Барлығы – 180сағат



бет15/29
Дата28.01.2020
өлшемі1,16 Mb.
#56638
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
Психодиагност.4кр2009

Дәрістің мазмұны


1. Психодиагностика және дифференциальды психология.

2. Психодиагностика және психометрия

3. Психодиагностика және психологиялық баға.

Мақсаты: Психодиагностиканың негізгі бағыттары және олардың мақсат, міндеттері және принциптерімен таныстыру.

Психодиагностика психологиялық ғылымның саласы ретінде оның барлық салаларымен байланысты. Психодиагностика өз бетінше тәуелсіз ғылым болса да, ол жалпы психологиялық теориялардың дамуымен тығыз байланысты. Психодиагностика кейбір психологияның салаларымен өте тығыз байланысты, олар дифференциалды психология, психометрия. Дифференциалды психология - тұлғаның жеке ерекшеліктері туралы ғылым. Бұл ұғымды шетелде XIX-XX ғасырларда немістің атақты психологы Вильям Штерн енгізді, «адамның психикалық қызметтері мен қасиеттерінің мәнді ерекшеліктері туралы ғылым» деп анықтады. Психодиагностика мен дифференциалды психологияның пәндік аймақтары бір-бірімен сәйкес келеді, оларды мынадай белгілері бойынша бөлуге болады: психодиагностика жеке ерекшеліктерді өлшеуге бағытталған, ал дифференциалды психология жеке ерекшеліктердің себептері мен салдарларын кең түсінуге, тануға бағытталады. Психодиагностика «ғылым мен практика арасындағы көпір» ретінде қарастырылады: жеке психологиялық ерекшеліктер туралы ғылым (дифференциалды психология) және психологиялық диагноз қоюдың практикасы». (А.Г. Шмелев). Егер психодиагностиканы дифференциалды психологиядан бөліп қарастырсақ, онда бұл ғылым өзінің теориялық негізінен айрылады да, ғылыми мәні болмай қалады. Дифференциалды психологияның мамандары психодиагностиканы тәуелсіз ғылым ретінде қарастыруға қарсы келеді. Сондықтан да, дифференциалды психология мен психодиагностика бір-бірімен байланысып, бір-бірін толықтырып тұтас жүйені құрайды.

Психометрия – психологиялық тест пен тестілеуге қатысты ұғым. Бұл ұғымды ғылымға енгізген Вольф, психологиялық өлшем түсінігін айқындады. Эксперименталдық психологияда ең бірінші өлшеу шаралары - реакциялардың уақытын өлшеумен байланысты. Сондықтан да, алғашқы кезде психометрия ұғымы психикалық процестердің уақыттық сипаттарын өлшеу ретінде қарастырылды. Соңынан психометрияға психикалық құбылыстарды сандық жағынан анықтайтын барлық жағдайларды жатқызды. Психометрияға барлық психологиялық өлшеулер (психоденеліктен бастап жеке тұлғалық) жатады.

Әрбір психологиялық өлшеу құралдарын (тест, сауалнама) жасаған кезде белгілі бір анық талаптарды орындау керек. Бұл талаптарды қою арқылы өлшеу әдістемелердің жағымдылығын, нақтылығын, сенімділігін қамтамасыз етеді. Осы әдістемелердің көмегімен нәтижелер мен қорытындылар алынады. Бұл нәтижелер математикалық – статистикалық шаралардың қолдану жолдарымен шығарылады.

Математикалық – статистикалық аппараттың жетілуі, оның өңделуі жаңа тесттердің көптеп жасалуына және оның тиімділігін қамтамасыз етуге әкеледі. Психометриялық бағыттың дамуы психологиялық тестілеудің дамуына өзіндік үлесін қосады. Психологиялық тестілеу мен психометрия бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Мұны психометриялық тест терминінің қолдануы нақтыланды, өлшеу принциптерін қанағаттандыратын әдістемелердің сенімділігі мен валидтілігі бұл стандартталған әдістемелер арқылы түсініледі.

1920-30 жылдары психологиялық тестілеудің дамуына байланысты психометрияның ерекше саласы қалыптасты: дифференциялды психометрия. Дифференциялды психометрия жеке ерекшеліктерді зерттейді.

1970 жылдары жеке ерекшеліктерді зерттеу аймағында «психологиялық тестілеу» терминін ығыстырып шығарған термин пайда болды. Бұл – «Психологиялық баға».

«Психологиялық баға» терминін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде американдық психологтар мен психиаторлар қолданды. Бұл термин соңғы кезде кең таралып, ресми мәртебе алды, әртүрлі журналдарда психологиялық баға мәселесіне көптеген еңбек арналды. Баға дегеніміз - әртүрлі тәсілдер көмегімн алынған мәліметтерді жинау. Мысалы, интервью көмегімен, мінез-құлықты бақылау, психологиялық тесттер, физиологиялық немесе психофизиологиялық өлшеулер, арнайы өлшеу құралдар және т.б. Тестілеу бұл мінез-құлықтың әртүрлі шаралар көмегімен өлшеу. Психологиялық баға психологиялық тестілеуге қарағанда кең ұғым. Бағалау тек қана тесттер көмегімен емес басқа да әдістер арқылы жүзеге асады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Дифференциалды психология нені зерттейді?

2. Психометрия нені зерттейді?

3. Психометрия терминін енгізген ғалым.

4. психометриялық негізігі ұғымдарды атаңыз.

Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

3 дәріс



Тақырып: Психодиагностиканың ғылыми – теориялық негіздері.

Дәрістің мазмұны


1. Дифференциалды психометрика

2. Психодиагностикалық әдебиеттер мен әдістемелік материалдарға қойылатын талаптар.

3. Әдістемелерге қойылатын талаптар.

Мақсаты: Психодиагностиканың ғылыми-тоериялық негіздеріне қойылатын талаптар жөнінде түсінік беру.

Әрбір психодиагностика әдістемесі психологиялық теорияға негізделеді. Психологиялық теория негізінсіз психодиагностика жұмысының нәтижесі дұрыс қорытынды бермейді. Адамдарды зерттеуде әрі зерттеу нәтижесін қорытындылауда интерпритациясы жасалады.Бұл үшін біліммен қатар әдістемені меңгерудегі іскерлік болуы тиіс. Сонымен қатар психодиагностика жүргізгенде жағдайды ескерген жөн және жеке ерекшеліктерін білу қажет, бұл үшін психодиагностиканы жүргізгенде міндетті түрде төмендегідей моральдық этиканың нормаларын сақтауы тиіс.



  • Адамның еркінен тыс психодиагностикалық зерттеуден аулақ болу қажет.

  • Психологиялық тест жүргізбестен бұрын адамдарға алдын ала ескерту қажет.

  • Әрбір адам өзіне жүргізілген зерттеудің нәтижесін білуге құқығы бар.

  • Психодиагностикалық зерттеудің қорытындысы түсінікті жағдайда зерттелушіге айтылады.

Әдістемелерге мынадай жалпы талаптар қойылады:

    1. Әдістеменің ең алдымен мақсаты, пәні, қолдану аймағы құрылуы керек. Зерттеу пәні теориялық тұрғыда жазылуы керек. Әдістемені қолданудың аймағы айқын, яғни әлеуметтік ортада ма, қоғамдық тәжірибелік ортада ма екендігі, зерттелушілердің контингенті (жынысы, жасы, білімі, кәсіби дәрежесі) нақты көрсетілуі керек.

    2. Әдістеменің жүру барысы психологиялық білімі жоқ лаборантқа түсінікті берілу үшін, комьютерге енгізу үшін алгоритм ретінде жазылу керек.

    3. Өңдеген кезде статистикалық есептеу әдістерін қолдану қажет. Әдетте, қорытынды тестілеудің ұпайының негізгісі жазылады.

    4. Тест шкалалары сенімділікке, валидтілікке тексерілген болу керек.

Психодиагностика жүргізуде ескерілетін негізгі талаптар:

  1. Жақсы теориялық дайындық.

  2. Психодиагностика әдістемесін жеткілікті білуі.

  3. Психодиагностика әдістемесін қолдану.

  4. Практикалық іске қажетті психодиагностика әдістемесін орынды қолдана білуі.

Қосымша талаптар:

  1. психодиагностика әдістемесін дұрыс таңдай білу.

  2. әдістеменің түсінікті болуы.

  3. нұсқауы болуы.

  4. жағдайдың болуы.

Моральдық-этикалық талаптар:

  1. Адамның еркінен тыс әрі еркіне қарсы психодиагностикалық зерттеуден аулақ болуы тиіс.

  2. Психодиагностикалық тест жүргізбес бұрын адамдарға алдын-ала ескерту қажет.

  3. Әрбір адам өзіне жүргізілген тест нәтижесін білуге құқығы бар.

  4. Психодиагностикалық тест қорытындысы түсінікті формада жергілікті жағдайда зерттелушіге айтылады.

  5. Жасөспірімдермен жүргізілетін тест қорытындысын оның ата-анасына, не күтушісіне айтуға болады.

  6. Егер тест белгілі бір мақсатпен адамның психикалық даму деңгейін анықтауға немесе қызметіне орналасуға бағытталған болса, қорытынды нәтижесін айтуға болады.

Сонымен психодиагностика психолог жұмысынан кәсіби түрде арнайы дайындықты қажет етеді, әрі бұл бағыт психолог қызметінде күрделі аймақты қамтиды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Әдістемелерге қойыдлатын талаптарды атаңыз.

2. Психодиагностикалық зерттеу процессі кезінде қандай талаптар ескерілуі керек?

3. Моральдық-этикалық талаптарды атаңыз?



Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

4 дәріс



Тақырып: Психодиагностика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет