Басылым№2013ж беттің шісі



бет6/6
Дата01.04.2017
өлшемі1,46 Mb.
#13199
1   2   3   4   5   6
Сөндіру тәсілдері

Жанудың үш элементтерінің бірін болдырмау арқылы оттың жану процесін тыюға болады: ауаны (оттегін) шығару, жанғыш материалдарды болдырмау немесе температураны төмендету. Іс жүзінде оттың жануын жанғыш материалдарды салқын-дату немесе бейтараптандыру (болдырмау) жолымен өшіріп тастауға болады. Бұған бірнеше әдістер мен амалдар қолданып, қол жеткізуге болады.



Отты сабалау - өрттің шетінде жанып жатқан отты өрттің ортасына қарай бұтақтармен немесе басқадай қолға түскен заттармен (қаптармен, ағашқа байланған мата кесіндісімен, резеңкелі матадан жасалынған арнайы «шартылдақтармен» және т.б.) ығыстырып, жалынды тұншықтыру. Ондай кезде бұтақпен немесе от сөндіруге алған басқа құралмен жалынның астынан ұрып, оны өрт жаққа ығыстыру қажет. Жұмысшының қимылы шалғышының жұмысын еске түсіреді.

Отқа топырақ тастау жеңіл құмды немесе құмдақ топырақты жерде қолданылады. Күрекпен топырақты күреп алып, жанып жатқан оттың шетіндегі жалынның астына қарай лақтыра тастап, кеп жерге созылып жатқан жалынды өшіру керек. Топырақ шымдауыт жерден шым қопарғаннан пайда болған шұқырлардан алынады. Оттың жекелеген ошақтарына (шөпшек жиналып қалған жер, түбіртек) түгелдей топырақ тасталынады.
Кесте №1.

Оттың жануын тоқтатудың негізгі сызбанұсқасы



Оттың жануын қуаттайтын элементтер

ОЖМ-ның жануына эсер ететін бағыт

Тәсілдер

Нәтижелер

Ауа оттегісі

Оттегі болуын шектеу

Отты сабалау, топырақ тастау

ОЖМ жануының тоқтауы

Жоғары температура

ОЖМ темпера-турасын төмен-дету

Су және химия-льщ ерітінділер шашу

ОЖМ-ды салқын-дату, дымқылдау және жануын тоқтату

Ормандағы жанғыш материалдар (ОЖМ)

ОЖМ-ды оқшаулау немесе жою

Отты сабалау, химикаттар қолдану, өртке қарсы алаптар жүргізу, ОЖМ-дарды өртеу

ОЖМ-дарды бейтараптандыру немесе жою және жануын тоқтату


Отты сумен немесе өрт сөндіргіш заттардың ерітінділе-рімен сөндіру - жану температурасының төмендеуін қамтамасыз етеді және жанғыш материалдарды дымқылдайды. Ондай кезде кез келген қолда бар құралдарды (шелектер, кез келген сыйымдылықтар), сонымен бірге арнайы орман өртін сөндіруде қолданылатын от сөндіргіштерді (огнетушители), мотопомпаларды, автоцистерналарды және т.б. пайдалануға болады.

Отты бөгегіш алаптар (жыралар) жүргізу арқылы қол күшімен сөндіргенде (оттың жайылуын тоқтатқанда), өрттің жанып жатқан шетін жанғыш материалдардан оқшаулау үшін тырма-лауыштарды, күректерді, басқа да құрал-саймандарды, химиялық ерітінділерді, көпіршіктерді, жарғыш заттарды пайдалану қажет.

Өртеу - орманда өрт шығу қаупі төнгенде, алдын ала орман-дардағы жанғыш материалдарды тірек алқабынан (жол, бұлақ, минералданған алап, соқамен жыртылған жер және т.б.) өрт жаққа қарай алыстатып, жағып жіберу. Бұл операцияны арнайы дайын-дығы бар орман өртін сөндірушілер орындауға тиіс.

Орман өрттерін көрсетілген тәсілдермен сендіру барысында қолданылатын күштер мен құралдардың кейбір сипаттамалары төмендегі қосымшаларда: 6-шы (өрт сөндіру механизмдері мен жабдық-саймандарын және өрт сөндіру құралдарын пайдаланып сөндіру өнімділігі); 7-ші (өрт алаңына, желдің күшіне және өрт қаупінің тобына байланысты өрт сендіруде қолданылатын күштер мен техникалық құралдардың есепті мөлшері); 8-ші (орман өрттері белгілі болған (табылған) кезде қолданылатын негізгі техникалық құралдардың тізбесі мен қысқаша сипаттамасы); 9-шы (қолданы-латын радио байланысының техникалық құралдары мен олардың сипаттамалары); 10-шы (орман мотопомпаларының, ерт сөндіргіш машиналардың, көпіршік тудырғыштар мен дымқындандырғыш-тардың техникалық сипаттамалары); 11-ші (орман өрттерін әуеден сөндіруге пайдаланатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық сипаттамалары) келтірілген.



Өрт сөндірудің стратегиясы мен сызбанұсқалары

Өрт сөндіру стратегиясы - өрттің жайылу жылдамдығына, қарқынына, басқа жерлерге ұласып кету мүмкіндігіне, алабына, ерт сендіру ресурстарының болуы мен олардың түріне және басқа да факторларға байланысты айқындалады.



Өрт сендіру стратегиясының бір немесе бірнеше сызбанұс-қасы болуы мүмкін

Өртті сендіру сызбанұсқасы: а - барлық периметрі бойынша (ормандағы баяу ерт); б - танапқа жеткізе сөндіру (ормандағы күшті өрт); в - алқапты қамтып сендіру (ормандағы қарқыны баяу және орташа өрт)

Өртті тікелей сөндірген кезде барлық іс-әрекеттер (минерал-данған алап жүргізуді қосқанда) тікелей өрт периметрі бойынша жүргізіледі. Минералданған алап, негізінен, өрттің шетіндегі барлық қалтарыс-бұрылыстарды қамтиды. Бұл тәсіл өрттің шеткі жағының жану қарқыны жоғары емес кезде және ОЖМ (мысалы, құрғақ шөп) «жеңіл» болып, өрттің шетінде қауіпсіз жұмыс істеу мүмкіндігі туғанда қолданылады.

Бұл әдіс, көбінесе, төмендегі жағдайларда пайдаланылады:

өрт құнды жас желектерге немесе ормандағы өзге де табиғи және шаруашылық нысандарына қауіп төндіргенде;

жанып кеткен алаң көлемі ең аз көлемде болуы қажеттілігі туғанда.

ОЖМ түрлері «жеңіл» болғанда, өрт сөндіруді алқаптың алдынан да, жанып кеткен алаң жағынан да жүргізуге болады.

Оттың жану қарқынына, жылжу бағытына, техникалық құралдар мен жұмыскерлердің болуына, олардың жабдықталуына байланысты өрт сөндіруді ұйымдастырудың құрамдас сызбанұс-қасын қолдануға болады.



Өрт сөндірілетін жекелеген учаскелердің жағдайына байла­нысты әр түрлі тактикалық және техникалық әдіс-амалдар қолданылуы мүмкін. Дегенмен, барлық жағдайларда сенімді тәсіл -өртке жақын жердегі учаскелерді жанғыш материалдардан өртеу тәсілімен тазарту болып табылады. Іс жүзінде мұндай өртеусіз ормандағы күшті өртті тоқтату мүмкін емес. Өртеу - жоғарыдағы өрт пен күшті әсері бар төмендегі өрттің жайылуын тоқтатудағы негізгі әдіс.
Булақ (өзең батпақ және отқа қарсы өзге де тосқауылдар)

Орман өртін өртеу тәсілімен сөндіру сызбанұсқасы


Өртеу тәсілін қолданудың негізгі амалдары:

Топырақ бетіндегі жанғыш материалдарды жағуды сенімді алқап тіректерінен (жол, соқпақ жол, бұлақ, өзен, минералданған алап) бастап жүргізу қажет;

Тірек алабы тұйық болуға тиіс;

Отты ары қарай өткізбей, тірек алабының ең шетінде өртеу

керек;

Тірек алабының айналасында жас шыбықтар мен бұталар болмауға тиіс;



Тірек алабының өн бойында бақылау үйымдастырылуға тиіс.

Өртеудің негізгі кемшілігі - оттың желге қарсы өрт алқабына қарай баяу жылжуы. Өртеуді жылдамдату үшін төмендегі тәсіл-дерді қолдану қажет:

Сатылап өртеу: топырақ бетіндегі жанғыш материалды жағу өртке жақын алаптан бастап, 2...3 тірек алабынан бір-бірінен 15...30 м аралықта параллель жүргізілуге тиіс;

«Тарақтау» тәсілі: топырақтың үстіңгі қабатын өртеуді тірек алабы бойымен және әрбір 6...8 метр сайын оған перпендикуляр жүргізу қажет (перпендикулярдың ұзындығы 5...6 м);

Озып отыратын от тәсілі: алғашқы өртеу тірек алабынан, келесісі - алғашқы өртенген алап 2...3 метрге жеткенде, одан 4...6 метр шегініспен жүргізіледі. Өте кең алап жасауды тездету үшін бұл тәсілді әлденеше рет қайталау керек.

Өртелген алап жоғарыдағы өрт жеткенше 200...300 метрден, ал төмендегі өрттің жетуіне дейін - бірнеше ондаған метрден кем болмауға тиіс.

Жұмыстар тәжірибесінде, әдетте, өртеу барлық бөгегіш алаптардан және шағын табиғи шегаралардан бастап жүргізіледі. Ондай кезде өртке әдейі қосымша алаң беріледі. Бірақ оны істемесе, ерт бой бермей (бақылаудан шығып) кетіп, одан айтар-лықтай үлкен алқапты қамтуы мүмкін.

Өртеуді қауіпсіз жүргізу үшін өрт алқабы мен тірек алабы арасында адамдар мен техниканың жоқ екендігіне көз жеткізіп, содан кейін ғана топырақтың үстіңгі бетін өртеуді бастау керек.

Тірек алабын өрттің шет жағынан қауіпсіз аралықта, оттың жылжу жылдамдығын есепке ала отырып, қауіпсіз қашықтықта жүргізу қажет. Төмендегі күшті өрт кезінде жұмыскерлер өрт алқа-бынан 40...60 метрден, ал жоғарғы үстірт өрттер кезінде 250 метр­ден жақын жерде болмаулары керек (яғни өрттің мүмкін болатын секіруінің екі есе ұзындығынан кем емес қашықтықта).

Жоғарғы үстірт өрттерді оқшаулау үшін өртеуді, негізінен, кешкі және таңертеңгі сағаттарда, - оттың жылдамдығы мен таралуының қарқыны төмендеген кезде, - жүргізген дұрыс.



Өрттерді сөндіру әдістері

Өрт қамтыған учаскелердің пирологиялық сипаттамаларына және сөндіру кезіндегі шарттарға байланысты өрт сөндіру әдісі мен құралдарын дұрыс тандап алу қажет.

Өрт сөндірудің екі: тура және алдын алу (жанама) әдісі бар.

Тура әдіс өрттің шетін тікелей сөндіргенде немесе өрттің шетінде бөгегіш алап жасаған кезде қолданылады. Мұндағы негізгі міндет - өртті бастапқы өрбу кезеңінде, «күш» алмай тұрғанда сөндіру және оны 2...6 адамнан тұратын топ (басшыны қосқанда) сөндіре алады. Бұл жағдайда істің нәтижесін басшы мен оның тобының тәжірибесі мен іс-қимылдарының жылдамдығы көрсетеді.

Алдын алу әдісі (жанама әдіс) отты тоқтату шебін өрт шетінен біршама қашықтықта таңдаған кезде қолданылады. Бұл әдісті: өрт сөндірушілерді өрт қарқынына байланысты өрттің шетінен аулақ әкеткенде; бөгегіш немесе тірек алаптарын жүргізу үшін ең қолайлы жер таңдаған кезде; алаптың ұзындығын және оны жүргізу мерзімін қысқартқанда; табиғи және жасанды бөгеу-лерді және т.б. пайдаланған кезде қолдану қажет. Өрт сөндіру құралдары тандап алынған әдіске сай келуге тиіс.

Өрт сөндірумен айналысып жатқан топтарды (командалар-ды) басқаруды жұмыс тәжірибесі бар немесе тиісті дағдыларды меңгерген басшы жүзеге асырады. Өртте жұмыс істеп жатқаңцар-дың әрқайсысының бір ғана басшысы болуға тиіс екенін ескерткен жөн.

Үйреншікті емес жағдайлар туындаған кезде қауіпсіздікке айрықша назар аударылуға тиіс.


бақылау тапсырмалары (№3,4,5,6,7,8 сабақтар):

  1. Өрт сөндірудің негізгі құралдары атаңыз, бұл құралдардың қайсысы ауа- райы жағдайына, өрт сөндіру тәсіліне, өрттің түріне байланысты тиімді болып саналлады.

  2. Жоғарғы, төменгі және топырақтағы өрттерді сөндіру үшін қандай құралдар қолданыллады?

3. Қандай орман өртін сөндірудің тәсілдері мен сызбасын білесіздер?

4. Неге байланысты орман өртін сөндіру тәсіллдері мен сызбалары таңдалады?

5. «Өртті сөндіруді ұйымдастыру» термині деп нені түсінесіз?

6. Өрт сөндірудің қандай тәсілдерін білесіздер, сіздің ойыңызша қай тәсіл тиімді болып саналады?



7. Өрт сөндіру фазаларын атаңыз және оларды кесте түрінде беріңіз.

8. Орман өртін авиациялық тәсілмен сөндірудің экономикалық тиімділігінің негіздемесін ұсыныныз.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет