Бастауыш сынып мұғалімі: Исаева Ақылиба Тақырыбы



Дата25.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#114521
түріСабақ
Байланысты:
2021AslanovandMukhtorov

Бастауыш сынып мұғалімі: Исаева Ақылиба
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда көрнекі құралдар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тақырыптың маңыздылығы:

Бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, сабаққа ынта-жігерін арттыру, өз-өзіне сенімін арттыру, сабаққа қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту



Мақсаты: Әрбір сабаққа көрнекі құралдарды дұрыс таңдау, сабақты жаңаша ұйымдастыру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл тұлға қалыптастыру

Міндеті: Бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін дамыту, жеке дарындылығын дамыту, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту арқылы білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу.
Жоспар

  1. Кіріспе

  • Бастауыш сыныптарда оқушылардың көрнекі құралдар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары туралы түсінік

  1. Негізгі бөлім

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ақпараттық технологиялардың маңызы

  • Дидактикалық құралдардың оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы маңызы

  1. Қорытынды

Бүгінгі күннің басты талабы оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып отыр. Бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек сол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін оқушылар дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек. Бастауыш сыныптарда сабақты көрнекі құралдарсыз өту мүмкін емес. Мұғалім әрбір сабаққа көрнекі құралдарды дұрыс таңдай білуі қажет. Ұлы неміс педагогы А. Дистервергтің « Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді,»- деген сөздері өте орынды айтылған. Көрнекі құралдар арқылы оқушылар ойларын ашық айтуға үйренеді, тіл байлығы артады, шығарма, төрт жол өлеңдер және эссе жазуға үйренеді Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Әрбір сабақта көрнекі құралдарды дұрыс және тиімді пайдалана білу – мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.


Көрнекі құралдардың түрлері өте көп. Бастауыш сыныптарда әсіресе түрлі-түсті суреттер, плакаттар, ребустар, сөзжұмбақтар, ертегілер түрлерінен пайдалану оқушылардың шығармашылық бастамаларын қалыптастыруға көмектеседі. Мен сабақта оқушыларды деңгейіне қарай тапсырмалар беремін. Сабақ барысында сөйлемейтін оқушылар да әдемі суреттерді көргенде сөйлегісі келеді. 1-ші сыныптың сауат ашу сабағында сөйлейтін әліппе, әріп кассасы, сиқырлы әріптер, буындар, түрлі – түсті суреттер, ертегілерден пайдаланып, оқушылардың қызығушылықтарын, шығарашылық қабілеттерін дамытуға байланысты жұмыстар жүргіземін. Мысалы, «Түлкі мен ешкі» ертегісін өткенімде оқушыларды кейіпкер орнына қойып, жаңа бір ертегі құрастыруын сұрадым. Олар әдемі бір ертегі құрастырды.

Көктем суретін көрсетіп, төрт шумақ өлең құрастыруды ұсындым. Сонда оқушылардың бірі Нартай мынадай өлең құрастырды.



Көктем келді далаға,

Шуақ шашып балаға.

Қар еріді су болып

Ұшып келді шағала.

«Менің досым» тақырыбында сурет бойынша эссе жазуын ұсындым. Жұбаныш деген оқушым керемет эссе жазды. Достық туралы өз ойын тереңінен түсіндіруге тырысып, нақыл сөздермен шебер әңгімелеп баяндады.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ақпараттық технологиялардың маңызы ерекше. Ақпараттық технологияға компьютер, ноутбук, интернет, электронды оқулық, планшет, интерактивті тақта және т.б. жатады. Ақпараттық технология оқушылардың ынтасын, өз бетінше ізденуін, тақырыптан тыс материалдарды үйренуге бейімдейді. Бастауыш сыныптарда оқушылар ақпараттық технологияларды өз беттерінше қолдана алмайды, сол үшін оларға мұғалімдер, ата-аналар, аға әпкелері көмектесуі керек.Мен әр сабақта ноутбукты алып келіп, әр түрлі слайдтар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын, шығармашылық қабілетін дамытуға тырысамын.



Бастауыш сынып оқушыларыны оқытуда дидактикалық материалдарды кеңінен қолдану, тиімді пайдалану қажет. Дидактикалық материалдарды қолдану өз кезегінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен жауапкершілігін арттыруға, шығармашылық бастауларының қалыптасуына, логикалық ой құрастыруына ықпал етеді. Бастауыш сынып кезеңінен бастап оқушының бойында өзіне деген үлкен сенім мен жігердің болуы, белсенділігі мен дербестігінің болуы- оның оқуға оң көзқарсы болуының, шығармашыл әрекеті дамуының кепілі. Осылайша дидактикалық материалдар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық бастамаларын қалыптастыра отырып, оларды бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасын меңгерудің, жалпы оқудың негізгі мотивтеріне айналдырудың маңызы зор.

Өзіміздің іс-тәжірбиемізді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады. Оқушы бойында шығармашылықты дамытуда көрнекі құралдарды пайдалану үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуіне ықпал етеді. Сонда оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушының шығармашылық қабілеттері арта түсері анық.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет