Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет13/50
Дата20.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#169396
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
жүйке-сезім мүшелері
Сейтова Лена Мұратқызы, Бижанова Алма
Рефлекторлық доға. Әрбір рефлекстің жүзеге ауысуына, рецептордан орындаушы ағзаға жүйкелік импульс тарайтын жол рефлекторлық доға (РД) деп аталады. РД келесі 5 бөлімнен тұрады:
1. Рецептор, ол тітіркендіргіш әсерін қабылдайтын құрылым.
2. Афферентік жол, ақпаратты рецептордан ОЖЖ немесе жүйке орталығына жеткізетін жол.
3. ОЖЖ немесе жүйке орталығы -ақпаратты афференттік жолдан қабылдап, оны түзеді және талдау қызметін атқарады.
4. Эфференттік жол- талданылған ақпаратты ОЖЖ –шеткі мүшеге немесе орындаушы мүшеге жеткізетін жол.
5. Орындаушы мүше- жеткізілген ақпарат бойынша өз әрекетін өзгертеді, яғни белсенділікке өтеді.
Ми сабауының қызметі.


Орталық жүйке жүйесінің жеке бөлімдерінің физиологиясы
Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлімдерден тұрады. Орталықтағы нейрондардың денесі мида немесе жұлында орналасқанмен, олардың ұзын талшықтары жұлыннан, мидан шығып шеткі ағзаларға барып таралады.
Жұлынның анатомиялық құрылысын еске түсіру.
Сұр зат рефлекстік қызмет атқарады, ал ақ зат қозуды өткізеді. Жұлынның сезгіш нейрондарын афференттік жүйелер тері, ет, сіңір ішкі ағзалар рецепторларынан импульсті әкеледі. Қозғалтқыш нейрондардың жүйелері қозуды шеткі ағзаларға, қанқа еттеріне жеткізеді. Сезгіш және қозғалтқыш нейрондар, аралық нейрондар арқылы немесе бір- бірімен тікелей байланысып рефлекстік доға түзеді. Сондықтан жұлын мидың қатысынсыз-ақ өзінің жұлын рефлекстерін атқара алады. Дегенмен біртұтас организмде жұлынның қызметі ми қызметіне бағынышты. ОЖЖ-де оның төменгі бөлімдерінің қызметін жоғарғы бөлімдері теттеп отырады. Жұлынның аффренттік және аралық нейрондарының аксоны мен бұтақтары рецептордағы қозуды миға жеткізетін жұлынның жоғарыға қарай өрлейтін жолын құрады. Бұл жолдардың көбі жұлын ақ заттының артқы және бүйір бағандарында өтеді. Қозуды ми нейрондарынан жұлынға жеткізетін эфференттік талшықтар жұлынның төмен түсетін жолын құрады. Бұлар жұлынның алдынғы және бүйірдегі бағандарында өтеді. Жұлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент алдынғы және артқы жұлын түбірлері арқылы дененің оған сәйкес және көршілес сегментімен байланысады. Сондықтан жұлынның бір түбірі бұзылса , не кесілсе оған сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс функциялары толығынан жойылмайды. Оның қызметін көршілес сегменттің нейрондары орындайды. Адамның жұлынында 13,5 млн-дай нейрондар болады. Олардың 97% сезгіш және аралық, 3% қозғалтқыш нейрондар (мотонейрондар), алдынғы мүйізінде орналасқан. Бұл нейронның аксоны адамның бет еттерінен басқа барлық қанқа еттерімен байланысқан. Тұтас бір бұлшықеттің барлық миоциттерімен байланысатын нейрондар тобын нейрондық пұл деп атайды. Бұлар тұтас қозбауы мүмкін. Осыған орай жиырылатын ет талшықтарының саны оған байланысты етті жиыру әр түрлі болмақ. Аралық нейрондар басқа нейронмен қоздыратын не тежейтін синапстар құрады. Олар қозу мен тежелу процестерінің тууын реттейді және белгілі бір сегменттін ішіндегі көршілес сегменттер арасындағы байланыстарды іске асырады. Бұл нейрондар сұр заттың денесінде , артқы мүйіздің жылтыр бөлімінде орналасады. Бұл жасушалар жұлынның жоғары қарай өрлейтін жолын құрады. Сезгіш нейрондар жұлын ганглийлерінде топталған . Бұл жасушаның бір талшығы болады. Ол ганглийден шыға 2-ге бөлінеді. Оның бірі рецепторлада туған қозуды сезгіш нейронның денесіне жеткізеді де, ал 2-ші талшығы сезгіш нейронның импульстерін жұлын нейрондары мен ми қыртысы нейрондарына апарады. Вегетативті жүйке жүйесінің ганглийге дейінгі симпатикалық нейрондары жұлынның кеуде, бел сегменттерінің бүйір мүйізінде, ал парасимпатикалық нейрондары сегізкөз бөлімінде орналасады. Олардың көбі эфференттік нейрондар көптеген висцералдық рефлекстердің орталығы. Жұлынның ядроларында еттерді бүгетін , жазатын, еттің ұзаққа созылатын қатаюын және фазалық әлсін-әлсін жиырылуын тудыратын рефлекстер орталығы болады. Мұнымен қатар вегетативтік функцияларды реттейтін орталықтар бар. Жұлынның бүйір мүйізінде орналасқан: қан тамырларын кенейтіп тарылтатын, жүрек соғуын, ас қорыту бездерінің сөл бөлінуін ас қорыту жолының қимылын, несеп, нәжіс, жыныс жүйелері қызметтін реттейтін орталықтар. Бұлар арқылы жұлын көптеген висцеральдық рефлекстерге қатысады. Жұлынның аталған күрделі қызметтерін ми қадағалап реттеп отырады. Мидың әсерін шеткі ағзаларға және кері қарай олардың рецепторларынан қозуды миға жұлын ақ затындағы жоғары, төмен кететін жолдары арқылы жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет