Басылым№2013ж беттің шісі



бет3/6
Дата01.04.2017
өлшемі1,46 Mb.
#13199
1   2   3   4   5   6

3. Топырақ ылғалдылығы
       Топырақ қопсытылған су сыйымдылығы бар дене болғандықтан, оның құрамында әр уақытта азды-көпті ылғал болады. Топырақ ылғалы – оның құнарлығының бір шарты. Ылғал топыраққа ауадан түскен жауын-шашын мен жер бетіндегі судан және жер астының ыза суынан келеді. Топырақ ылғалы әр жерде әр қилы. Бір жерлерде топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерлерде тапшылау. Топырақта кездесетін ылғалдың өзі де өсімдіктерге сіңімділігі әр түрлі болып келеді. Ылғалдың кейбір түрлері өсімдіктерге тіпті сіңбейді. Жалпы топырақтағы ылғал төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді.

        Химиялық байланысқан су топырақ минералдарының құрамына еніп, өте тығыз байланысқа түседі. Сондықтан топырақтағы биологиялық процестерге қатыспайды.

        Бу күйіндегі су топырақ кеуектерінде кездесетін, судың жоғары температурада булануынан пайда болады. Бу күйінде ол өсімдіктерге сіңбейді, тек тамшыға айналғанда ғана оны өсімдіктер жақсы сіңіре алады.

                                                                                                          

2.1–кесте. Ылғал түрлері ( С. А. Монин бойынша )


Топырақ ылғалының түрі

Байланыс мөлшері мен өзгешелігі

1.Сұйық, ылғал немесе су

а)  гравитациялық су                           

б) Топырақ түйірлерінің ішіндегі су            бос сулар

в) жарғақты су                                                 физикалық бос байланысты

 

                                                  2.Бу



г)  Бу                                         1/2               ұшпалы су

д) Гигроскопиялық су                                    физикалық берік байланысты

                                           3.Қатты күйдегі су

е) Мұз                                                             қатты

        ж) Кристалданған су              1/2          химиялық байланыстағы  

                                                                        гидратты сулар

з) Жасушадағы су                                          биологиялық байланысты су


 

Гигроскопиялық су топырақтың беткі қабаты арқылы сіңірілген молекула күйінде болады. Ол өсімдіктерге пайдасыз. Топырақпен тығыз байланысқан бұл суды тек 100° астам температураға дейін қыздыру арқылы ғана түгел буға айналдыруға болады.

Топырақтың ауадағы су буының құрамындағы суды өз бойына тарту және сақтау қабілетінің мөлшері гигроскопиялық ылғалдылық деп аталады. Оның көлемі топырақтың құрылымдық және химиялық құрамы мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығына байланысты. Соңғысы неғұрлым жоғары, ал топырақ майда болса, соғұрлым гигроскопиялық ылғалдылық та жоғары болады. Ылғал топырыққа сіңе отырып, ондағы саңылаулардың бәрін толтырады. Топырақтың бойына сіңіре алатын судың ең көп мөлшері-топырақтың толық ылғал сіңіргіштігін құрайды. өсімдіктер үшін ең қолайлы ылғалдылық топырақтың толық ылғал сіңіргіштігінің 60 % –не тең мөлшері болып табылады.

Топырақтағы су өзінің салмағы әсерінен төмен қарай жылжи бастайды. Су еркін ағып болғаннан кейін топырақ ұстап қалған ылғалдылықтың ең көп мөлшері топырақтың /сіңіргіштігі/ ылғалдылығы деп аталады. Бұл көрсеткіш құрғақ топырақтың салмағына пайыз есебімен шаққанда: құмдақ топырақтар үшін - 12%, күлгін сазды топырақтар үшін -18%-ке, қара топырақтар үшін- 24% тең болады да оның одан әрі төмендеуі судың капиллярлар деп аталатын   саңылауларға орналасуына әкеп соғады. Судың бұл түрі капиллярлық су деп аталып, өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етудің тұрақты көзі болып табылады.



Капиллярлық судың мөлшері азайып, ол топырақ бөлшектері немесе майда түйірлері арасында ғана сақталып қалса, өсімдік қурай бастайды. Демек, топырақтағы судың бәрі де өсімдіктерге жете бермейді. Егер топырақтағы су  мөлшері егістік ылғалдылықтың (сіңіргіштіктің) 2/3 нәтижесінен азайса, өсімдік өсуін баяулата бастайды. Сондықтан егістік ылғалдылығын анықтау арқылы топырақтың сумен қанығу тәртібін реттеуге болады

2.5 – сурет. Өртенген жерде өскен өсімдіктерді гигроскопиялық

сумен суғару


Қылтүтік суы топырақ қылтүтіктерінде жоғары-төмен жылжи отырып өсімдіктер бойына оңай сіңеді. равитациялық су өз салмағымен топырақтың жоғары бетінен төменгі қабаттарына жылжиды. өсімдіктерге оңай сіңеді. Бірақ өз салмағымен тез жылжитындықтан, өсімдіктер оны көп пайдалана алмайды, ол су топырақ астына жерасты ыза суының қорына қосылады.

Қатты күйіндегі судың қатарына мұз, қар жатады. Қатты күйінде өсімдіктерге сіңімсіз, ал еріген кезде топыраққа сіңіп, өсімдіктер үшін пайдаға асады. Табиғаттағы олардың көлемі негізінен суық аймақтарда, Антарктида түгелдей, терістік мәңгі тоң тараған алқаптарда жыл бойы кездессе, кей аймақтарда тек жылдың қыс айларында, ал кейбір аймақтарда тіпті жылдың қыс айларында да болмайды. Себебі, әлемде қыс болмайтын жерлер де кездеседі.

Жерасты ыза суы топырақтың, ал көбіне топырақ түзуші тау жыныстарының  әр түрлі тереңдіктерінде әдетте, су өткізбейтін қабат үстінде жиналады. Жерасты ыза суы көбіне топырақ қабатынан көа тереңдікте жататындықтан топыраққа және өсетін өсімдіктерге еш әсері тимейді. Ал керісінше, кей жағдайларда, әдетте, ТМД елдерінің батыс және теріскейде жатқан ылғал мол түсетін аудандарында, өзен бойлары мен сағаларында және суармалы егіс алқаптарында топырақ астындағы ыза сулар жер бетіне жақын жатып топырақ түзуге, өсімдіктер өміріне өте үлкен әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда көбінесе шалғынды топырақтар кездеседі.

Топырақ суын абсолюттік таза су деп түсінбеуіміз керек. Бұл құрамында суға еріген әр түрлі заттары бар топырақ ерітінділері. өсімдіктер барлық қоректік заттарды тек осы ерітінділерді бойына сіңіру арқылы алады. Сондықтан да топырақ суы – оның құнарлығының негізгі шарттарының бірі. Академик Г.Н.Высоцкий топырақ суының өсімдіктер үшін маңызын айта келіп, оны адам қанымен салыстырған (Г.Н.Высоцкий, 1962).

 

4. Топырақ ауасы
Топырақ қопсыған кеуек дене болғандықтан, оның құрамында үнемі ауа болады. Бұл ауаның мөлшері топырақтың ылғалдылығына, тығыздығына, өңделу жағдайларына, механикалық құрамына, өсіп-өніп тұрған өсімдіктерге, ағаштарға тағы басқа жағдайларға байланысты.

Өртенген жердің өңделген топырақтарында ауаның мөлшері топырақ көлемінің 30-40 пайызына тең. Мұның біраз бөлігі топырақ бөлшектеріне сіңеді, оны сіңген ауа деп атайды. Ал ауаның қалған мол бөлігі топырақ кеуектерінің арасында болады.

Неғұрлым топырақта су көп болса, соғұрлым онда ауа мөлшері аз, себебі мол су ауаны топырақ құрамынан ығыстырып жібереді. Мысалы, күріш егістерінің топырақтарында су жер бетінде көлдеп тұратындықтан, онда ауа мөлшері мүлдем жоқ. Керісінше, ылғалы аз, жиі қопсытылып, жиі өңделетін топырақтарда ауа мол болады.

Топырақ – көптеген өсімдіктер мен микроорганизмдердің тіршілік ететін мекені. Олар тыныс алады, көптеген органикалық заттарды ыдыратып ауаға ұшырады. Осының нәтижесінде топырақ ауасының құрамы, атмосферадағы ауаға қарағанда өзгешелеу. Мысалы, топырақ ауасындағы көмір қышқылының мөлшері 0,15 - 165% шамасында, ал атмосферадағы оның мөлшері небары - 0,03% ғана. Топырақ ауасындағы оттегі мөлшері атмосферадағыдан анағұрлым аз.

Топырақ ауасы топырақта өсетін өсімдіктер мен микроорганизмдерге көп әсер етеді. Топырақтағы ауаның молдығына, аздығына, оның құрамына қарай мұнда әр түрлі микроорганизмдер өмір сүреді. өсімдіктер тамырының тереңдеп немесе көлденең өсуіне топырақтағы ауа режимінің дұрыс болуының пайдасы зор.

6-7-дәріс. Тақырыбы: Орман өртінің туындау, таралу себебі және тәртібі.


  1. Орман өртінің себептері.

  2. Орман өртінің туындауынын көздері.

  3. Өрттің таралу себептері.


1 Орман өртінің себептері.
Орман өрті - бұл орман қорында өрттің бағынбай, апатты жағдайға жеткізе таралуы. Өрттерді 3 түрге бөлу қалыптасқан: төмендегі, жоғарыдағы және топырақтағы (жер асты, шымтезекті).

Төмендегі өрт. Төмендегі өрт - оттың жер бетінің топырақты жабыны бойын-ша таралуымен сипатталады. Орманда жерге түскен ұсақ бұтақ-тардың, қабықтардың, қылқандардың, жапырақтардың үйіндісі; ағаш төсемелері, құрғақ шөп және шөпті өсімдіктер; топырақтың үстіңгі бетін жауып жатқан шөп, мүк, ұсақ бұталар және ағаш діңдерінің төмен жағындағы қабықтары жанады.

Оттың таралу жылдамдығы мен жану ерекшелігіне қарай төмендегі өрттер үстірт (шарпып өтетін тиіп-қашпа) және тұраклы болып сипатталады.

Төмендегі үстірт (шарпып өтетін тиіп-қашпа) өрт -эс -е-се, көктем маусымында. жердің үстіңгі топырақты бетіндегі ұсақ жанғыш заттардың ең жоғарғы қабаты өткен жылғы шөпті өсім-діктер кепкен мезгілде өрбиді. Оттың таралу жылдамдығы едәуір жеткілікті - 180-300 м/сағ. (3-5 м/мин) және желдің жерге жақын қабаттағы жылдамдығына тікелей тәуелді. Ағаш төсемі 2-3 см жанып кетеді. Ондай кезде топырақтың үстіңгі қабатының ылғалдылығы жоғары учаскелерін от шалмайды және үстірт өрт шарпыған аумақтың пішіні теңбіл болады.

Төмендегі турақты өрт топырақтың үстіңгі қабатындағы жабын мен ағаш төсемінің толық жанып кетуімен . Төмендегі тұрақты өрт жаз ортасында, төсемелердің жаткан қалыңдығы әбден кепкенде өрбиді. Тұрақты өрт шалған учаскелер-де ағаш төсемелері, жас шыбықтар мен бұталар түгелдей жанып кетеді. Ағаштардың тамырлары йен қабықтары күйеді, соның нәтижесінде жас желек ағаштар айтарлықтай бүлінеді, ағаштардың біраз бөлігі өсуін тоқтатады және қурап қалады. Төмендегі тұрақты өрт кезінде оттың таралу жылдамдығы сағатына бірнеше метрден 180 метрге дейін (1...3 м/мин) жетеді. Жалындап жанған оттың жылдамдығы 0.2 м/мин құрайды.

Оттың жанып жатқан шетіндегі жалынның биіктігі бойынша төмендегі өрттер әлсіз (жалынның биіктігі 0.5 м-ге дейін), орташа (жалынның биіктігі 1.5 м-ге дейін) және күшті (жалынның биіктігі 1.5 м-ден асады)деп бөлінеді.

Жоғарыдағы өрт. Жоғарыдағы өрт өсіп тұрған тік ағаштардың ұшар бастары-ның жануымен сипатталады, үстірт және түрақты болып бөлінеді. Жоғарыдағы үстірт өрт кезінде от ағаштардың ушар бастары бойымен жел бағытымен жылдам тарайды, ал тұрақты (жаппай) ерт болғанда, от өсіп тұрған ағаштардың тік бойымен: төсемеден ағаштың ұшар басына дейін тарайды. Жекелеген ағаш-тар да, бұта етіп өсірілген біртекті ағаштар да өртенеді.

Жоғарыдағы өрттерге, әсіресе, қылқан жапырақты жас ағаштар, самырсын мен бұта түріндегі емен төсемелерінің қалың қопасы (көктемде өткен жылғы құрғақ жапырақтар жатқан кезде), таулы ормандарда - тік беткейлердің (25° асады) жоғарғы белігін-дегі және асулардағы барлық қылқанды жас желең ағаштар кебірек ұшырайды. Жоғарыдағы ерттердің шығуына елеулі дәре-жеде құрғақшылық пен күшті желдер себеп болады.



Топырақтағы өрт. Топырақтағы өрт төмендегі өрттің төсемелерге және топырақтың шымтезекті қабатына «терендеуі» нәтижесінде өрбиді.

Топырақтағы өрттер темендегідей: төсемелі-қарашірікті (от ағаш тесемінің және қарашіріктің барлық қабаттарына тарайды) және жер асты немесе шымтезекті (от шымтезек қабаттарына немесе орман топырағы қабаттарының астындағы шымтезек қорларына тарайды) болып белінеді.




  1. Орман өртінің туындауынын көздері.

Орман өрттерінің туындауы, таралуы және өрбуі, - негізінен, бедерлі-ландшафтық, өсімдіктер мен ауа райына және басқа да шарттарға байланысты. Бұл шарттарды, - өрт сөндіруді мақсатқа сай ұйымдастыру, орман өрттерін сөндірушілер мен өрт сөндіруге қатысушы өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін есепке алып отыру қажет.

Өрт мінезіне эсер ететін негізгі шарттар мен факторларды, яғни жану барысына, оның қарқынына (таралу жылдамдығының өсуі) және бағытына себеп болатын факторларды білу - ерекше қажет.Ормандағы жанғыш материалдардың өртенуі. Орман өртін тудыратын ормандағы жанғыш материалдардың өртенуі, - жоғары температураның. ауа оттегісі мен жанғыш мате-риалдардың әсерінен болатын реакцияны қолдайтын құбылыс-тардың жиынтығын білдіреді.Орманда жанғыш материалдар мен ауа оттегісі тым кеп. Жануға себеп болатын жоғары температура (от) кезі сырттан келеді.



3. Өрттің таралу себептері.
Бұл - белгіленген жерлерден тыс жерлерде жағылған және бақылаусыз қалдырылған от, тұтандырылған темекі тұқылы неме­се сіріңке, әр түрлі механизмдердің газ шығаратын түтіктерінен шыққан жалын, еткен жылғы шеп-шалам қалдықтары мен жанғыш күл-қоқыстарды ертеу, адамдардың қызметіне байланысты езге де от кездері және найзағай түсуі. Жану барысында кеп мелшерде бөлінген жылу қоршаған ортаға темендегі жолдармен тарайды: конвекция - жоғары температураның ыстық ауа келемін ертеніп жатқан жердің үстінен конвекциялық (қызған) бағана түрінде кетеру жолымен таралуы; сәуле шашу - жоғары температураның от жанған кезден барлық бағыттарға сәуле энергиясы түрінде айнала таралуы; өткізгіштік - жоғары температураның от ошағынан жанғыш материалдар арқылы таралуы.

Белінетін жылудан басқа, ерттің одан арғы мінезін айқындайтын кептеген факторлар бар, дегенмен, олардың ішінде өрттің таралуына шешуші ықпал ететін нәрселерге: жанғыш материал, ауа райы шарттары және жер бедері жатады.

Ормандағы жанғыш материалдар. Ормандағы жанғыш материалдарды (ОЖМ) тұтанып жануы бойынша екі негізгі топқа белуге болады:

жеңіл түтанатын және жылдам жанатын материалдар -құрғақ шеп, қураған жапырақтар, қылқандар, ұсақ бұтақшалар, бұтақтар. Кейбір бұталар, өздігінен өсіп шыққан өсімдіктер және басқалары. Бұл жанғыш материалдар оттың жылдам таралуына себеп болады және ақырын тұтанатын материалдарға тұтандыр-ғыш болады; ормандагы бәсең түтанатын жангыш материалдар -шырпы-шөпшектер, түбіртек, ағаш төсемелерінің төменгі қабаттары, бұталар мен ағаштар. Жанғыш материалдардың бұл тобы жанған кезде көп мөлшерде жылу бөліп шығарады және өрттің өрбуіне себеп болады.

Ұйымдастырушылық себептер. Орман өрттерінің тарауына ықпал ететін ұйымдастырушы-лық себептер көп жағдайда мыналар: ормандағы өрттердің дер кезінде белгілі болмауы (өрттердің 20%-ы күн батқанда немесе келесі күні белгілі болады); өрт сөндірудің дер кезінде басталмауы (өрттердің 15%-ын күн батқанда немесе келесі күні сөндіру басталады); өрт сөндіруге бағатталған күштер мен құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі; өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін білікті басқарудың болмауы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Орман өртінің туындау себептерін атаңыз?

2. Интенсивті орман шаруашылығын жүргізетін аудандарда орман өрті қанша пайызды құрайды?

3. Қалың орманды аудандарда орман өрттері жалпы өрт аумағының қандай аймағын қамтиды?



  1. Антропогенді өрттердің негізгі көздерін атаңыз?

  2. Конвекция деген не?

  3. Өрттің таралуына қандай факторлар шешуші әсер етеді?

(сұрақтарға жауап толық болуы керек, сұрақ мазмұны ашылуы тиіс)

8-9-дәріс. Тақырыбы: Өрт қауіптілігі.


  1. Орман табиғи жағдайына байланысты өрт қауіптілігі.

  2. Ауа – райы жағдайы бойынша өрт қауіптілігі .

  3. Өрт қауіптілігі класына байланысты орман өрттерінің туындауы және даму.


1 Орман табиғи жағдайына байланысты өрт қауіптілігі.

Ормандағы ерттердің шығу және таралу қаупінің дәрежесі (ерт қаупі) темендегілер бойынша айқындалады:

орман учаскелеріндегі ағаштар мен өсімдіктердің шарттары бойынша (табиғи өрт қаупі);

нақты аймақтағы ауа райы шарттары бойынша (ормандағы жанғыш материалдардың дымқылдығы бойынша өрт қаупі).



Ағаштар мен өсімдіктердің шарттары бойынша өрт қаупі

(табиғи өрт қаупі)

Орман учаскелерінің ағаштары мен өсімдіктерінің шарттары бойынша өрт қаупін - ағаштардың түрі, жас желектердің құрылы-мы, ағаш түріне байланысты құрамы мен жасы, орман алқап-тарының санаты (категориясы), орман қорындағы ағаштарды кесу және басқа да сипаттамалар айқындайды.



Кесте №1

Ормандардағы өрт қаупін бағалау шәкілі

Өрт қаупінің тобы

Жану нысаны (ағаштардың және оларды кесудің сипатты түрлері, жас желектер, ағашсыз аумақтар)

Өрттердің ең көп болуы мүмкін түрлері, өрттердің шығуы және таралуы мүмкін жағдайлары мен мерзімдерінің ұзақтығы

I

Қылқанды жас ағаштар. Жап-пай кесілетін ағаштар: қына-лар, аршалықтар, шырмауық-тар және құрғақ аңғарлар (әсіресе, қоқыс басқан) бойын-дағы кесілген ағаштардың түр-лері. Қына ескен қарағайлы ормандар мен шықылдақты (верещатники) ағаштар. Сапта-ры бұзылған, қураған және қатты бүлінген (қурап қалған, дауыл сындырған, жел құлат-қан, шала кесілген) ағаштар, жағдайға байланысты және жаппай, ішінара қарқынды кесілген учаскелер. Қокырсы-ған өртеңцер.

Өрт қаупі сақталатын бар-лык маусым ішінде төмен-дегі өрттің, ал өсіп тұрған ағаштар бар учаскелерде -жоғарыдағы өрт болуы мүм-кін. Құрғақ сай-салалар бойымен кесілген шырма-уықты және басқа да шөпті жерлерде кектемде айтар-лықтай өрт қаупі бар, ал кейбір аудандарда күзде де өрт қаупі сақталады.

II

Қарағайлы және итбүлдірген өсетін, әсіресе қарағайдың жас шыбықтары немесе аршаның қалындығы ортадан жоғары бұталары бар ормандар. Са-мырсын жапырақты ағаштар.

Өрт қаупі сақталатын бар-лык маусым ішінде төмендегі өрттер, ал көп өрт кезеңінде - жоғарыдағы ерттер орын алуы мүмкін.

III

Саумалдық пен қаражидек өсе-тін қарағайлы орман. Итбүл-діргенді жапырақтылар. Бұлақ бойындағы және фагналықтан басқа самырсынның барлық түрлері өсетін жерлер. Итбүл-дірген мен саумалдық өсетін шыршалы орман.

Жаздағы көп өрт кезеңінде, ал самырсын өсетін жерде, одан басқа, көктемгі және, әсіресе, күздегі көп өрт кезе-ңінде төмендегі және жоға-рыдағы өрттер орын алуы мүмкін

IV

Тобылғы және үзақ ғүмырпы ағаш түрлерін жаппай кескен (әсіресе, қоқыстанған) жерлер. Қарағайлы ормандар. жапырақ-тылар және жапырағы шөп сияқты жас желең ағаштардың түрлері. Қарағай мен шырша-ның құрамды ормандары, жөке, шаттауық, емен есетін тоғай-лар. Шырша мен қаражидек орманы. Фагналық және ұзақ ғұмырлы қарағай орманы. Бұ-лақ бойындағы және фагналық самырсын орманы. Итбүлдір-ген, саумалдық, қаражидек же­не фагналық қайың орманы. Саумалдық пен қаражидек өсетін көптеректі тоғай. Мари

Өрттер (бірінші кезекте -төмендегі) көктемде және күзде өрттердің ең көп бола-тын мерзімдерінде шөпті ормандарда және тобылғы кесілген жерлерде, ал жазда, өрттің ең көп шығатын мерзімінде - орманның бас­ка түрлерінде, ұзақ ғұмырлы ағаштар кесілген жерлерде орын алуы мүмкін

V

Шырша, қайың, үзақ ғұмырлы көктеректер өсетін ормандар. Фагналық және бұлақ бойын-дағы шыршалы тоғайлар. Қан-дағаштың барлық түрлері өсетін тоғайлар.

Өрттер аса қолайсыз жағ-дайларда ғана (ұзақ мерзімді құрғақшылық) шығуы мүмкін

Орман қоры учаскелерін оларда өрт шығу қаупінің дәрежесі бойынша орман қорының құрылысы жөніндегі нұсқаулық арқылы бағалау үшін төмендегі шәкіл (шкала) қарастырылған.

Ормандардағы өрт қаупін бағалау шәкілі

1. Төмендегілер үшін өрт қаупі бір саты (топ) жоғары белгіленеді:

а) құрылысы немесе басқа ерекшеліктері төмендегі өрттің жоғарыдағы өртке ұласуына себеп болатын қылқан жапырақты жас желек ағаштар (қылқан жапырақтылардың жас шыбықтары қалың және биік болып өскенде, қоқыс көп жиналғанда және т.б.);

б) тұтанып жануға бейім аландар қоршаған құрғақ аңғарлардағы орманның шағын учаскелері;

в) жалпылай пайдаланылатын жолдарға, паровоз тартатын немесе от қолданатын орман кәсіпорындарына тікелей жақын өтетін теміржолдарға жанасып жатқан орман учаскелері.

Жас шыбықтары қалың өскен немесе жабыны тік тұтасқан әр жастағы самырсын ағаштары өрт қаупінің II тобына жатады.




  1. Ауа райы шарттарына байланысты өрт қаупі

Ауа райы шарттары бойынша өрт қаупі, ормандағы жанғыш материалдардың жану мүмкіндігін, олардың ауа райы жағдай-ларымен анықталатын дымқылдануына байланысты айқындайды.

Ормандағы өрт қаупінің көрсеткіші (ерт қаупінің тобы - ӨҚТ) жергілікті уақыттың 12-14 сағаттарында, ауа температурасы (t°) мен жаңбырсыз (п) күндердегі шық нүктесі (п) температурасының айырымына қарай, ауа температурасын шығару сомасы ретінде анықталады:

ӨҚТ=£[Г(Г -т,)]. П

Кесте № 2



Өрт қаупі 5 топқа белінеді. Өрт қаупі топтарының шәкілі (шкала)


өқт

Жинақты көрсеткіш

Өрт қаупі

I

0...300

Жоқ

II

301.. 1000

Аздаған

III

1001...4000

Орташа

IV

4001...10000

Жоғары

V

10001-ден артық

Төтенше

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет