«Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі» Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану»



бет10/38
Дата25.05.2023
өлшемі169,33 Kb.
#177652
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Байланысты:
1-43 Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі

Оқытудағы саналылық принципі. Саналылық принципінің мән-мағынасы, оны сақтаудың оқушылардың танымдық іс-әрекеттеріндегі маңызы. Саналылық принципінің оқытудың нәтижелілігімен байланыстылығы. Саналы түрде оқудың ББД-ны еркін пайдаланудағы рөлі. Сырт көзге оп-оңай, қарапайым ғана болып көрінетін принциптің бүгінгі күндегі өзектілігі, саналы түрде білім алуға қол жеткізу – оқуға, кәсіби іс-әрекетке, айналып келгенде, өмірге деген дұрыс, нық көзқарастың қалыптасқандығының айғағы. Плагиат – «шығармашылық ұрлық», оның кері салдары. Шығармашыл, адал еңбектің қоғам үшін қажеттілігі, оның жемісі. Тек оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де саналылық принципін ұстануының керектігі, оның оқу-тәрбие беру процесіндегі көрінісі.
Білімді берік меңгеру принципі. Білім-біліктің оқушыларда берік сақталуына әсер ететін факторлар. Білім-біліктің оңай меңгерілуіне мүмкіндік беретін логикалық тәсілдер: салыстыру, жүйелеу, талдау, синтез­деу, қорытындылау т.б. Ой жүгіртуге бағытталған амал-тәсілдердің оқушылардағы ойлау операцияларына әсері, бұларды оқушылардың жас ерекшелігіне қарай бейімдеу. Білімді берік меңгеру принципінің өзге оқыту принциптерімен ұштастырылуы.
Қоршаған ортаны оқытуда пәнішілік және пәнаралық байланысты пай­далану принципі.
Принциптің қалыптасу тарихы, оның педагогикалық өндірісте қолданылуы. Я.А. Коменскийдің бұл бағыттағы көрнекті еңбегі. Биологияның химия, физика, экология, география және өзге де салалармен «түйісу нүктелері», осындай байланысты дамытудың оқытуға деген қолайлы әсері. Қоршаған ортаның гуманитарлық саламен байланысы, кейбір зерттеулер мен болжамдардың моральдық жағы, осы мәселе төңірегінде қоғамдағы ой-пікірлер. Мектептік биологияны оқытуда пропедевтикалық, шекаралас пәндерден алынатын білім-білікті нәтижелі пайдалану. Мектептік биология – пропедевтикалық пәндерді есептемегенде, өзара ажырамастай байланысқан 5 пәннен тұратын, кешенді курс. Осы тұрғыда оның пәнішілік байланыстың ескерілуінің маңызы.
Осы жоғарыда аталған принциптер тұрғысынан қарасақ, дүниетанудың жалпы негізі тек ғылыми деректер арқылы беріледі. Бұл пән әр зат пен құбылыстың ғылымда айқындалған тұстарын ғана оқушыларға ұсынады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет