам өнеркәсіп орындары жабылып, 200 мыңдай адам жұмыссыз қалды. Бұл стачкалар мен демонстрациялардың орсан зор толқынын туғызды. «Революцияны тежеудің басты амалы кішігірім жеңіспен аяқталатын соғыс» деп есептеген. Патша үкіметі соғыстан ойсырай жеңілді.

Соғыс барысында Россия 50 мың жауынгерінен айрылып, соғыстың әрбір күніне 3000000 сом шығын шығырды.

1904 жылдың күзінде Петербург, Иваново – Вознесенск, Нижний Новгород және Кавказда демонстрациялар мен стачкалар ұйымдастырылды, бұл Баку жұмысшыларының 1904 жылы желтоқсандағы жаппай саяси стачкасына айналып, армияны да қамти бастады. 1904 ж. желтоқсанда полиция департаментінің мәліметі бойынша Россияның 58 қалаларынада солдат көтерілістер болды.

1900-1904 жж. елде 1088 шаруа қозғалыстары болып 1895-1900 жж. жағдайдан үш есе асып түсті.

Жаппай бұқаралық қозғалыс демократиялық интеллигенцияға да әсерін тигізді.

1904 ж. шілде айында ішкі істер министрі болып П.Д. Святополк-Мирский тағайындалды. 1904 ж. 6-9 қараша айында Петрбургте земство және қала қайраткерлерінің съезі өтті. Съезд тұңғыш рет мемлекеттік құрлысқа толық өзгерістер еңгізу туралы резолюция қабылдап, түбегейлі өзгеріссіз елдің одан әрі даму мүмкіндігі жоқ екендігін және азаматтық құқықсыз қоғамның, Россияның тоқырап, күйрейтіндігі әбден мүмкін екендігін ескертті.

1924 ж. қарашада Светополк Мирский патшаға саяси бағдарлама туралы баяндама даярлады. Бұл баяндамада самодержавиямен саяси билікті одан әрі сақтай отырып, белгілі бір деңгейде либералдық өзгерістер жүргізу қажеттілігі ескертілді. 1904 ж. 14 желтоқсанда патшаның бірқатар демократиялық өзгерістер енгізетіндігі туралы Жарлығы шықты. Жарлықта шаруаларға басқа да сословиелермен қатар правалар беретіндігі туралы және земство, қала мекемелердің праваларының кеңейтілетіндігі туралы, жұмысшыларға мемлекеттік сақтандыру т.б. демократиялық жаңалықтар енгізілетіндігі туралы айтылды.

1905-1907 жж. революцияның басы 1905 жылға 9 қаңтардағы «Қаңды жексенбі» болып есептелінеді. Қысқы сарай алаңына 150 мыңдай жұмысшы демонстрациясын атқылау бүкіл Ресей қоғамын қозғалысқа әкеліп, 1905 ж. қаңтардағы ереуілдерге 444 мыңдай адам қатынасты. 2,5 ж. созылған революция басталды.



Революция міндеттері:

      1. Самодержавияны құлату

      2. Аграрлық мәселені шешу

      3. Демократиялық республиканы орнату.

Мазмұны жағынан бұл міндеттер буржуазиялық сипатта болғанмен, революцияның қозғаушы күші пролетариат, шаруалар және демократиялық интеллигенция өкілдері болады. Тарихи ғылымда бұл революция буржуазиялық- демократиялық революция болып есептелінеді.



Революция кезеңдері:

    1. (9 қаңтар- қыркүйек 1905 ж.) Революцияның басталуы және оның тереңдеп еңдей дамуы. Бұл кезеңде жұмысшылардың стачкалық қозғалысы қарқындап, алғашқы жұмысшы депутаттарының Кеңесі құрылады. Алғашқы кезде стачкалық күрестің органы ретінде құрылған Кеңес кейін саяси биліктің революциялық органа айналды. Шаруа қозғалысы Россия уездерінің 6/1 бөлігін қамтыды. Шаруа қозғалыстары Украинаны, Прибалтиканы, Грузияны қамтыды. 1905 ж. жаз айларында Бүкілроссиялық шаруа одағы құрылды. Революциялық флот армияны қамтыды. Оның айқын көрінісі 1905 ж. 14 маусымдағы броненосец «Князь Потемкин -Таврический» дегі көтеріліс болатын.

    2. Революцияның екінші кезеңі (1905 ж. қазан-желтоқсан). Бұл революцияның шарықтау кезеңі еңбекшілердің жекелеген саяси қозғалыстары қазан айындағы бүкілроссиялық саяси стачкаға ұласып, 2 млн. адам қатынасты. Бүл кезеңінің ең шырқау шегі Москвадағы желтоқсан көтерілісі болады.

    3. Революцияның 3 кезеңі (1906 ж. қаңтар-1907 ж. 3 маусым) бұл кезең революциялық қозғалыстың бірте –бірте саябырлап тоқырау кезеңі. Дегенмен де бұл кезеңде де жұмысшы, солдат, мотрос, шаруалар күресі жалғаса берді. 1906 ж. стачкаларға 1 млн. 108 мың жұмысшы қатынасты. Ал, 1906 ж. маусым және тамыз айларында Европалық Россия уездерінің 50 пайызында шаруалар қозғалысы басталды.

1907 ж. 3 маусымда ІІ Мемлекеттік Думаны тарату туралы патша Манифесі жарияланып, сайлау жүйесіне өзгерістер еңгізілді. Бұл тарихқа 3 маусымдық төңкеріс деген атпен енді, патша үкіметі қандай болмасын саяси реформалар жүргізуден бас тартты, елде жаппай репрессиялық мазмұндағы саясат жүргізілді. Бұл революцияның аяқталуы.


2 сұрақ. Саяси партиялардың қалыптасуы.

Басталған революция қоғамның барлық таптарын қозғалысқа әкеліп, саяси міндеттерді анықтау мәселесін қойды.



      1. Консервативтік лагерь. Самодержавиялық құрлысты сақтау міндетін қояды. 1905ж. 17 қазанда жарияланған патша Манифесінде мынандай өзгерістер туралы жазылған еді: 1. Азаматтық, саяси бостандық (сөз, жиналыс жасау, саяси одақтар құру). 2. Өкілеттік орган- Мемлекеттік Думаны шақыру, сөйтіп 1861 ж. кейін елді буржуазиялық монархияға айналдырудың екінші қадамы болатын.

Манифест жарияланғаннан кейін басқару органдарын қайтадан құру ісі жүргізілді. Министрлер Кеңесі тұрақты үкіметтік мекемеге айналды. Мемлекеттік Думада қаралатын барлық мәселе ең алдымен Министрлер Советінде талқыланды. Алғашқы премьер-министр болып С.Ю. Витте сайланды.

Консервативтік және бірқатар либералдық топтар үшін Манифестің жариялануы негізгі міндет- Россияны буржуазиялық республикаға айналдыру міндеті шешілгендей болып көрінді. Олар революция аяқталды. Негізгі міндет шешілді деп есептеді. Өздерінің әлеуметтік базасын кеңейту мақсатымен 1905 сәуірде «Орыс адамдарының одағы» және «Орыс монорхиялық партиясы» деген партиялар құрылды. Бұл партиялар өздерінің бағдарламаларында «самодержавиялық мемлекеттік форма бірден-бір тиімді және Россияның барлдық топатары мен таптарын біріктіре алатын күш деп есептеді. Сол сияқты қаражүздік монархиялық ұйым «Орыс адамдарының одағы» құрылды. Помещиктер мен дворяндардың басты саяси партиясының бағдарламасының идеалогиялық өзегі үш факторды атап өтеді.

А) Православие

Б) Самодержавия

В) Орыс халқы
Партия лидерлері доктор А.И.Дубровин, курск помещигі М.Е. Марков және В.Н.Пуришкевич.

Монархиялық ұйымдардында жалпы саны 400 мыңдай адам болды. Бірақ олар І және ІІ дума сайлауларында жеңіліске ұшырады.

ІІ саяси партия. «17 қазан Одағы». Тарихи әдебиетте «Октябристер партиясы» деп аталады. Бұл консервативтік буржуазиялық мазмұндағы партия. 1905 ж. қарашада Одақтың бағдарламасы мен уставы даярланып, басқару органдары құрылды. Партияның ең жоғарғы органы съезд және ОК сайланды. Партия лидері Россияның сақтандыру қоғамының төрағасы А.И.Гучков болды. (по замечаниию П.Струве, он был и «виртуозом интриг, и героем беспринципности»).

Партия бағдарламасы

А) Россия біріңғай және бөлінбейтін мемлекет

Б)Саяси билік Заң шығарушы Думаға сүйенетін монарх.

В)Бағдарламаның аграрлық бөлімінде шаруа жер иеліктерін ұлғайту туралы, шаруаларға азаматтық праволар беру туралы, қауымдық жерпайдалануды жою туралы, бірақ помещиктік жер иеленушікті сақтау туралы айтылады.

Г) Жұмысшы стачкалары мен ереуілдеріне тыйым салып, жұмысшы мәселесін шешуді өнеркәсіп орындарына тапсырады.


ІІІ саяси партия - Кадеттер партиясы (Конституциялық демократтар) 1905 ж. қазан және желтоқсан айларында 72 кадеттер ұйымдары құрылды. Жалпы саны 50 мыңдай адам. Кадеттер партиясының әлеуметтік құрамы (адвокаттар, доктарлар, инженерлер, оқытушылар, земство қызметкерлер). Тұтастай партияның әлеуметтік тірегі прогрессивтік бағыттағы орта буынды буржуазия. Кадеттер партиясының бағдарламасы:

А) Россияның капиталистік жолмен дамуы мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Б) осы бағытта демократиялық реформалар жүргізу. Кадеттер партиясына тағы да үш либералдық интеллигенцияның партиялары қосылды. Бұларды тарихта «прогрессивтік», «Бейбіт жаңғыру партиясы» және «демократиялық реформалар партиясы» деп атайды. Бұл партиялардың саяси бағдарламаларындағы басты талап буржуазиялық демократиялық бостандықтар. Конституциялық демократтардан бұлардың айырмашылығы тек қана ұлт мәселесінде бұлар автономиялық шеңберде өзін-өзі билеу правосы мәселесін қойды.

Конституциялық демократиялық партия қызметінің шырқау шегі І Думаға сайлау кезіңде болды. І Мемлекеттік Дума 1906 ж. 27 сәуірде ашылды. Мемлекеттік Думаның партиялық құрылымы мынандай:



      1. Кадеттер – 160 орын

      2. Трудовиктер- 97 орын

      3. Социал-демократтар-17 орын

      4. Партияда жоқтар -103 орын

      5. Автономистер -70 орын.

Дума төрағасы болып Москва университетінің профессоры кадет С.Муромцев сайланды. 1906 ж. 13 мамырда Думада Министрлер Кеңесінің төрағасы И.Л.Горемыкин сөз сөйледі. Үкімет помещиктік жерлерді бөлу жолымен аграрлық мәселені шешуге үзілді-кесілді қарсы шықты. Бұл кадеттер жоспарын толық жоққа шығару болады. Кадеттер лидерінің өкілі Е.Н.Щепкин «Министрлер советі Россияны тыныштандырып, құтқарудың басты құралын біздің қолымыздан жұлып алды деп қынжыла айтқан болатын».

1906 ж. 8-9 шілдеде Николай ІІ бірінші Мемлекеттік думаны тартты. Минстрлер Кеңесінің төрағасы болып П.А.Столыпин тағайындалды. ІІ Мемлекеттік думаны шақыру туралы шешім қабылданды.

ІІ Мемлекеттік дума (20 ақпан-3 маусым 1907 ж.). Құрамы жағынан біріншіге қарағанда әлдеқайда солшыл болды.



Партиялық құрамы: 1. Солшыл партиялар 222 орын алды.(барлығы 518 орын болатын) яғни 43 пайыз. 2. Социал-демократтар -65 орын (12,5 пайыз) Сондықтан да ІІ Дума 1907 ж. 3 маусымда таратылған болатын. ІІ Мемлекеттік Думаның таратылуы бірінші орыс революциясының аяқталуы болды. Россияның либералдық буржуазиясы революцияның лидеріне айнала алмады, нәтижесінде жеңіліске ұшырады. Оның басты себебі орыс буржуазиясының саяси тұрғыдан қалыптасуы кейін басталды және көп жағдайда самодержавилық билікпен ауыз жаласып отырды.

Эсерлер партиясы: 15 мыңдай. Олар өздерінің социалистік революция жолындағы күресте негізгі қозғаушы күш шаруалар деп есептеді. Күрестің негізгі формасы етіп жеке террорды қолданады. 1902-1911 жж. аралығында 200 –ден астам терррорлық актлер жүзеге асырылды.



  1. Социал-демократиялық партия РСДРП. Революция қарсаңында оның құрамында 14,2 мыңдай большевиктер, 12,5 мыңдай меньшевиктер болды. 1906 ж. көктеміне қарай большевиктер саны 30,8, ал меньшевиктер саны 24,5 мыңға дейін көтерілді. Революция барысындағы большевиктердің негізгі стратегиялық бағыты революциядағы пролетариат гегемондығы туралы бағыт болды. Пролетариат еңбекші шаруалармен одақтаса отырып және буржуазияны бейтараптаныдыра отырып, самодержавияны құлатып, әуелі демократиялық республиканы жариялап және содан кейін буржуазиялық демократиялық кезеңді социалистік кезенмен ауыстыру міндетін қойды.

Меньшевиктердің көзқарасы басқаша болды. Олар пролетариатты революцияның белсенді қозғаушы күші дегенмен, алайда революция лидері буржуазия болуы керек деп есептеді.

РСДРП 1898 ж. Минскіде І съезін өткізді.

РСДРП 1903 ж. Лондонда ІІ съезін өткізді

РСДРП 1905 ж. ІІІ съезін өткізді. ІІ съезде «большевиктер мен меньшевиктер» болып екіге бөлінді. Сондықтан ІІІ съезд большевиктер Лондонда өткізді, ал меньшевиктер Женевада конференция шақырды. Бұл тарихи оқиға туралы В.И.Леннинің «Социал-демократияның демократиялық революциядағы екі тактиксы» деген еңбегімен танысуға болады.



Революцияның жеңілу себептері.

        1. Самодержавия әлі де мықты саяси күш.

        2. Либералдық оппозиция революцияның лидеріне айналып, өзінің реформаторлық бағытын жүзеге асыра алмады.

        3. Революцияның неғұрлым белсенді күштері бірігіп бірыңғай қимыл көрсете алмады.

        4. Солшыл күштердің арасында бірыңғай бағдарлама, бірыңғай бағыт болған жоқ.

        5. Халықаралық капитал орыс мемлекетіне орасан зор көмек көрсетті, мысалы Франция 2,5 млрд. Франк қарыз берді, Германия революция жеңген жағдайда әскери интервенция ұйымдастыру туралы жариялады.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет