Тілі мүкіс балалар неге көбейіп барады?



Дата15.09.2017
өлшемі27,63 Kb.
#32560
Тілі мүкіс балалар неге көбейіп барады?
Байқасаңыз, бүгінде елімізде тілінің мүкістігі бар балалар жиі кездесетін болды. Көптеген дыбысты дұрыс айтпай, бұзып айтатындар көп. Баяғыда «р» әрпін «ыл» немесе «ғы» деп оқитындарды ғана көруші едік, қазір «қ» мен «г» әрпін «т» қылып, «р»-ны «м»-ға ауыстырып, «л»-ны «у»-мен алмастырып, «с», «ш», «ж», «з» әріптерін «ч» қылып айтатындар бар­шылық. Яғни дыбысталу жағынан бір-бірімен бес қайнаса сорпасы қосылмайтын әріптермен алмастыру — үлкен проблема. Балабақшаға барсаңыз, дыбысты дұрыс айтатын баланы шам алып әрең таба­сың. Ата-аналардың алаңдайтыны да – сол. Был­дырлап шыққан баланың тілі сол был­дырлаған күйі қала берсе, қай ата-ана уайым­дамасын?! «Ба­ла­мыздың тілі дұрыс шықпай жатыр» деп, үйіне логопед мамандарды шақырып жүр­гендер де бүгінде көбейді. Оны айтасыз, тіпті бала­бақ­шалар­да логопед деген ма­мандық тапшы болып барады.

Логопедке сұраныс неліктен өсіп келеді?

Баяғыда логопед дегенді қазақ көрмек түгіл, естімейтін де, оның не екенін де білмейтін. Ал бүгінде екінің бірі біледі. Тіпті логопедиялық балабақшалар да бар.

Оған да кезекке тұрғандар жетерлік. Осы жерде «бүгінде неге тіл мүкістігі бар балалар сонша көбейіп барады» деген сұрақ туады. Неге мұндай проблема қазақ балалары арасында белең алуда?

Бір ғана мысал. Мәселен, Астанадағы жекеменшік «Е.» (атын әдейі атамай отыр­мыз) балабақшасына қыркүйекте естияр тобына (3,5-4,5 жас аралығындағы бала­лар) 20 бала келеді. Соның 12-сі жасына сай дұрыс сөйлей алмайды. Ал ересек тобына келген 18 баланың 10-ға жуы­ғы­ның сөйлеу тілінде кемшіліктері бар.

Жалпы, тіл мүкістігі неден болады? Бұған мамандар бірнеше себеп айтады. Соның біріншісі – емізіктен. Емізікті көп ем­ген баланың таңдайы тереңдеп, икем­сізденіп, артикуляциялық қозғалысы нашар­лайды. Яғни дыбыстың дұрыс шығу-шықпауына себептердің бірі – таңдай. Таңдайдан болған ақаудың әсерінен әріп­тер дұрыс дыбысталмай жатады. Ал бұ­рынғы қазақ балалары емізік дегенді білді дейсіз бе?! Бұрын мұндай проблеманың си­рек болуы сондықтан да болар.

Екінші себеп – ата-ананың баласына дұрыс көңіл бөліп, әңгімелеспеуі. Мәселен, бала бір жаста 5-10 сөз айтуға тиіс екен. Екі жаста 200-300 сөз білетіндей қабілетке жетеді. Үш жаста күрделі сөйлемдерді ай­тып, дауысты дыбыстарды толық меңгереді екен. Осы жастан бастап баланың жалпы сөйлеу тілі дамиды және оған тікелей себеп­кер ата-анасы болады. Қазіргі күні көп ата-ана баласымен бір жасынан бастап сөйлесе бермейді. Сөйлесетіндері сирек. Оның өзінде баланы шектен тыс еркелетіп (гиперопека), кәдімгі түсінікті тілмен емес, баланың былдырлаған тілімен сөйлеседі (баламен бала болып). Бала уілдеп сөй­лесе, анасы да баламен қоса уілдейді. Бұл дұрыс емес. Керісінше, бұл жағдайда ана баласын түсінбесе де, онымен дұрыс сөйлесіп, сөз үйретуі керек. Бұл қызметті от­басы институтында негізінен әжелер атқар­ған. Бір топ немересін айналасына жи­нап, буыны қатпағанын алдына алып, ертегі айтатын. Ал енді бесіктен белі шық­пағанына келетін болсақ, онымен анасы айналысатын. Баланың санасын қа­лып­тастырып, тілін қазақша шығаруда бе­сік жыры – нағыз тамаша әдіс. Яғни балаға әлди айту, баламен әңгімелесу деген сөз. Бұл бала тілін қазақша шығаруға сеп болады дейтін себебіміз, «Әлди-әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем. Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Көк­құтанның құйрығын жіпке тағып бе­рейін» деген бесік жырында, байқасаңыз, дауысты-дауыссызы, жуан-жіңішкесі, қа­таң-ұяңы бар дыбыстар түгелге жуық кез­деседі. «Баланы бастан» дегенде атам қазақ осыны да меңзеген сияқты.



Үшінші себеп – баланың топырақта ой­намауы. Бүгінгі күннің балалары баяғыдай топырақта ойнаудан қалды. Турасын айт­сақ, ата-ана балаларын топырақта ойнау­дан шектеп жатады. Ал ғалымдар тілдің дамуына бала қолының ұсақ мото­рика­лары, яғни қол бұлшықеттері мен сау­сақ­тарын­дағы нүктелер әсер етеді деп дә­лел­деп берген екен.  Ал қазақта мұның рөлін үйде отырып ойнайтын «Ханталапай», «Бес асық», түзде ойнайтын «Шеңбер», «Тигіз­бекіл», «Үш табан» секілді асық ойын­­дары жақсы атқарған. Бұлардың бар­лығы осы ұсақ моториканы дамытуға жақсы әсер етеді. Тіпті баланың қолына сүйек ұстатып, мұжытып қою да тілдің дұ­рыс дамуына оң әсерін тигізбек. Біріншіден, алақанның бұл­шықеттері шираса, екін­ші­ден, сүйек мұжу арқылы бала ар­ти­ку­ля­циялық жат­ты­ғулар жасайды.
Каталог: uploads -> doc -> 0429
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0429 -> Тақырыбы: Ядролық қару Сыныбы: 11 сынып Дайындаған: А. Биғалиев /АӘД пәнінің мұғалімі
0429 -> Сабақ: Тақырып: Отбасылық демалыс. Мұғалімнің аты-жөні: Төлеш Г. М
0429 -> Сабақтың типі : жаңа сабақты игеру. Сабақтың әдісі: түсіндіру, жазбаша, ассоциация, сұрақ жауап
0429 -> Бекітемін Мерзімі 26. 01. 2015


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет