Бастауыш мектеп мұғалімінің қабілеттері


Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері



бет10/12
Дата21.12.2022
өлшемі66,96 Kb.
#163795
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
педсессия
Диф зачет 2022ж лаб акушерия
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері.
.Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты. Оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер:
- оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді;
- оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады;

- оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды;

- идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады.
Кесте 1. Оқыту әдістерінің жіктелуі
Әдістер тобы Не жатады
1 Сөздік әдістер тобы әңгімелеу, әңгіме, түсінісу, лекция, кітаппен жұмыс
2 Көрнекілік әдістер тобы демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері
3 Практикалық әдістер тобы лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әртүрлі жжаттығулар
15 Сұрақ 14сұрақта жазылған
16.Оқытуды ұйымдастырудың формалары
Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс–әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудыңұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке –дара, топтық және сынып–сабақтық жүйе.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың “белл – ланкастер” жүйесі тарады.”Сатылы” немесе “өзара оқыту” түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдыңқай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200–300 немесе 600–ден астам оқушыны мұғалім сатылып оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. Басында “дальтон – жоспар” оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушыны өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.
Оқытудың кең таралған сынып–сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педогогикалық тәжірибелерді зерттеп , оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
Сыныптағы оқушылар құрамыныңәркезде тұрақты болуы.
Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға негіздеу.
Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап , аяқтау.
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынады. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
Сынып – сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай–ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт–бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани – адамгершілік қасиеттері мен ақыл–ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалыққарым–қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылды.
17.Бастауыш сыныптардағы сабақтардың ерекшеліктері
Халықаралық практикада білім стандарты білім нәтижелері түрінде берілген білім мақсаттарының жүйесі деп қарастырылып, «Нәтижеге бағдарланған білім моделіне» көшуге бағыт алады. Онда білім компонентілігі оқушының жеке пәндер бойынша бір – бірінен пәндер алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлғада білім, білік, дағдыны іс-әрекет білім компонентілігін қабылдауды қамтамасыз етеді.
Оқу сапасын арттыруда білім мақсаттарының күтілетін нәтижеге бағдарлануы жан – жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатыдан оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады.
Сол себепті мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Жеке тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысының қалыптасуына баса назар аударылады. Білім мазмұнында жаңа ақпаратты болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөледі. Саралап және даралап оқытуға басым бағыт беріледі. Ақпаратты білімнің дәстүрлі тәсілдері- ауызша және жазбаша сөйлеу, компьютерлік құралдармен байытылады.
Бастауыш сатыда мектепке дейінгі біліммен сабақтастықта қарастырылған бағдарлама мен оқу – әдістемелік кешендер жетілдіріледі. Онда жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың табиғи жалғасы ретінде мектепке дейінгі білім мектептің бастауыш сатысында сабақтаса әрі қарай жалғастырылады. Бастауыш саты үздіксіз білімнің барлық кезеңдерімен тығыз байланыстағы оқыту қызметін қалыптастыруға көмектеседі, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және жеке мүмкіндігін ашуға, білім алуға, білім алуға жағымды жағдай жасайды.
Сондай-ақ, республика мектептерінде бастауыш сатыдан ағылшын тілі мен информатиканы енгізу мәселелері де кешенді зерттеулерді қажет етеді.
Жалпыға міндетті орта білім стандарттарын (жалпы бастауыш білім) білім нысанасы ретінде білім мазмұны алынған болса, өркениетті елдердің тәжірбиесінде білім нысанасы ретінде – оқыту нәтижесі алынған. Осыған орай, білім мазмұнын жаңарту мен оқытудың түрлі формаларын пайдалану және жаңа білім моделіне көшуді іске асыру жұмыстары кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. «Математика» білім саласы бойынша күтілетін нәтижелер білім мазмұнын жетекші компоненттері және білім, түсіну, қолдану, жоғары, сипаттағы біліктер деп саналатын категориялар арқылы бейнеленген оқу материалдарын меңгеру деңгейлерін ескере отырып, анықталады. Күтілетін нәтижелер барынша маңызды білім, дағдыларды, қатынастарды ғана бейнелеп қоймай, оқушылардың оқу жетістіктерінің біртіндеп дамуын көрсетеді.
«Математика» оқулықтарының мазмұнында білім беру қызметіне басымдық берілген. Онда бастауыш білім мазмұны екі деңгейге сәйкестендірілген. Бірінші деңгей – мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес міндетті, ал екінші деңгей – оқушының шығармашылығын дамытуға берілуі.
Оқулықтағы жаттығулар оқу-танымдық іс-әрекетті тиімді ұйымдастыруға бағдарланған. Жаттығулар ұсынылғанымен, тапсырманы өздері құрастырып, тұжырымдап, орындауға немесе өзгертулер енгізуге, түрлендірулер жасау ұсынылады. Бұл ұстаным оқушының өздігінен ойланып, іс-әрекет жасауына өз білімін дамытуға мүмкіндік беретін алғашқы қадамдар болып табылады.
Қазіргі заман талабына сай, бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңа буын электрондық «Математика» оқулықтары мектеп тәжірбиесіне енгізілуде. Оқулық ақпараттық тәсілдерді меңгеруге және оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді.
Жаңа білім моделіне көшудің бұрынғы жүйеден айырмашылығы оқушының жетістігінің өлшемдері жасалады.
Оқыту нәтижесі барлық пәндік түйінді жиынтық түрінде беріліп, оқушылар білімін өлшеу, яғни бақылап-бағалау, тақырыптық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық бақылау, тест жұмыстары түрінде көрсетіледі. Оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру үшін оны жан-жақты дамытуда олардың дербес ерекшеліктерін ескеру қажет. Саралап, даралап, оқыту әдістерін жүзеге асыру барысында көрініс табады. Мұнда әртүрлі деңгейде үлестірмелі топшамалар, тест сұрақтары дайындалады. Бұл оқушы білімін сараптап, оны одан әрі жетілдіруге көмектеседі. Білім деңгейінің жетістіктері дәстүрлі білім, білік, дағдымен қатар оқушылардың іс-әрекет қызметі салыстырмалы, бағалау, интерпретация, зерделеу, модельдеу, пікірталас т.б. түрінде көрініс табады. Жан-жақты ойлау арқылы жаңа жауаптар мен шешімдер қабылдау арқылы балалар сапалы көркем тәжірибе алады. Олар қай мәселеде болмасын бірқалыпты, жалғыз жауап жоқ екенін түсінеді.
Сонымен қатар, бүгінде жалпы білім беретін мектептерде бастауыш сыныпта оқушылардың танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту мақсатында оқытудың түрлі формаларын пайдалануда. Оқытудың түрлі формаларының бірі – оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру екендігі белгілі.
Жалпы білім беретін мектеп жағдайында оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстарының түрін, мазмұнын, көлемін, оны ұйымдастыру әдістерін байқаудан өткізу негізгі мақсат ретінде қойылды. Өйткені оқушылардың өзіндік жұмыстарының нәтижелі болуы мұғалімнің шебер ұйымдастырған басшылығына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет