Бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі



бет1/2
Дата07.03.2022
өлшемі33,63 Kb.
#134587
  1   2
Байланысты:
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
КСП

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Пән: Бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі

Тақырыбы: Дауысты және дауыссыз дыбыстар

Оқытушы: Измагамбетова Раиса Кудайбергеновна
Орындаған: Ауелова Бахытгуль Галиевна

Дауысты және дауыссыз дыбыстар


Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі дыбыстарында, олардың түрлері әр түрлі .
Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады: А,Ә,И,Е,Ы,І,О,Ө,У,Ұ,Ү,Э-12 дауысты дыбыс бар.
Тілдің қатысына қарай: жуан-а,о,ұ,ы,у. Жіңішке-ә,е,ө,ү,і,и
Жақтың қатысына қарай: ашық-а,ә,о,ө,е. Қысаң- ұ,ү,ы,і,и
Еріннің қатысына қарай: еріндік-о,ө,ұ,ү,у. Езулік-а,ә,е,ы,і,и.
Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. 25-дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, у
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдарының қатысына қарай ұяң,үнді және қатаң болып үшке бөлінеді.
Дауысты дыбыстарды талдай отырып олардың монофтонг, дифтонг және әріптік деген түрлері бар екенін білдім.
Монофтонг дегеніміз қосындысыз жалаң құрамды дайыстылар. Монофтонг дауысты дыбысты айтқанда сөйлеу мүшелері дыбысты айтып болғанша өзгеріссіз бір қалыпта тұрады.
Ал дифтонг дегеніміз буынға бөлінетін немесе бөлінбейтін екі дауысты дыбыстың қосындысынан тұратын дыбыс. Дифтонг шынай және жалған болып екіге бөлінеді. Дифтонг тілдерде сирек кездеседі.

Монофтонг

Дифтонг

Әріптік

А,ә,ы,і,ұ,ү

И,у,ие,уо,уө,
И,у,ю,я

А,ә,и,е,ы,і,о,ө,у,ұ,ү,э

  1. Үсен оған қарамай баяғы жұрттан тапқан инені отқа салды. Ине біраздан соң оттың күшімен еріп қызарды, сол уақытта пышақпен инені алып, ептеп иді, қармақ жасады (Ы.А.). 2. Шортан өткен соң манағы бытырап кеткен шабақтар тағы жалма-жан жиылып, жемнің айналасында ойнап, бірін-бірі қуып, жемге де тиіп-қашып, соғып өтіп жүрді (Ы.А.). 3. Үсен үндемей су жағалап жүгіріп кетіп, бір шақпақ тас тауып әкелді (Ы.А.).

Бұл сөйлемдерді талдай отырып, тілдің ,жақтың және еріннің қатысына қарай дыбыстарды талдадым.
Тілдің қатысына қарай: жуан-а,о,ұ,ы,у. Жіңішке-ә,е,ө,ү,і,и
Жақтың қатысына қарай: ашық-а,ә,о,ө,е. Қысаң- ұ,ү,ы,і,и
Еріннің қатысына қарай: еріндік-о,ө,ұ,ү,у. Езулік-а,ә,е,ы,і,и.
Қ ызғалдақ, нарғызгүл, түймедағы, жолжелкен, өрмек, құрал, қуыршақ, элеватор, тиін, сиыр, сыйлық. Осы берілген сөздерді көк түспен белгілеп шықтым, маған осылай оорындаған жеңілірек.

  1. Қатаң дауыссыздар : п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;

  2. Ұяң дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;

  3. Үнді дауыссыздар : р, л, м, н, ң, у.

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол- аяғы ұзарған. Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге балалардан гөрі, басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты. Онысы- әжесі. Онан қала берсе, шешесі.Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол- аяғы ұзарған. Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге балалардан гөрі, басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты. Онысы- әжесі. Онан қала берсе, шешесі. Абай биыл ғана анық байқағандай. Мұның әжесі бір шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесін дәмді ғып, қызықтырып айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет