Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 24. «Дене шынықтыру»


Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



бет2/12
Дата27.08.2022
өлшемі143,92 Kb.
#148269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Стандарт
6 с қазақ т 22.09.2022ж, Ата аналар жиналысы, 6 с қазақ т 20.09.2022ж, 9 с әдебиет 09.09.2022ж, Оқу және тіл дамыту, Ата аналар жиналысы баяндама, 135 ЖОББМ Эссе. Бауыржан М.Б.
Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
24. «Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмұны:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін «Орыс тілі»,
«Орыс әдебиеті»;
2) қазақ емес тілде оқытатын сыныптар үшін «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін «Орыс тілі», «Әлем әдебиеті».
3) «Шетел тілі»;
4) Қазақстан аумағында жинақы тұратын этностардың тілінде оқытатын білім беру ұйымдарында «Тіл және әдебиет» білім беру саласына осы этностың ана тілі мен әдебиеті қосымша енеді. Оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін «Ана тілі», «Әдебиет» («Ұйғыр әдебиеті», «Өзбек әдебиеті», «Тәжік әдебиеті») оқу пәндері ҮОЖ инвариантты компонентіне енеді.
29. «Жаратылыстану» білім беру саласының мазмұны «Жаратылыстану»,
«Физика», «Химия», «Биология», «География», «География. Қазақстан географиясы» оқу пәндерінде іске асырылады.
34. Технология және өнер» білім беру саласының мазмұны «Музыка»,
«Технология», «Бейнелеу өнері» оқу пәндерінде іске асырылады.
44. Сыныпты екі топқа бөлуге білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны – 24 және одан артық болғанда:
-оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
-шетел тілі;
-технология;
-информатика бойынша жүзеге асырылады.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
24. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
1) «Биология» оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың тірі организмдердің көп түрлілігі, қоршаған орта эволюциясы, табиғи құбылыстардың заңдылығы мен заңдары туралы білімдерін тереңдетуге; объектілер мен ақпараттарды бақылау, саралау, жүйелеу, салыстыру, қатар қою, талдау, затты және ақпаратты бағалаудың практикалық дағдыларын дамытуға, себеп-салдарлық байланысты анықтауға бағытталған.
«Биология» оқу пәнінің тереңдетілген курсы мазмұны табиғи биологиялық көріністер мен процестердің болмысын, білім алушылардың тереңірек түсінуін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде адамның іс-әрекетінің алатын орнының мәнін ұғынуды, сондай-ақ адам денсаулығына қатысын қарастырады. Тірі табиғаттың ерекшелігін, эволюциялық процестердің мәнісін ұғыну білім алушылардың экологиялық жағдайларды бағалауына және тірі әлемді қастерлеудің қажеттігін түсінуіне жағдай жасайды.
«Биология» оқу пәнінің негізгі құрылымдық мазмұнын мынадай жетекші жүйелі идеялар құрайды: тірі ағзалардың құрылысы мен қызметі, көптүрлілігі; көбеюі, тұқым қуалаушылық және эволюциялық дамуы; қоршаған орта және ағза; қолданбалы кіріктірілген ғылымдар;
2)«Химия» курсының мазмұны білімді тереңдетуге, химиялық заттардың көптүрлілігінің маңыздылығы және олардың басқа затқа айналуы туралы, табиғи ресурстарды ұқыппен қолдануын дамытуға; оқытылатын процеске шығармашылық және сыни ойлауды қолдануға, практикалық және эксперименттік біліктерін кең ауқымда дамытуға; табиғи құбылыс ретінде химия туралы білімдерін тереңдету негізінде білім алушылардың түсінігін кеңейтуге бағытталған.
Оқу пәні жаңа заттарды ашуға мүмкіндік береді, бар деректерге сүйеніп, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалауға баулиды және өмірмен тығыз байланысын қалыптастырады.
Тереңдетілген курстың мазмұны білім алушылардың химиялық құбылыстар мен процестердің айналасында орын алып жатқан өзгерістерді түсінуге және олардың салауатты өмір сүруіне түрткі болады; күнделікті өмірлік іс-әрекетінің сапасын жетілдіру үшін, күнделікті практикада сапалы өнімдер мен құралдарды таңдау үшін химиялық білімін қолдануға мүмкіндік береді.
«Химия» оқу пәні бойынша жалпы орта білім беру мазмұнының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: «Бөлшектер және олардың құрылысы», «Химиялық реакциялардың заңдылықтары», «Химиядағы энергетика», «Біздің айналамыздағы химия», «Химия және өмір»;
3) «Физика». Физиканың тереңдетілген курсы білім алушылардың табиғат туралы ғылым ретіндегі физика туралы, ғылыми танымның әдістері мен әдіснамасы, таным процесіндегі теория мен эксперименттің рөлі және өзара байланысы туралы түсініктерін дамытуға бағытталған.
Оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың табиғаттың жалпы заңдары ретіндегі механиканың, жылу физикасының, электр және магнетизмнің, оптиканың және атомдық физиканың заңдары туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған. Танымның ғылыми әдістері негізінде білім алушылардың әлемнің физикалық бейнесі туралы түсініктері кеңейеді және ғылыми көзқарастары қалыптасады. «Физика» курсы табиғи құбылыстарға бақылау жүргізе алу, нәтижелерді сипаттай және қорытындылай алу, физикалық құбылыстарды зерделей алу үшін өлшеу құралдарын пайдалана алу дағдысын дамытуды көздейді.
Тереңдетілген курстың мазмұнында эксперимент нәтижелерін жинау мен талдау негізінде эмпирикалық байланысты айқындауға бағытталған экспериментті жоспарлау және жүргізу мүмкіндігі туғызылады.
Физикадан тереңдетілген жалпы білім беруге дайындық білім алушылардың игерген білімдерін әртүрлі табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін, маңызды техникалық қондырғылардың жұмыс жасау қағидаттарын түсіндіруге, модельдер құруға және болжам жасауға қолдануларын ұйғарады;
4)«География». Географияның тереңдетілген курсы білім алушылардың табиғаттың даму заңдылықтары туралы білімдерін кеңейтуге, тұрғындар, экономика және геосаясат, әлем туралы білімдерін жан-жақты қалыптастыруға, табиғат ерекшеліктерін объективті бағалауға, әлеуметтік, экономикалық және саяси процестерді тануға бағытталған.
Оқу пәнінің мазмұны география тұрғысынан ойлануды дамытуға, адамзаттың және қоршаған ортаның қазіргі және болашақтағы жағдайына жеке жауапкершілікті сезінуге, осының барлығы білім алушылардың құндылықтарды бағалауын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Оқу пәнінің географиялық мазмұны заманауи әлемнің кеңістіктегі көптүрлілігін, оның жалпы және өңірлік ерекшеліктері мен серпіні туралы түсінігін қалыптастыру; кеңістіктегі уақыт заңдылықтарының және қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын, себеп-салдарлық байланысын түсінуге дағдылану, кеңістіктегі уақыт заңдылықтарының географиялық құбылыстар мен процестердің аралығын; географиялық білімдерін түсіндіру және түрлі табиғи құбылыстарды бағалау үшін, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық құбылыстар мен процестерді, түрлендіру мен географиялық ақпараттарды күнделікті өмірде қолдануды қалыптастыру және дамытуға бағытталған.
29.Білім беру ұйымдары білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.
34.Сыныптарды топтарға бөлу 33-тармақта көрсетілген пәндерден (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті; шетел тілі; информатика) басқа инвариантты компонент пәндері бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санына қарамастан, қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақты мектептерде рұқсат етіледі.
44. Міндетті оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда оқытудан күтілетін нәтижелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет