Барлығы – 45 сағат



бет7/8
Дата12.03.2018
өлшемі1,63 Mb.
#39318
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзектілік көрсеткіші оқыту мен тәрбиенің теориясы мен практикасынәрі қарай дамытуда проблеманы зерттеу және оны шешу қажеттілігі мен уақытын көрсетеді. Бұл көрсеткіш өзгермелі, қозғалмалы, уақытқа, нақты және спецификалық жағдайларды есепке лауға бағынышты. Ғылыми проблеманы белгілеу – ерекше көруді, арнайы білімді, тәжірибені, ғылыми квалификацияны қажет ететін шығармашылық акт. Ғылыми проблема ғылымның құралдарымен шешілетін басты қарама-қайшылықты көрсетеді. Зерттеу проблемасы әлеуметтік өмірдің белгілі саласын зерттеу қажеттілігінің көрінісі ретінде анықталады. Оның мақсаты – табиғаты мен ерекшеліктері дұрыс анықталмаған қарама-қайшылықтарды шешу. Проблеманың шешілуі зерттеудің мақсатын құрайды. Мақсат – басқаш айтылған мәселе.

Мәселенің белгіленуі зерттеу объектісінің таңдалуын қажет етеді. Объект ретінде педагогикалық процесс, не педагогикалық ақиқаттың саласы, не қарама-қайшылыққа ие, проблемді ситуацияны тудыратын кез-келген нәрсе, құбылыс. Объект – таным процесінің бағытталуы. Зерттеу пәні – объектінің бөлігі, жағы. Бұл тікелей зерттеуді қажет ететін практикалық және теориялық мәнді объектінің қасиеттері, жақтары, ерекшеліктері.

Зерттеу мақсаты, объектісі, пәніне сәйкес зерттеу міндеттері анықталады. Олар гипотезаны тексеруге бағытталады. Гипотеза – шынайылығы тексеруді қажет ететін теориялық негізделген пікірлердің жиынтығы.

Ғылыми жаңалығы көрсеткіші аяқталған зерттеудің сапасын бағалауға қажет. Ол білім берудегі жаңа теориялық және практикалық қорытындыларды, заңдылықтарды, құрылымы мен механизмін, мазмұнын, принципі мен технологиясын сипаттайды. Олар осыуақытқа дейін педагогика ғылымына белгісіз.

Зерттеудің жаңалығы теориялық, практикалық мәнге ие болуы мүмкін. Зерттеудің теориялық мәні – концепциялар тудыру, гипотеза, заңдылықтар, әдістер, модельдер, тұрғылар, ұғымдар, принциптерді белгілеу, проблеманы, тенденцияны, бағытты анықтау, жүйені жасау. Зерттеудің практикалық мәні – ұсыныстар дайындау және т.б.


Ғылыми зерттеудің логикасына сәйкес зерттеудің әдістемесі жасалады. Түрлі әдістерді қолдану арқылы зерттелетін мәселе жан-жақты қарастырылуына мүмкіндік туғызылады.

Педагогикалық зерттеулердің басты принциптері:



  1. біртұтастық принципі.

  2. тұлғалық принципі.

  3. іс-әрекеттік принципі.

  4. полисубъектілік принцип.

  5. культурологиялық принцип.

  6. этнопедагогикалық принцип.

  7. антропологиялық принцип.

Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті оның кәсіби дайындығының маңызды бөлігі болып табылады. Мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру кезеңді жүргізіледі.

Бірінші кезең – дайындық кезеңі. Міндеттері – республикадағы білім беру жүйесіндегі реформалар бағытымен, мектепте жұмыс жасау үшін белсенді, дербес, шығармашылық ойлауы дамыған түлектерді дайындауға қойылатын талаптармен таныстыру; педагогикалық іздену жұмысына мотивтерін дамыту; мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде біртұтас педагогикалық үрдісті таныту; ғылыми-педагогикалық зерттеудің кейбір зерттеу әдістерімен таныстыру.

Екінші кезең – шығармашылық кезең. Оның басты міндеті – ьелгіленген зерттеу объектісін кезеңді зерттеу. Кейбір өзгермелі шамаларды зерттеу мақсатында ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістерін меңгеру.

Үшінші кезең – интеграциялау кезеңі. Бұнда теориялық білім практикаға енгізіледі.

Төртінші кезең – бақылау-түзету кезеңі. Бұнда жасалған жұмыстың нәтижесі көрсетіліп, бағаланады.

Зерттеу ізденісінің логикасы мен динамикасы бірнеше кезеңдерден тұрады: эмпирикалық, гипотетикалық, экспериментальдық-теориялық (немесе теориялық), болжаулық.

Эмпирикалық кезеңде зерттеу объектісі жайында түсінік алынады, шынайы білім беру практикасы мен ғылыми білім деңгейі мен құбылыстың мәнін түсіну қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықтар белгіленеді, ғылыми проблема қалыптасады. Эмпирикалық талдаудың негізгі нәтижесі – зерттеудің гипотезасы. Гипотетикалық кезең зерттеу объектісі жайындағы түсініктер мен оның мәнін түсіну қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықты шешуге бағытталған. Ол зерттеудің эмпирикалық деңгейінен теориялық деңгейіне өту жағдайларын тудырады. Теориялық кезең зерттеу объектісі жайындағы функциональды және гипотетикалық түсініктер мен ол жайындағы жүйелі түсініктерге қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңумен байланысты.

Теорияны тудыру болжау деңгейіне өтуге мүмкіндік береді. Ғылыми ізденістің логикасына сәйкес зерттеу әдістемесін өңдеу жүзеге асырылады. Әдістеме – бұл теориялық және эмпирикалық әдістердің кешені.

Педагогикалық зерттеу әдістері – педагогикалық құбылыстарды зерттеу тәсілдері, ғылыми ақпаратты алу жолдары. Олардың барлығын үш топқа біріктіреді:


  1. педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері (бақылау, сұрау әдістері, оқушылардың шығармашылық әрекетінің нәтижелерін зерттеу, мектеп құжаттарын зерттеу, эксперимент);

  2. теориялық зерттеу әдістері (теориялықө талдау, жинақтау, индуктивті және дедуктивті әдістер);

  3. математикалық статистикалық зерттеу әдістері (тіркеу, ранжирлеу, шкалалау).

.

Он төртінші тақырып. Педагогикалық шығармашылықтың психологиялық-педагогикалық негіздері.

  1. Педагогтың шығармашылығы.

  2. Педагогикалық шығармашылықтың «алгоритмі».

  3. Педагогикалық міндетті жүзеге асыру технологиясы.

Мұғалімінің кәсіби-педагогикалық мәдениеті барлық мұғалімдер үшін шынайы мүмкіндік ретінде қарастырылады. Оны меңгеру педагогикалық іс-әрекеттің құндылықтары мен технологияларын шығармашылық заттау қабілеттерімен жүзеге асырылады. Құндылықтар мен технологиялар тек шығармашылық ізденіс пен оларды шығармашылықпен практикалық жүзеге асыру үрдісінде ғана тұлғалық мәнге ие болады.

Қазіргі ғылымда шығармашылық мәдениеттің құрылымдық, интегративті компоненті ретінде қарастырылады.

Педагогикалық қызметтің шығармашылдық сипаты педагогтың ойлау әрекетінің ерекше стилін қажет етеді. Ол мұғалімнің барлық психикалық салаларының күрделі жинақтау жұмысын жүргізуге әкеледі. Онда шығармашылық ерекше орынға ие. Шығармашылық спецификалық қабілеттерден және олардың бейнеленуінен көрінеді. Соның бірі – педагогикалық ойлауға қабілеттілік. Жоғары деңгейлі интеллект мұғалімнің педагогикалық фактілер мен құбылыстарды жекелеп тануға емес, педагогикалық идеяларды, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу теорияларын меңгеруге жол ашады.

Шығармашылық тұлғаға мына қасиеттер тән: тәуекелге даярлығы, сенімдерінің дербестігі, қызбалық, танымдық «дәлдігі», сенімдерінің сындылығы, қиял мен ойдың ұшқырлығы, әзілді түсіне білуі және т.б.

Педагогикалық шығармашылыққа бірнеше ерекшеліктер тән:


  1. Уақыт пен кеңістікте қатаң тәртіпте орналасуы.

Шығармашылық процестің кезеңдері (педагогикалық ойдың пайда болуы, оны өңдеу, оны жүзеге асыру және т.б.) өзара тығыз байланысқан. Олар бір кезеңнен келесі кезеңге тез және дер кезінде өтуді талап етеді. Егер жазушы, ғалым, суретшінің шығармашылық қызметінде ұзақмерзімді және қысқамерзімді үзілістер болып тұрса, мұғалімнің кәсіби қызметінде олардың болуы мүмкін емес. Педагогтың уақыты шектелген. Оқу-тәрбие процесінде жоспарланған және күтпеген оқыс оқиғалар пайда болуы мүмкін. Оларды педагог сол кезеңде тез және дұрыс, нәтижелі шешуі тиіс.

  1. Педагогтың шығармашылық ізденіс нәтижелерінің кейінге шегерілуі.

Материалдық және рухани іс-әрекетте оның нәтижесі бірден материяға ие болады, сондықтан оны белгіленген мақсатқа сәйкес бағалауға, көруге болады. Ал мұғалім қызметінің нәтижесі оқушылардың білімі, білігі, дағдысында, іс-әрекет формасында, мінез-құлқында көрінеді, айқындалады.

  1. Мұғалімнің педагогикалық үрдісте ата-аналармен, әріптестерімен ынтымақтастығы.

Ол педагогикалық қызметте ортақ мқсаттың қойылуымен сипатталады. Мұғалімдер және оқушылар ұжымындағы шығармашылық ізденіс атмосферасы қуатты ынталандырушы фактор болып танылады. Мұғалім маман ретінде оқушыларға білім беру процесінде кәсіби қызметіне шығармашылық көзқарасты қалыптастырады.

  1. Мұғалімнің шығармашылық педагогикалық потенциалы көрінуінің білім беру үрдісінің әдістемелік және техникалық жабдықталу деңгейіне бағыныштылығы.

Стандартты және стандартты емес оқу-зерттеушілік құрал-жабдық, техникалық жабдықталу, мұғалімнің әдістемелік дайындығы және оқушылардың психологиялық дайындығы педагогикалық шығармашылықтың спецификасын сипаттайды.

  1. Мұғалімнің жеке эмоциональдық - психологиялық күйін басқаруы және оқушылардың іс-әрекетінде адекватты мінез-құлқын тудыра білу іскерлігі.

Педагогтың оқушылардың белсенділігі мен қиялын шектемей, өзін-өзі көрсетуге және өзін-өзі жүзеге асыруға барлық жағдай тудыруы, оқушылармен қарым-қатынасты шығармашылық процесс, диалог ретінде ұйымдастыруы. Педагогикалық шығармашылық ашықтық, жағдайында жүзегше асырылады.

Осылайша, педагогикалық шығармашылық – бұл педагог тұлғасының жеке, психологиялық, интеллектуалды күштері мен қабілеттерін өз бетімен жүзеге асыру үрдісі.

Шығармашылық педагогикалық еңбек нормативті іс-әрекеттің сипаттамаларына ие. Педагог меңгерген нормативті педагогикалық қызметтің алгоритмі, әдіс-тәсілдері мен жолдары стандартты емес, күтпеген ситуациялардың көп санына енгізіледі. Бұның бәрі мұғалімнің педагогикалық ойлауының инновациялық стилін қажет етеді.

Педагогикалық шығармашылық кәсіби-педагогикалық мәдениеттің компоненті ретінде өздігінен пайда болмайды. Оның дамытылуына мына жағдайлар қажет: жағымды мәдени шығармашылықты атмосфера, ынталандырушы орта, объективті және субъективті жағдайларобъективті жағдайлардың маңыздысы - әлеуметтік-мәдени, педагогикалық ақиқаттың, нақты мәдени-тарихи контекстінің әсері. Сонымен қатар, ұжымдағы жағымды эмоцмональдық психологиялық климат, психо-педагогикалық және арнайы саладағы ғылыми білімнің даму деңгейі, оқыту және тәрбиелеудің адекватты құралдарының болуы, педагогикалық процестің материалдық-техникалық жабдықталуы, әдістемелік ұсыныстардың ғылыми негіздемесі, қажетті уақыттың болуы.

Субъективті жағдайларға біртұтас педагогикалық процестің басты заңдылықтары мен принциптерін білуі, мұғалімнің жалпымәдени жеңгейінің жоғарылығы, оқыту мен тәрбиенің қазіргі концепцияларын меңгеруі, типтік ситуацияларды талдау және шешім қабылдауы, шығармашылыққа бағытталуы, дамыған педагогикалық ойлау мен рефлексия, педагогикалық тәжірибе және интуиция, шешім қабылдау шеберлігі, педагогикалық технологияны проблемді көру және меңгеру.

Он бесінші тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас – шығармашылык процесс ретінде.


  1. Педагогикалық қарым-қатынас.

  2. Педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру кезеңдері.

Қарым-қатынас - әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Ол адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бір-бірінің ұмтылыстарына, ойларына, күйлеріне және сезімдеріне әр түрлі дәрежедегі күштермен әсер етеді.

Қарым-қатынаста өзара байланысты үш жағы бөлінеді: коммуникативті /ақпарат алмасу/, интерактивті /қарым-қатынасқа түсетін индивидтердің белсенді өзара әрекетін ұйымдастыру/, перцептивті /қарым-қатынасқа түсушілердің бірін-бірі қабылдау үрдісі, осы негізде өзара түсінікті орнату/.

Қарым-қатынас – педагогикалық іс-әрекеттің маңызды кәсіби құралы. Педагогикалық қарым-қатынас – бұл жағымды психологиялық ахуалды тудыруға бағытталған мұғалімнің оқушылармен кәсіби қарым-қатынасы. Педагогикалық қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық процесс ретінде мыналармен сипатталады: тұлғаны тану, ақпаратпен алмасу, іс-әрекетті ұйымдастыру, рольдік алмасу, іс-әрекетті ұйымдастыру, өзін-өзі бекіту. Педагогтың міндеті – оқушыларға өзіндік «Менін» тануға жағдай жасау, өзінің тұлғалық мәнін терң сезінуі, тұлғаның болашағын және адекватты өзін-өзі бағалауын қалыптастыру.

Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы.

Педагогикалық қызметтің өнімділігі көбіне мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас технологиясын меңгеру деңгейіне байланысты. Білім беру мен тәрбиелеудің міндеттерін шешуде кездесіп отыратын түрлі қиыншылықтардың болуы мұғалімнің балалармен дұрыс қарым-қатынас ұйымдастыра алмауынан туындайды.

В.А.Кан-Каликтің мұғалімге арналған педагогикалық қарым-қатынас технологиясы кітабында: тәрбиенің тіимділігі баланың бойында қандай қасиет тәрбиелегіміз келетінін білу, сол бағытта жағымды қарым-*қатынас тудыруға тәуелді делінген. Бұл жинақталған қарым-қатынас механизмі арқылы қалыптасады. Сондықтан да әрмұғалімнің алдында педагогикалық қарым-қатынас технологиясын меңгеру міндеті тұр.

Педагогикалық қызметпен байланысты қарым-қатынас – бұл оқытудың міндеттерін шешудің құралы, әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етілген білім беру процесі, педагог пен балалардың оқыту мен тәрбиенің жетістікке жетуіне жағдай жасалуы.

Педагогикалық қарым-қатынас технологиясының жоспардағы ерекше шығармашылық типі ретінде ақпаратты бере алуда, оқушының жағдайын түсінуде, балалармен өзара қарым-қатынас ұйымдастыруда, қарым-қатынас серігіне әсер ету өнерінде, өзінің психикалық жағдайын басқара алуда көрініс табады.

Коммуникативті міндет. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас процесі коммуникативтік міндет жүйесі ретінде берілгендіктен, педагогикалық қарым-қатынас технологиясының мәнін «коммуникативтік міндет» ұғымымен түсіндіреді. Коммуникативтік міндетпедагогикалық міндеттен шығады, дәл сондай шешу кезеңдерінен тұрады: жағдайды талдау, варианттарды және оның ішінен тиімдісін таңдау, коммуникативті әрекеттесу және оның нәтижесін талдау.

Педагогикалық міндетті шешудің барлық кезеңінде педагог салаларға сәйкес қалыпты қарым-қатынас технологиясын қолданады, соның көмегімен педагогикалық әрекетті ұйымдастырады.

Жалпы коммуникативтік міндет баяндау және ынталандырудан құрылады. Баяндау түрлері: өзінің баяндауы, мәлімет беру, хабарлау, атап өту, жауап, жеткізу, рапорт және т.б. Ынталандыру түрлері: бұйрық, талап ету, ескерту, ақыл беру, тапсырма, шақыру, өтініш, уағыздау және т.б.

Коммуникативтік міндет оқыту міндетін шешудің әдісі ретінде қарастырылады. Мұғалімнің коммуникативтік іс-әрекетінің – қызметі белгіленген:



  1. ынталандырушы

  2. жауап беруші

  3. бақылаушы

  4. ұйымдастырушы

Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері келесі негізден құралады:

1. Қарым-қатынас жағдайында бағдар көрсету кезеңі келесі компоненттерге сүйенеді: педагогтың қарым-қатынас стилін сезіну, осы ұжыммен болатын қарым-қатынастың ерекшеліктерін ойша құрастыру – коммуникативті есте сақтау; жаңа коммуникативтік қызмет жағдайында қарым-қатынас стилін анықтау; сныптағы жағдаятқа және ағымдағы педагогикалық міндеттен шығады. Мұнда соныңнегізінде сынып, балалар тобы немесе жеке тәрбиеленушілер қатыса алатын қимыл-қозғалыс объектісін нақтылау жүзеге асады.

2. Өзіне көңіл аударту кезеңі әртүрлі тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады. Олар мына варианттарға бөлінеді: сөздік-вербалтды қарым-қатынас, өзіне көңіл аудартудың ішкі белсенді талабы мен үзіліс, белгі-кестелерді, көрнекілікті ілу, тақтаға жазу.

3. Нақтылау кезеңінде педагог алдыңғы кезеңдерде жинақталған қарым-қатынас жағдайын және мүмкін болатын міндеттерді нақытлайды. Өнімді қарым-қатынас деңгейін анықтауға тырысады.

4. Коммуникативтік міндетті шешудің негізгі кезеңі – вербальды қарым-қатынасты жүзеге асыру. Мұндай қарым-қатынастың жетістігі педагогтың жақсы вербальдық еске сақтауына байланысты, жарқын нақты сөйлеу, тілдік әдістерді дұрыс таңдау білуі, ақпаратты беру мәтінін логикалық түрде құрастыра білуі, интонациясына байланысты.

5. Коммуникативтік міндетті шешудің ең соңғы кезеңі – кері мазмұнды және эмоциональды байланысты ұйымдастыру. Кері мазмұнды байланыс қатысушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі туралы ақпарат береді. Ол фронтальды және шұғыл жеке сауалнама арқылы орындалған тапсырманы талдау арқылы жүзеге асырылады.

В.А.Кан-Каликтің белгілеуінше, кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы мынадай:


  1. Педагогтың оқушылармен қарым-қатынасын жобалауы.

  2. Бастапқы әрекеттесуде тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру.

  3. педагогикалық үрдіс барысында қарым-қатынасты басқару.

  4. Жүзеге асырылған қарым-қатынас жүйесін талдау және оны болашақ іс-әрекетке сәйкес жобалау.

Педагогикалық қарым-қатынас стильдері (В.А.Кан-Калик):

  1. Шығармашылық іс-әрекет қарым-қатынасы

  2. Достық қарым-қатынасы

  3. Қорқыту қарым-қатынасы

  4. Ара қашықтық қарым-қатынасы

  5. Ойын қарым-қатынасы

7. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

Теориялық материалды меңгеру бойынша әдістемелік нұсқау
1 дәріс

Тақырыбы: Жоғарғы кәсіби білімнің заңды негіздері.

Дәріс мазмұны:


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына жалпы сипаттама.

  2. Мұғалімнің құқығы мен міндеттері.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

2 дәріс

Тақырыбы: 05.01.03 «Педагогика және психология» мамандығы.

Дәріс мазмұны



  1. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің құрылымы, оның даму перспективасы.

  2. 050103-«Педагогика және психология» мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарты

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

3 дәріс

Тақырыбы: Педагогикалық мамандыққа жалпы сипаттама.

Дәріс мазмұны



  1. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы мен калыптасуы.

  2. Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

4 дәріс

Тақырыбы: Педагогикалық мамандықтың дамуы перспективасы

Дәріс мазмұны



  1. Педагогикалық мамандықтың даму перспективасы.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

5 дәріс

Тақырыбы: Педагогтың кәсіби кызметі

Дәріс мазмұны



  1. Педагогикалық қызметтің мәні, мақсаты.

  2. Педагогикалық қызметтің негізгі түрлері - оқыту мен тәрбиелеу.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

6 дәріс

Тақырыбы: Педагогтың тұлғасы.

Дәріс мазмұны



  1. Педагог түлғасы. Негізгі кәсіби маңызды қасиеттері.

  2. Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

7 дәріс

Тақырыбы: . Педагогикалық қызметтің құрылымы.

Дәріс мазмұны



  1. Педагогикалық кызметтің компоненттері (Н.В.Кузьмина).

  2. Педагогтың функциялары.

  3. Профессиограмма

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

8 дәріс

Тақырыбы: Педагогтың кәсіби қабілеттілігі.

Дәріс мазмұны



  1. «Кәсіби қабілеттік» ұғымы.

  2. Педагогикалық іскерлік.

  3. Кәсіби қабілеттілік және педагогикалық шеберлік.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

9 дәріс

Тақырыбы:Педагог тұлғасының даярлығы және кәсіби қалыптасуы.

Дәріс мазмұны



  1. Педагогтың жалпы педагогикалық дайындығының күйі.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

10 дәріс

Тақырыбы: Студенттердің оқу еңбегінің мәдениеті.

Дәріс мазмұны



  1. Жалпы педагогикалық білім, білік, дағдының қалыптасу кезеңдері.

  2. Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

11 дәріс

Тақырыбы: Педагогтың даярлық жүйесіндегі педагогикалық практика (сараман).

Дәріс мазмұны



  1. Педагогикалық сараман міндеттері.

  2. Педагогикалық сараманның мазмұнының ерекшеліктері.

  3. Педагогикалық сараманды басқару.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

12 дәріс

Тақырыбы: Зерттеу іс-әрекетінің маңызы

Дәріс мазмұны



  1. Педагог тұлғасының қалыптасуындағы зерттеу іс-әрекетінің орны.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

13 дәріс

Тақырыбы: Педагогикалық қызметтің компоненті – зерттеу іс-әрекеті.

Дәріс мазмұны



  1. Педагогикалық зерттеулердің басты көрсеткіштері.

  2. Ғылыми ізденістің негізгі бөліктері, олардың маңызы, өзара байланысы.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

14 дәріс

Тақырыбы: Педагогикалық шығармашылықтың психологиялық-педагогикалық негіздері.

Дәріс мазмұны



  1. Педагогтың шығармашылығы.

  2. Педагогикалық шығармашылықтың «алгоритмі».

  3. Педагогикалық міндетті жүзеге асыру технологиясы.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

15 дәріс

Тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынас - шығармашылык процесс ретінде.

Дәріс мазмұны



  1. Педагогикалық қарым-қатынас.

  2. Педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру кезеңдері.

  3. Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
ӨЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау

Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.

“Мозайка” әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі



Кезеңдер

Позициялар

Мазмұны

1 кезең. Жеке жұмыс.

А Б

В Г


Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.

2 кезең. Жұппен жұмыс

А <-> Б

В <-> Г


Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.

3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)

А Б

| |


В Г

Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.

4 кезең. Топтық шешім қабылдау

А Б

\ /


/ \

В Г


Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.

Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет