Барлығы – 90 сағат



бет7/12
Дата18.02.2017
өлшемі1,99 Mb.
#10126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2. Қазіргі мектепте оқытудың 3 түрі қолданылады: түсіндірмелі – иллюстративтік /ТИ/, кейде оны дәстүрлі оқыту деп атайды; проблемалық /Пбо/; бағдарламаланған /программированное/ /БО/ және оның негізінде дамыған компьютерлік оқыту /КО/.

Түсіндірмелі – иллюстративтік оқыту. Мұндай оқытудың негізгі әдісі – түсіндіруді көрнекілікпен ұштастыру. Оқушылардың іс-әрекетінің жетекші түрлері – тыңдау және еске сақтау. Басты талап және тиімділігінің көрсеткіші – оқығанды қатесіз қайталап айту. Түсіндірмелі – иллюстративтік оқытудың он жақтары: уақыт үнемдейді; оқушылардың күрделі білімдерді түсінуін жеңілдетеді; оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Кемшіліктері: «даяр» білімдерді беруі, оқыту процесін жекелеп және саралап жүргізуге толық жағдай жоқ.

Проблемалық оқыту эвристикалық әдістерді қолдануға негізделген оқытудың бір түрі. Мақсаты – практикалық және теориялық – танымдық сипаттағы проблемдік жағдайларды шешу процесінде эвристикалық іскерліктерді дамыту. Іздеушілік процеске оқушылардың білімдері және талдау іскерліктері қатыстырылып, олар онан әрі белсенділік сипатқа ие болады. Оқу проблемасы күрделі болғанымен оқушылардың оларға әлі жететін болу керек. Проблеманы шешудің кезеңдері: оқу проблемасына кірістіру және оны ұғыну; осы сұрақ бойынша бар білімді талдау, олардың жеткіліксіздігін анықтау, жетіспейтін ақпаратты іздеуге қатыстыру; мәселені шешу үшін әртүрлі тәсілдермен білімді табу; алынған нәтижені тексеру. Проблемалық оқытудың оң жақтары: өзіндік шығармашылық іс-әрекет арқылы дербес түрде білімге ие болуы, оқу әрекетіне жоғары қызығушылық, өнімді ойлауды дамыту, оқытудың берік және әрекетті нәтижесі. Кемшіліктері: оқушылардың танымдық әрекетін басқарудың қиындығы, әлсіздігі, қойылған мақсатты орындау үшін көп уақыт кетеді.

Бағдарламаланған /программалық/ оқыту - әрекеттердің /операциялардың/ бірізділікті жүйесі, оларды орындау алдын-ала жоспарланған нәтижеге әкеледі. Бағдарламалап оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жақсарту. ПО ерекшеліктері: оқу материалы бөлек-бөлек порцияларға бөлінеді: оқыту процесі бірізділікті қадамдардан тұрады, онда білімнің порциясы және оларды меңгеретін ойлау операциялары бар; әрбір қадам тексерумен аяқталады /сұрақ, тапсырма, т.б./; егерде оқушы қадағалаушы тапсырманы дұрыс орындаса материалдың жаңа порциясын алады да оқытудың келесі қадамын орындайды; оқушы дұрыс емес жауап берсе көмек және қосымша кеңес алады; әрбір оқушы дербес жұмыс істейді және әлі келетін қарқынды оқу материалын меңгереді; бүкіл қадағалаушы тапсырмалардың орындалуы есепке алынады және олар оқушының өзіне /ішкі кері байланыс/ және мұғалімге /сыртқы кері байланыс/ белгілі болады; педагог оқытуды ұйымдастырушы және оқушы қиындық көргенде кеңес беруші рөлінде болады; оқыту процесінде БО құралдары кеңінен пайдаланады: программаланған оқу құралдары, тренажерлер, қадағалайтын жабдықтар, оқыту машиналары.

Жеке электрондық-есептеу машиналарының қарқынды дамуы компьютерлік оқытудың жаңа технологиясын дүниеге әкелді. Қазіргі кезде оларды қолданудың жолдарын іздестіру қажет.

3. Оқыту процесінің методологиялық және философиялық негізі диалектикалық материализмнің таным теориясы болып табылады, онда таным процесінің диалектикасы, ойдың бір кезеңнен екінші кезеңге қозғалысы ашып көрсетіледі.

Адамның танып білуі бірнеше кезеңнен өтеді:

1) Ең алдымен сезімдік тану болады, ол арқылы бала өзін қоршаған табиғи және әлеуметтік құбылыстары, оқиғалар, заттар туралы түрлі елес алады. Осы сезімдік образдар барынша жүйеленсе және жалпыланса, балаға мектепте оқу жеңіл болады. Бірақта сезімдік тану жүйесінде бала қоршаған дүниенің заңдылықтарын көрсете, айыра алмайды.

2) Дерексіз /абстракталық/ танып білу, ұғымдар жүйесін меңгеруі. Мұнда мектептік оқыту қажет. Оқушының танымдық іс-әрекеті бір жақты болады. Ол қоршаған дүниенің белгілі бір жақтарын оқу пәндерінің мазмұны арқылы зерттеп біледі. Оқушының танымдық іс-әрекетіндегі нақтылық және дерексіздік қарама-қайшылықты күш ретінде болып, оның ақыл-ой дамуында әр түрлі үрдістерді құрастырады.

3) Танып білудің жоғары кезеңі, яғни жоғары дамыған абстрактылық ойлаудың негізінде қоршаған дүние туралы жалпыланған елес қалыптасып, ал ол өз кезегінде көзқарастарды, сенімдерді, дүниеге көзқарастарды қалыптастырады.

Мектептегі оқу баланы ғылыми білімдер, ұғымдар, заңдылықтар дүниесіне енгізеді. Оқушы аз уақыттың ішінде адамзат ғасыр бойы танып білген, жинақтаған білімді меңгеріп алады.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

Оқыту дегеніміз не?

Оқыту процесінің мәні неде?

Оқыту процесінің функцияларын ата.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін ата.

Оқыту түрлері және олардың кемшіліктері мен жетістіктерін атаңаыз.

Оқыту түрлерінің сипаттамасын және ерекшеліктерін атаңыз.

Адамның танып білуі қандай кезеңдерден өтеді?



Әдебиеттер:

1.Әбиев Ж.,Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

2.Ильин Е. Рождение урока. М., 1986.

3.Педагогика ./Курс лекций. А., 2003.

4.Подласый И.П. Как подготовить эффективный урок. Киев. 1989.

5.Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М., 2000.

6.Подласый И.П. Педагогика. М., 2003.

7.Поташник М.М. Как развивать педагогическое творчество. М., 1987.

8.Коменский Я.А. Ұлы дидактика. Алматы, 1993.

9.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.

10.Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы, 1992.

11.Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. М.,1981.

12.Лихачев Б.Т. Педагогика М., 1998.

13.Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. М., 1984.

14.Сластенин В:А., Исаев И.Ф. Педагогика М., 1997.

15.Щукина Г.И. Проблема познавательного интереса в педагогике.М.,1971.


5-апта.

5 дәріс тақырыбы: Оқыту процесінің мәні



Жоспары:

Оқыту процесінің құрылымы, негізгі сатылары.

Көрнекті педагогтардың еңбектеріндегі дамыта оқыту идеялары.

1. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін басқаруға үйрену үшін, олардың білімді меңгеруінің кезеңдерін жақсы білу керек. Негізгі кезеңдері: қабылдау, оқу материалын ұғынуы, бекіту, практикалық іс-әрекетте білімді қолдануы.

І - кезең – қабылдау. Психологияда қабылдауды мақсатты бағытталған танымдық процесс ретінде қарастырады. Ол таңдаушылық сипатта болады. Сондықтан оқушыларға ең алдымен тақырыпты хабарлау керек, яғни олар нені оқитынын білуге тиіс. Міндет қойылып, ол түсіндірілуге тиісті. Егерде оқушылар оқу міндетін ұғынбаса материалмен таныстыра бастауға болмайды.

Сосын мұғалімнің жетекшілігімен оқушылар даярлық жұмыстарды орындайды. Оқу материалымен бастапқы танысу жүзеге асырылады. Онда шынайы немесе суреттелген заттармен, құбылыстармен, жағдайлармен жұмыс жүргізіліп, таныстырылады, тәжірибелерді жүргізу іске асырылады.

Бірінші кезеңде оқушылар қандай құбылыстарды, уақиғаларды, заттарды т.б. оқитын туралы ұғымдары болады және оқу міндетін түсінеді.

ІІ – кезең – оқу материалын ұғыну. Оның мәні: білімдегі теориялық астарларды бөлу және талдау. Басты ойды тауып, ұғымдарды бөліп шығарып, олардың белгілерін негіздеу, түсіндіретін материалдың сипатын ұғыну, мысалдардың жиынтығын және түсіндіретін фактілерді танып білу. Мұнда оқушының білімінде жүйе қажет, онда ол басты екінші қатардағы қосымшаны түсіндіретін элементтерді көріп отырғаны абзал. Оқып жатқанды екі түрде негіздей дәлелдей алатын болуы керек, яғни репродуктивтік түрде: мұғалімнің түсіндіру логикасын қайталайтындай және шығармашылық түрде: сөйлеуінде өзінің мысалдарын, фактілерін, шешу тәсілдерін қосуы.

Бұл кезеңді орындалды деуге болады, егерде оқушылар оқу міндетінің шешу тәсілдерін түсінсе және білімдегі жүйені ұғынса.



ІІІ-кезең – еске сақтау немесе бекіту. Мұндағы міндет ұзақ уақытқа алған білімді сақтау. Осы кезеңде танымдық іс-әрекет жаттығу, дербес репродуктивтік және шығармашылық жұмыс түрінде көбірек сипат алады. Теориялық материал, ұғымдар, ережелер, дәлелдеулер әр түрлі жаттығуларда қайталанады. Ұғымдардың белгілері берік бекітіледі,ережелер, теоремалар, заңдар жақсырақ есте қалады.

Мұғалім оқушылардың жаттығуларды саналы орындағанын қадағалап отыру керек. Мұғалім еске сақтаудың әр түрлі тәсілдерін оқушыларға үйретіп отырады.

Үшінші кезеңнің қорытындысында оқушылар теориялық материалды білулері қажет және оны жаттығуларды орындағанда, есептерді шығарғанда, теореманы дәлелдегенде және т.б. қолдана білуі керек. Оларда оқу іскерліктері және дағдылары қалыптасқан.

ІҮ кезеңде оқушылар алған білімді, іскерлікті және дағдыны практикалық іс-әрекетте қолдана білу қажет.

Бұл қатынаста сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстан үлкен мүмкіншіліктері бар. Балалардың жас техниктер, жас натуралистер үйірмелеріне, спорттық, көркемөнер секциясына т.б. шараларға қатысуы оқу іскерліктері мен дағдыларын практикалық іс-әрекеттің әр түрлерімен байланыстыруға көмектеседі.

Оқытуды оқушылардың практикалық іс-әрекетімен байланыстыру оларда моральдық сапаларды қалыптастыруға, қызығушылықтарын және ынталарын, оқудың он мотивациясын тәрбиелеуге септігін тигізеді.

2. Оќыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенiн психология ғылымы жеткiлiктi дәрежеде де дәлдеп бердi деп айтуға болады. Бұл мәселенi түбегейлi зерттеп, бала дамуындағы оќытудың ролiн, алар орнын аныќтаған корнектi психолог Л. С. Выготский.

Ол дамуды оќытумен тең, керiсiнше оќу мен даму екi бөлек процесс деген көзќарастарды ќатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегiдей екi аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.



1. Бала дамуының жаќын аймағы - баланың тек үлкендердiң көмегі арќылы атќара алатын iстерi.

2. Бала дамуыныњ ќол жеткен аймағы - баланың үлкендердiң көмегiнсiз iстей алатын iстерi.

Баланың дамуы бiрiншi аймаќты меңгеру арќылы жүзеге асады. Дамудың ќол жеткен аймағы жаќын аймаќпен өзара ќызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өрiс ашылады. Бұдан әрi психиканыњ бүкiл саласының ќалыптасуы, адамның белсендi ќызметтi өрiстетуi мүмкiн болады. Бұл процесте ол бiр жағынан өзiнiң iскерлiгi мен ќабiлетiн нығайтып жетiлдіреді, жаңа дағдыларды игередi, екiншi жағынан материалдыќ және рухани байлыќтар жасап, осы арќылы адамзат мєдениетіне өз үлесiн ќосады. Баланың потенциалдыќ мүмкiндiктерi неғұрлым жан-жаќты үйлесiмдi, толығыраќ дамыса, есейген кезде, оның ќызметi соғұрлым мазмұнды, жан-жаќты, табысты болады.

Оның жүзеге асырудың жолдарын ол соғұрлым серпiндi меңгерiп, жаңғырта алады. Демек, шын мәнiндегi - ертеңгі меңзеу орын алады.

Ғалым психологтар Л. В. Занков, А. А. Люблинская, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оќытудың мазмұнын, сипатын өзгертуге арналған зерттеулер жасалады. С. Л. Рубинштейн, Е. Н. Кабанова-Меллер және басќалар өз зерттеулерiнде оќыту дамудың негiзгi алғы шарты екенiн делелдейдi.

И. Я. Лернер «даму деген ұғымды педагогикалыќ заңдылыќтарға негiздей отырып, адамның әртүрлi ќиындыќтардағы мәселелердi шеше бiлуге дайындығы деп түсiндiредi. Мұндай аныќтама интелектуалдыќ iс-әрекеттi жоғары орынға шығарады. Мәселе ќаншалыќты күрделi болса, оны шешуге жұмсалатын аќыл-ой ќызметi де соншалыќты кең, аумаќты, демек даму деңгейi де жоғары болады.

Дамыта оќыту идеясын алғашќылардың бiрi болып 1959-60 жылдары ќолға алған академик Л.В.Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оќытудың жаңа жүйесiн мұғалiмдер ќауымы үлкен ыќыласпен ќабылдағанымен, белгiлi себептерге байланысты өрiстен кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерiнде ќайтадан ќолданыла бастады. Ќазiр бұл жүйе дәстүрлi оќытумен ќатар пайдаланып келедi.

Л. С. Выготскийдің теориясы Д. Б. Эльконин басќарған шығармашылыќ топ жұмысында әрi ќарай жалғастырылады. Баланың - өзiн-өзi өзгертушi субъект ретiнде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргiзiлдi. Екi авторлар тобы да өз жүйелерi бойынша оќу бағдарламаларын, оќулыќтарын, әдiстемелік ќұралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оќыту ғылыми теориядан практикалыќ iс-тәжiрибеге батыл ене бастады.

Дамыта оќыту — дәстүрлi оќытуға соңғы уаќыттарға дейiн балама жүйе деп ќарастырылды. Оныњ нәтижесiнде әр оќушы өзiн-өзi өзгертушi субъект дәрежесiне көтерiлуi көзделiп, соған оқыту барысында лайыќты жағдайлар жасау үлкен нәтеже бердi.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

Оқыту процесінің құрылымы, негізгі сатыларына сипатта.

Бала дамуының аймақтары.

Оқытудың қызметін атаңыз.

Дамыта оқыту туралы түсінік.

Әдебиеттер:

1.Әбиев Ж.,Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

2.Ильин Е. Рождение урока. М., 1986.

3.Педагогика ./Курс лекций. А., 2003.

4.Подласый И.П. Как подготовить эффективный урок. Киев. 1989.

5.Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М., 2000.

6.Подласый И.П. Педагогика. М., 2003.

7.Поташник М.М. Как развивать педагогическое творчество. М., 1987.

8.Коменский Я.А. Ұлы дидактика. Алматы, 1993.

9.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.

10.Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы, 1992.

11.Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. М.,1981.

12.Лихачев Б.Т. Педагогика М., 1998.

13.Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. М., 1984.

14.Сластенин В:А., Исаев И.Ф. Педагогика М., 1997.

15.Щукина Г.И. Проблема познавательного интереса в педагогике.М.,1971.


6-апта

6 дәріс тақырыбы: Оқу мотивтері



Жоспары:

1. Оқу мотивтері туралы түсінік.

2. Оқу әрекеті мотивтерін қалыптастыру.

3. Оқуға мотивацияны арттыру шарттары.

3. Оқушыларды оқуға ынталандыру.

1. Мотивтер /франц. motif, лат. moveo – қозғалтамын/ іс-әрекеттің түрткісі, олар субъектінің өмір сүру жағдайының әсерімен құрылады және оның белсенділігінің бағытталғандығын анықтайды. Мотив ролінде сұраныстары, қызығушылықтары, талпыныстары, эмоциялары, бағытталғандығы және мұраттары болып табылады. Бала мектепке келгенде мектепте болуға деген қызығушылықпен байланысты және қоғамдық өмірге белсенді қатыстырылу мотивтері онда басым болады. Өсе келе бұл мотивтер өзгеріске түседі: бір жағдайларда жақсы баға алуға деген қызығушылық пайда болады, екіншілерде білімнің өзіндік мазмұнына қызығушылық туады.

Себептендіру /мотив/ - баланы оқуға ұмтылдыратын күш. Оқушының оқу мотивтері – борыш сезімі, мұғалімнен мақтау алу ниеті, жазалаудан қорқуы, ересектердің талабын орындау әдеті, танымдық қызығушылық, сыныпта өз орнын табуға деген ұмтылысы, ата-аналарды қуантуға ниеті, «бестік» бағасын алуға талпынысы, сыйлық алуға деген ұмтылысы.

Оқу іс-әрекетіне барынша сәйкес мотивтер – оқу-танымдық мотивтері. Оқушының оқу мотивтері оның тұлғасының бағытталғандығын, жетістіктері мен сәтсіздіктерін көбіне-көп анықтайды. Оқудың мотивтері оң болуы мүмкін /білімге деген ұмтылысы, жақсы баға алуға деген ниеті, ата-аналардың және мұғалімдердің ризашылығына ие болу, құрдастарының арасында сыйлы болу, мамандық алуға ұмтылысы, еңбекке талпынысы, Отанына пайдалы болу, сүйікті адамдарға ұқсас болу т.б./ бейтарап оқыту процесіне мәнді әсер етпейтін оқушының жеке өмірінің мотивтері/ теріс оқуға кедергі келтіретін, білімді меңгеру процесіне, мектепке оқу қызығушылығына зиянды әсер ететін мотивтер: оқуға деген ниеттің болмауы, оқу білімі, өзінің оқу еңбегін ұйымдастыра білмеуі, оқуда қалып қоюы, тәртіпсіздік, жолдастарының және ата-аналарының теріс әсері/ немесе осы үш түрі ұштасуы мүмкін.

2. Мұғалімнің міндеттері: оң мотивтерді дамыту және бекіту; бейтарап оқу мотивтеріне әсер етіп, оларды оң мотивтерге айналдыруға тырысу; теріс мотивтерді ең болмағанда бейтарап мотив деңгейіне түсіруге тырысу. Оқушыны дер кезінде сүйеп, өз күшіне сенімді орнықтыру қажет.

Оқудың оң мотивін дамытудың және қалыптастырудың негізі оқу іс-әрекеті, оқудағы танымдық қызығушылықты дамыту болып табылады. Балалардың өзін басқаруға, өзін-өзі тәрбиелеуге әлі тәжірибелері аз. Проблемдік жағдайларды жасау оқу сабағына қызықтылықты, білуге деген ұмтылысты береді. Оқуға оң қатынасты туғызу үшін қызықты практикалық сабақтарды, топсеруенді, бақылауларды қолдану керек. Мұғалімнің басқарушы ролі мынада: оқумен байланысты жүйе, қызығушылықтардың, ұмтылыстардың және ниеттердің үйлесімділігін жасау болады.

Мотивацияны қалыптастыру бағдарламаларының жалпы мәні мұғалімнің оқушыларды оқуға деген саналы, жағымды, жауапкершілікпен қарау қатынасының деңгейіне көшіру, яғни оқушылардың берілген білімнің өмірде пайдалылығына саналы түсінуі деп түсінген дұрыс.

А.К.Маркова оқушылардың оқуға мотвациясын мақсатты түрде қалыптастыру жұмыстарын былайша бөліп көрсетеді:

Оқуға мотивацияны қалыптастыруға жағдай жасайтын мұғалім іс- әрекетінің тәсілдері.

Мотивацияның кейбір жақтарын бекітуге бағытталған арнайы жаттығулар.

Сабақ кезеңдерінде және үлгерімі төмен оқушылардың оқуға жағымды мотивациясын қалыптастыру және арттыру.

Оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастырудың және оны зерттеу кезеңдерінің бірізділігі.

Оқушылардың оқу мотивациясының жағдайы мен қалыптасу барысының мәлімет картасы.

Оқуға жағымды мотивацияны қалыптастыруға, тәрбиелеуге сынып және мектеп ішіндегі психологиялық атмосфера ықпалын тигізеді. Оқушылардың іс-әрекетінің түрлерін ұйымдастырудың ұжымдық формаларының ықпалы зор. Мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекетіндегі қарым-қатынасы тапсырманы орындауға тікелей араласу түрінде емес, дұрыс шешім табуға итермелейтін ақыл-кеңес беру түріндегі мұғалімнің көмегі болуы тиіс. Сонымен бірге жағымды мотивацияны қалыптастыруда мұғалім оқу материалын қызықты жеткізе білуі, эмоционалдылығы, танымдық ойындар, пікірталас жағдаяттар, өмірлік жағдаяттарды талдау, болашақтағы өмірде мектепте алатын білімді қолдану мен оқудың қоғамдық және тұлғалық маңызын түсіндіру; мадақтау мен жазалау әдістерін шеберлікпен қолдана білуі тиіс. Сонымен қатар мұнда оқушының оқу әрекетінде өз бетімен жұмыс істей алуы мен өзін-өзі бақылауы, ортақ оқу іс-әрекеттеріне қосылуының маңызы зор. Оқуға мотивацияны қалыптастырудың түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мұғалім мотивацияға әсер ететін сыртқы, тіпті жағымды шарттардың өзі тікелей әсер етпейтінін, оқушылардың өзінің ішкі позициясы, қатынасы арқылы қабылдайтынын есте сақтаған жөн. Сондықтан міндетті түрде мұғалімнің ықпалына оқушылардың саналы, тұрақты қатынасы, ішкі позициясының кейбір астарларын қалыптастыруға бағытталған белгілі жүйелерді (жағдаяттар, тапсырмалар, жаттығулар) алдын-ала қарастырған дұрыс.



Оқушылардың оқуға мотивациясын қалыптастыру дегеніміз бұл мектепте оқуға деген ішкі ұмтылысты (мотив, мақсат, эмоция) қалыптастыру, оларды оқушылардың саналы сезінуі, өздерінің мотивациялық сферасын одан әрі дамытуы. Мұғалім бұл жағдайда оқушыладың мотивациялық сферасы стихиялы түрде қалай дамитынын және қалыптасатынын салқынқанды бақылаушы позициясын ұстанбай, керісінше психологиялық тәсілдер жүйесінің көмегімен оқу мотивациясының артуына дем беріп отыруы қажет.

3. Мотивацияның /стимулдаудың/ шарттары: білім мазмұнын жекелік бағытталған қызықты материалдармен байыту; барлық оқушыларға ізгілікті қатынас; танымдық сұраныстарын қанағаттандыру; қызықты қарым-қатынас; ойлауды сезіммен байыту; білуге деген құштарлықты дамыту; белсенді өзін-өзі бағалау; өзін-өзі дамытуға ұмтылыс; балалардың бастамашылығын қолдау; оқу еңбегіне жауапкершілікті қатынас.

Мотивацияның тәсілдері:

оқушының ниетіне сүйену;

салыстыру, мысалдар;

оқушыларда асқан ниетті болдырту;

оқушыны түсіну;

баланы қызықтыратын дүниелер туралы сөйлеу;

істелінген қылықтардың неге соқтыратынын көрсету;

баланың жақсы жақтарын мойындау;

талап қою арқылы стимулдау;

жетістіктерді көрсету;

мақтау;


баламен сезімдес болып сынау.

Балалар туралы жақсы сипаттама беріп, мүмкін болған жағдайда мадақтауды жиі қолдану керек, оларды өз күштеріне сенетін жағдайларды туғызған абзал.



4. Ынталандыру /стимулдау/ дегеніміз оқушыны бір нәрсеге итеру, ұмтылдырту болып табылады. Бала үшін оқу – оңай шаруа емес. Мектеп практикасы оқудың қажеттігін түсіну жеткіліксіз екендігін көрсетіп отыр. Түрлі себептерге байланысты бала өзі ұнатқан іс-әрекеттермен айналысуға көп уақытын сарп етіп, оқуды шетке шығарып қояды. Міне, осындай жағдайларда дұрыс таңдалған және қолданылған ынталандырулар /стимулдар/ керек-ақ.

Ынталандырудың негізгі әдістеріне мыналар жатады: мадақтау, жазалау, жарыс.



Мадақтау – балаға /немесе ұжымға/ педагогикалық әсер, онда тәрбиеші /немесе ұжым/ жекелеген оқушының /немесе ұжымның/ қылығына, мінез-құлқына оң баға береді. Мадақтаудың әсері оң эмоцияны қоздыруға негізделген. Сондықтан өз күшіне сенімділікті, жауапкершілікті, жақсы көңіл күйді туғызады. Мадақтаудың түрлері: мақұлдау, өз күшіне сендіру, мақтау, алғыс, құрметті құқық беру, грамоталармен, сыйлықтармен марапаттау т.б.

Жазалау – бала орнатылған талаптарды орындамағанда және қоғамда қабылданған нормалар мен ережелерді бұзғанда қолданатын педагогикалық әсер. Жазалау арқылы педагогтар мен ата-аналар балаға оның қандай бір қылығын дұрыс еместігін ұғынуға көмектеседі. Өзін кінәлі сезінуге және осындай жағымсыз қылықтарды қайта жасамауға психологиялық кедергіні қалыптастыруға көмектеседі Мектептегі жазалаудың түрлері: құптамау, ескерту, ауызша және жазбаша сөгіс, сабақтан шығару, орындамаған тапсырманы орындату үшін сабақтан кейін алып келу, ата-аналарды шақыру, педагогикалық кеңеске шақырту, мінез-құлқы үшін бағаны кеміту, аз мерзімге мектептен шығару, 16 жастан кейін мүлдем мектептен шығару. Осы орайда денелік және психикалық күш қолдануға мүлдем тыйым салынады.

Жарыс – іс-әрекеттің әр түрлерінде /қоғамдық жұмыс/ оқушылардың шығармашылық күштерін дамытады және белсенділігін арттырады, алдағыларды қуып жетуді, арттағыларға көмектесуді көксейді, сөйтіп осы негізде жоғары жетістікке жетуді мақсат етіп қояды. Жарыс жекелік және ұжымдық болуы мүмкін. Жарыстың тиімділігі жоғары болады, егер де оның нәтижесі үнемі қорытындыланып отырылса.

Белсендету – қуатты, мақсатты бағытталған оқуға ұмтылдырту.

Қызығушылық – тануға, білуге деген ұмтылыста көрініс табатын танымдық сұраныстың формасы. Қызығушылық мыналарға тәуелді: 1) алған білімнің, іскерліктің, ақыл-ой тәсілдерінің қалыптасқандығының деңгейі мен сапасына; 2) оқушының мұғалімге деген қатынасына.

Стимул – қажетті нәтижеге жету мақсатында оқушыны «итермелеу». Оқытудың стимулдары: балалардың ниеті, жетістіктерді салыстыру, оқушылардың түсінігі, мәселелерге деген қызығушылық, жетістікті қуаттау, жұмыстың жағымдылығы, орынды талаптар, мұғалімнің мақтауы, мүдделес сын, жақсы мінездеме алу.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

Мотив дегеніміз не?

Оқу мотивтерін ата.

Танымдық мотив дегеніміз не?

Оқу әрекеті мотивтерін қалыптастыру тәсілдерін ата.

Оқуға мотивацияны арттыру шарттарын көрсет.

Стимул дегеніміз не?

Белсендіру дегеніміз не?



Әдебиеттер:

Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова А.Педагогика.-Дарын, 2002.

Белкин А.С. Ситуация успеха. Как ее создать. М.,1991.Выготский Л.С.

Дусавицкий А.К. Формула интереса. М.,1989.

Егошина Е.В. Методика исследования мотивов учения.//Нач. Шк. -1995.-№5.

Қоянбаев Ж .Б,Қоянбаев Р.М.Педагогика.А., 1998

Леонтьев А.Н. Потребности, мотивы и и эмоции. М.,1971.

6.Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации учения. М.,1990.

Педагогика.Дәріс курсы.А, 1999

Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М., 2000.

Подласый И.П. Педагогика. М., 2003.

Педагогика ./Курс лекций. А., 2003.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет