Басылым: алтыншы


Портфолио критериалды жүйе бойынша жетістіктерді (мұғалімнің, оқушының) бағалауда әділдік пен айқындықты арттыру мақсатында енгізіледі. Портфолионы



бет10/11
Дата28.09.2023
өлшемі133 Kb.
#182878
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 Семинар
471780.pptx, Бұлшық ет, Анкета (1), Instrukciya dlya podachi zayavleniya na poluchenie uslugi-kk, Отчет 1, ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС № 2, ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС №6, MICROSOFT POWER POINT практика каз., 2.2.6- ТЕМА NORTON , 3 ДӘРІС , Презентация мультимедия, Sql (1), OSI көпдеңгейлі жүйесі баяндама, 3D модельдеу
Портфолио критериалды жүйе бойынша жетістіктерді (мұғалімнің, оқушының) бағалауда әділдік пен айқындықты арттыру мақсатында енгізіледі.
Портфолионы ресімдеудің критерийлері:

  • өздік мониторингтің жүйелілігі мен жиілігі;

  • материалдардың құрылымдалуы, барлық жазбаша түсініктемелердің ықшамдылығы,

  • қисындылығы;

  • ресімдеудің ұқыптылығы және әсемділігі;

  • ұсынылған материалдардың тұтастығы, тақырыптық тұрғыдан аяқталуы;

  • таныстырылымның негізділігі мен көрнекілігі.

Диалог (грекше – dialogos) – әдеби шығармада екі кейіпкердің немесе бірнеше адамның сөйлесуі, оларды сөйлестіру тәсілі. Драмалық шығарма түгелдей дерлік диалогте сөйлестіруге және жеке кейіпкерді сөйлетуге, монологке негізделіп құрылады.
Диалогтік тілдесім барысында оқушылар жұп болып та, топ болып та, ұжым болып та бір-бірімен тілдік қарым-қатынасқа түседі. Бұл – диалогтік сөйлеудің өзіндік белгілері. Диалогтік оқыту амал-тәсілі оқушыларды сөйлеуге, белсенділікке, өзара пікір алысуға итермелейді. Диалог барысында пікірлесіп тұрған тұлғалар «әрі хабар жеткізуші, әрі хабарды қабылдаушы» қызметін атқарады.
З.Қабдолов өзінің «Сөз өнері» еңбегінде: «Адам сөйлесе дегендей, әркімнің сөзі арқылы өзін танимыз. Себебі, әркімнің сөйлеген сөзінде оның бүкіл ішкі болмысы, өзіне тән психологиялық өзгешелігі – ақылы, ойы, сезімі, ұғымы, танымы, нанымы, білімі, мәдениеті түп-түгел тұнып тұрады»,- деп жазады. М.Бахтин: «Ақиқат жеке адамның ойында пайда болып, жадында жатпайды, ол – диалогтік қарым-қатынас үрдісінде ақиқатты бірлесіп іздеп жүрген адамдардың арасында пайда болады»,– деген.
Монолог (грекше – monologos, mono – бір, logos – сөз) – бір адамның өз ойын, көзқарасын білдіруі. Монологтік сөйлеу дегеніміз – бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы. Монологтік сөйлеуге оқушылардың белгілі бір тапсырманы түсіндіруі, мұғалімнің жаңа тапсырманы баяндауы, хабарлама, баяндама жасауы жатады.
Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:
1.Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайып жатуды тілейді;
2.Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, «келе жатқан тоғызыншы» деген сөйлемге осындай нөмірлі автобусты күтіп тұрған адамдар ғана түсіне алады.
3.Диалогтік логикалық жағы (жоспарлылығы, дәлелдігі, т.б.) кемдеу болады;
4.Диалог сөз ым-ишаралармен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтың қозғалысы т.б.) толықтырылады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет