Бастауыш сынып оќушыларыныњ шыѓармашылыќ іс-єрекетін дамытудыњ ерекшеліктері


II ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ



бет5/8
Дата21.01.2022
өлшемі213 Kb.
#113122
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kur -bastauysh-synyp-oqushylarynyn-shygarmashylyq-is-areketin-damytudyn-erekshelikteri-42
Дип.-Кіші-мектеп-жасындағы-оқушыларды-өз-бетімен-оқыту, kur -bastauysh-synyp-oqushylarynyn-shygarmashylyq-is-areketin-damytudyn-erekshelikteri-42, Амантай Диана
II ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ.
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс- әрекетін дамытудың тиімді жолдары.
Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал, педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту оны практикада пайдалану шарт.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс- әрекетін қалыптастырудың ұстанымдарын анықтап алу үлкен маңызға ие. Біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде оқушылардың шығармашылық іс -әрекетке даярлау кезінде мына төмендегі ұстанымдарды басшылыққа алу қажет деген тұжырымға келдік.



  1. Педагогикалық білім беруде тұлғалық -бағыттық ұстанымы.

Мұнда оқушылардың тұлғалық дара қабілеттілігі, оқыту мен тәрбиелеудің жеке формасы, әрбір оқушының тұлғалық дамуына жағдай жасалуы, даралық траекториясына лайық көмек көрсетілуі, бағдарламалар және даму қарқыны есепке алынуы керек.

  1. Педагогикалық білім беруді демократияландыру ұстанымы оған бүкіл қоғамның назарын тарту, тең құқықтық, жариялылық, сайланбалылық, бірлесе еңбек ету мен шығармашылық ынтымақтастық қатынастарын бекіту, оқытудың мазмұн, форма мен әдістер варианттілігі кіреді.

  2. Бастауыш сынып оқушыларының дамыту ерекшеліктерін ескеру ұстанымы. Бұл ұстанымға оқушылардың педагогикалық даярлығы үрдісінде олардың даралық сапасын қалыптастырудың жас сензитивтігі түсіндіріліп, енгізілуі қажет.

  3. Оқушылардың ұлттық, географиялық ерекшеліктерін ескеру ұстанымы.

  4. Оқушылардың шығармашылық іс- әрекетке даярлауда сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының жүйелілік ұстаным бағыты. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстары жүйесі оқушылардың мұң- мұқтажын, қызығуын қанағаттандыруға, олардың жан -жақты шығармашылық іс- әрекетін белсендіруге бағытталуы тиіс.

  5. Оқушыларды педагогикалық іс -әрекетке даярлауға педагогикалық білім берудің мазмұндық ұстаным бағыты.

  6. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке даярлау мәселесін шешудегі кешендік бағдарламалық -мақсаттық амалдар.

Педагогикалық технологияның бір түрі сын тұрғысынан дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру алға қойылады.Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдары мен тәсілдің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін түсінетіндей жағдайға түсу керек.Содан барып оның білім алуға ынта -ықыласы артып, әрекеттенеді. Оқушының іс- әрекеті сабақ үстінде көрінеді.Сабақты дұрыс ұйымдастыру үшін оның негізгі бөліктеріне баса назар аудару қажет.Дамыта оқыту тұрғысынан алғанда сабақ 3 құрамдас бөліктен тұрады

1.оқу мақсаттарының қойылуы.

2.оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

3.шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.Оқушыларға ешқандай дайын үлгі берілмейді.Мақсатты шешу,талқылау мен жинақтау арқылы жүзеге асады.Ал мұғалім тек ұйымдастырушы,бағыттаушы.Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.Әр оқушыға өз ойын,пікірін айтуға мүмкіндік беріледі,жауаптары тыңдалады.Әрине, жауап үнемі дұрыс бола бермейді.

Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ерекшелігі, сынып оқушыларын жақсы -жаман деп бөлмей, олардың жетілуі дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Әр оқушының өз қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол өзін дамыта алады. Мұғалім мен оқушының арасында жақсы қарым- қатынас туады.Ол үшін баланың жауабы мұқият тыңдалып, дұрыс мақталып, қатесін ептеп түзету керек.Сын тұрғысынан дамыта оқыту сынақ емес, ой өрісті шыңдау.Белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы

1.қызығушылықты ояту ;

2.мағынаны талдау ;

3.ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі;

Қызығушылықты ояту үйрету үрдісі бұрынғы білетіні мен жаңа үйретілетін білімді ұштастыру. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, бұрын өзі білетін білімін жаңа ақпаратпен толтырады, кеңейте түседі.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу.Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігін көрсетеді.Тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Соның бірі- INSERT. Оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында :

B- Білемін

- Білмеймін.

+ Мен үшін жаңа ақпарат.

? Мені таң қалдырады; белгілерін қойып оқу тапсырылады.

INSERT -оқығанын түсіндіруге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп, сұрауға әзірлейді.

Тақырып бойынша ой толғаныс бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту үрдісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау назардан тыс қалып жатады.Үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.

Бастауыш сынып оқушыларының ой толғанысын, ой шапшаңдығын баулитын жұмыстың түрі өлең құрастыру, эссе жазу.Мұнда өлеңдегі ұйқасты табу, ұйқас нұсқаларды ойлау, өз бетімен өлең құрастыруға талаптану сияқты жұмыс түрлерін жасатуға болады.Мысалы ана тілі сабағында 4 –cыныпта « Қыс мезгілі» тақырыбына оқушылар өлең құрастырды.

Мұхтар:


Алақай, қыс келді далама.

Аппақ қар жамылған айнала

Шанамен сырғанап ойнаймыз

Дайындап тақпақ Аяз атаға.

Венн диаграммасы.

Бір -бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілген объктілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі.

Венн диаграммасын бастауыш сыныптағы барлық пәндерде қолдануға болады. Мысалы Әбіш Кекілбаевтың « Ауыл таңы» мәтінін өткенде, оқушыларға Венн диаграммасы арқылы ауыл таңы мен қала таңын салыстырды

Венн диаграммасы

Ауыл таңы Қала таңы


Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады.Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Ой толғаныс» , «Топтық талқылау» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілділігіне қарай лайықтана қолданылады.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт.

1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

2.Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

3.Әртүрлі идеяларды, пікірлерді қабылдау.

4.Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс -әрекетін қолдану.

5.Қолайсыз жағдайға ұрынған оқушыны әжуаға айналдырмау.

6.Бір -бірінің жауабына жасалған оқушылардың сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

7.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардан:



  • сенімділікпен жұмыс жасау;

  • бар ынтасымен оқуға берілу;

  • пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

  • өз пікірін ашық білдіруі талап етілуі қажет.

ДЖИКСО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұптап, сосын ұжымдап талқылау әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады.

Алдымен төрт жоспарға бөлінеді. Бұл отбасы топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4, т.с. санау арқылы өз алдына жұмыс тобын құрады. Оқуға ұсынылған мәтіннің материалдық тақырыбы тақыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екені ұсынылады. Мәтіннің логикалық бөлімдерін әр топқа оқу тасырылады. Мәтінді жақсы түсініп оқу керектігін, сол бөлікті отбасы топ оқушыларына түсіндіруіне тапсырады. ДЖИКСО әдісі бойынша «Дүниетану» пәнінен қысқы тіршілік тақырыбын өткенде сынып оқушыларын төрт топқа бөліп,

I топ қысқы өcімдіктер тіршілігі,

II топ қыстағы жануарлар тіршілігі,

III топ қыстағы құстар тіршілігі,

Ivтоп қыстағы адамдар тіршілігі жөнінде әңгімелеп, суретін салып немесе әңгіме не өлең құрастырады.

1 оқушы: қыстап қалатын құстарды: қарға, торғай, суық торғай т.б. бақыладым. Оларға қыста тамақ тауып жеу қиын. Сондықтан құстарға жем шашып тұру керек.

Бұл стратегия мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді.

Еркін жазу.

Бұл әдісті сабақтың үшінші ой толғаныс кезінде пайдалану тиімді. Мұнда оқушы мәтіннен не түсінеді, содан алған әсерін, үйренгенін қағаз бетіне түсіреді. Уақыт беріледі. Алдымен өз жазғанын топ мүшелеріне таныстырады. Содан соң ұжымға оқиды. Еркін жазу стратегиясы (шағын шығарма) 5-6 минут оқушылар өз ойларын дәптерге түсіреді. 3-сыныпта Нығмет Ғабдуллиннің «Дос сөзі» тақырыбын өткенде оқушылардың ойлары:

1 – оқушы. Дос әсіресе, қиын жағдайда көмек береді. «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», деген мақал дұрыс айтылған деп ойлаймын.

2 – оқушы. Мен досымды жақсы көремін. Менің досым Алма, ол сабақты жақсы оқиды. Мен оны көрмесем сағынамын. Біз үнемі тату жүреміз т.б.

Басқа оқушыларда өз ойларын бүкпесіз ашық жазып, аса бір мақтанышпен оқып берді. Бұл тұрғыдан алғанда бұл әдіс оқушылардың өз ойларын еркін айтуға, шығармашылықпен әңгіме құрастыруға үйрететін тиімді әдіс деп қорытынды жасауымызға негіз болды.

Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс әрекетін дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясын пайдалану қажеттігіне көз жеткізілді. Жоғарыда талданған жаңа әдіс тәсілдерді тәжірибелік экспериментте пайдаланып өткізген сабақ жоспарларымыз келесі тармақшада сөз болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет