Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми


Симпатикалық жүйкесінің кеуде бөлімі



бет11/50
Дата20.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#169396
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Байланысты:
жүйке-сезім мүшелері
Сейтова Лена Мұратқызы, Бижанова Алма
Симпатикалық жүйкесінің кеуде бөлімі 10-12 жұп түйіннен тұрады. Бұл түйіндер қабырғалардың басының алдында плевра мен ішкі кеуде шандырының артында жатыр.
Симпатикалық жүйкенің куде бөлігінен жүрек, өкпе, өңеш, қолқа торлары пайда болады. Олар аттас мүшелерді симпатикалық жүйкемен қоректендіреді. Кеуде түйінінің ең ірі жүйкелері: ішкі мүшелердің үлкен және кіші жүйкесі. Олар көк ет пен іш қуысына өтіп, баған торының (чревное сплетение) құрылысына қатынасады.
Симпатикалық жүйкенің бел бөлімі 3-5 бел түйіні түрінде бел омыртқалардың алдыңғы бүйірдегі бетінде орналасқан. Ол баған торының (чревное сплетение) қолқа, бүйрек, бүйрек үсті торларының құрылысына қатынасып іш қуысындағы мүшелерді симпатикалық жүйкемен қамтамасыз етеді.
Симпатикалық жүйенің сегізкөз бөлімі 4 сегізкөз түйіні мен 1 құйымшық түйінінен пайда болады. 4 сегізкөз түйіні жамбас астауының артқы бетінде, бел омыртқалардың алдында жатады.
Құйымшақ түйіні құйымшақтың алдыңғы бетінде. Симпатикалық жүйкенің сегізкөз бөлімінен жамбас қуысындағы мүшелерді жүйкелендіретін тармақтар шығады.
Парасимпатикалық жүйке жүйесі - орталығы парасимпатикалық ядролар. Олар үлкен ми діңгегінде және жұлынның «ат құйрығы» деп аталатын ұшында. Бас мидің 12 жұп жүйкесінің көзді қорғаушы (ІІІ жұп), беттік (VII), тіл-жұтқыншақ (ІХ), кезеген (Х) жүйкелерінің құрамында болады.
Беттік және тіл-жұтқыншақ жүйкелерінің парасимпатикалық талшықтары сілекейдің бөлінуіне, ал кезеген жүйкесінің парасимпатикалық тармақтары тыныс алуға, жүректің қызметін реттеуге қатынасады. Сонымен бірге парасимпатикалық тармақтар орталығы сопақша мида, оның қызметін реттеуге әсер етеді. Жұлынның құйымшақ сегментінде ораналасқан парасимпатикалық жүйке жүйесінің ядроларынан үлкен және кіші дәреттерді реттейтін тармақтар шығады.


Тақырып 13. Жүйке жүйесінің физиологиясы.


Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) - мүше және жүйелердің оптимальды қызмет атқаруын ұйымдастыратын және ағзаның біртұтастылығын қамтамасыз ететін, бас миы мен жұлында орналасқан жүйке түзілістерінің жиынтығы. ОЖЖ-не жұлын, артқы, ортаңғы, аралық ми, мишық, алдыңғы ми жатады. Осы құрылымдардың әр біреуі өзіне тән морфологиялық және функциональдық қасиетті иеленеді.
Нейрон - ол жүйке жасушасы. Нейрон арасын нейроглия толтырады. нейрондар пішіні мен көлемі жағынан әр түрлі. Ол дене және денеден шығатын өсінділерден тұрады. Нейронның ұзын өсіндісін аксон деп, ал қысқа тармақталған талшығын дендрит дейді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жерін аксон төмпешігі дейді. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонның ұшында рецептор (қабылдауыш) болады. Ал орталық жүйке жүйесіндегі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондардың осындай ұштары бір-бірімен түйісіп синапс құрайды. Қозу серпінісін рецептордан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы сезімтал (афференттік), ал орталықтан қозуды шеткі мүшелерге жеткізуші талшықты қозғалтқыш (эфференттік), сезімтал жүйке мен қозғалтқыш жүйке жалғастыратын жүйкені аралық жүйке деп атайды. Жүйке талшықтарының майлы жұмсақ қабықтарының болу-болмауына байланысты миелинді және миелинсіз деп ажыратады. Нейроглия нейрон аралығын толтырып жататын жасушалар, нейрондарға қаннан қорек заттарын алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанға өткізеді, сұйықтықтың иондық құрамын, медиаторлар мен судың деңгейін бір қалыпта сақтап нерон тіршілігіне қажетті жағдай жасайды. Тармақтарының санына қарай нейронның бірнеше түрлерге бөледі: көп тармақты нейрон - мультиполярлы, қос тармақты нейрон- биполярлы, бір тармақты нейрон- униполярлы. Атқаратын қызметтеріне қарай нейронды бірнешеге бөледі: сезімтал, қозғалтқыш, аралық, тежеуші нейрондар.
Нейрондар барлық клеткалар сияқты ішкі және сыртқы орта факторларының әсеріне тітіркенгіш келеді, яғни тыныштық күйден әрекет күйіне көшеді. Нейронның тітіркендіргіші басқа нейрондардан немесе рецепторлардан келетін жүйке импульстары болып келеді. Тітіркендіргіштердің табиғатына қарай бірнеше түрлері бар: механикалық, температуралық, электрлік, химиялық. Қозу дегеніміз организмнің сыртқы ортаның тітіркендіргішін қабылдап, оған күшті қозу арқылы жауап беру қасиетін айтады. Тірі ағзада ұлпаларды 2 бөледі.. қозғыш ұлрпалар (жүйке, бұлшықет, секреторлы жасушалар), қозбайтын ұлпалар (шеміршек, дәнекер ұлпасы, тері эпителиі). Тітіркендіру әсерінен қозғыш ұлпаларда қозу процесі туады. Бір жасушадан екінші жасушаға қозу тек бір бағытта ғана жүреді, аксоннан жасуша денесіне және басқа нейронның дендритіне.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет