Бастауыш сынып оќушыларыныњ шыѓармашылыќ іс-єрекетін дамытудыњ ерекшеліктері



бет7/8
Дата21.01.2022
өлшемі213 Kb.
#113122
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kur -bastauysh-synyp-oqushylarynyn-shygarmashylyq-is-areketin-damytudyn-erekshelikteri-42
Дип.-Кіші-мектеп-жасындағы-оқушыларды-өз-бетімен-оқыту, kur -bastauysh-synyp-oqushylarynyn-shygarmashylyq-is-areketin-damytudyn-erekshelikteri-42, Амантай Диана
Қорытынды
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуде. Қазір педагогикалық қауымдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі прициптері «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», көрсетілген.

Аталған тұжырымдаманы іске асырудың нәтижесінде адам ресурсын озық дамытуда және Қазақстанда әлемдік білім кеңістігіне біріктіруді қамтамасыз ететін білім берудің жүйесі құрылады.

Оқушының жеке басын дамытуда оның танымдық белсенділігі мен өздігінен қорытынды шығаруға, шығармашылық әрекет етуде әр оқушының жеке ерекшелігі мен мүмкіндігі ескерілуі тиіс. Әрбір оқушының танымдық ерекшелігі мен қажеттілігі, қызығушылығы, оның дайындығын ескере отырып, жаңа біліммен қаруландыруға, іскерлікпен дағдыны қалыптастыруға қабілеттерін дамытуға толық жағдай жасауға болады.

Зерттеу тақырыбымыздың мақсатына орай ғылыми теориялық әдебиеттерге талдау жасалды. Зерттеу жұмысының әдіснамалық жағынан негізге алынған Қазақстан ағартушы ғалымдары Әл – Фараби, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев белгілі психолог ғалымдар: М.Мұканов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев және т.б. сондай ақ ТМД елдерінен т.б. оқушылардың шығармашылық белсенділігі, іс- әрекеті, танымдық қызығушылығы әр қырынан жүргізілген зерттеулерін атауға болады.

Соңғы жылдары зерттеу жұмысымызға қатысты ғылыми еңбектер қорғаған ғалымдар психологтар: ғалым Б.Байжұманова, педагогтар: Т.Қоқымбаева, О.Мырзабаев жұмыстарын талдау барысында және т.б. оқушылардың танымдылық белсенділігі мен шығармашылық іс әрекетін ұйымдастыруда жалпылама қарастырғандығына көз жеткізілді.

Тәжірибелік экспериментке алынған мектептердің оқу үрдісінің жылдық жоспарына талдау жасалып, оқушыларадың білім дәрежесін анықтау мақсатында бақылау эксперименті жүргізілді. Бақылау экспериментінде оқушылардың шығармашылық іс -әрекетін ұйымдастыруға көңіл бөлінбейтіні анықталды. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығын оятып, сабақта оқытудың жаңа технологиясын пайдалана өткізуден гөрі, дәстүрлі сабақпен шектелетіні байқалды.

Тәжірибелік эксперимент жүргізуге арналған тақырыптар іріктеліп, олардың жоспарлары әзірленді.

Тәжірибелік эксперимент кезінде біз оқушылардың шығармашылық іс әрекетін дамыту үшін сабақты жаңаша ұйымдастырып, онда оқытудың жаңа технологияларын пайдаландық. Сонымен қатар оқушының жеке басын дамыту үшін сабақта пайдаланатын негізгі дидактикалық ұстанымдарды белгілеп, оқытудың жаңа әдістерін талдай отырып, оларды нақты мысалдармен дәлелдеуге талпыныс жасалды.Қалыптастыру экспериментінен кейін салыстырмалы түрде олардың білім деңгейлері анықталды.



Қорыта келгенде, бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық іс әрекетін қалыптастыруда оқытудың жаңа технологиясын пайдаланудың тиімділігіне көз жеткізілді. Атап айтсақ:

  • Оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.

  • Оқушының жеке қабілеті айқындалады.

  • Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетін арттырады.

  • Оқушыларды деңгейіне қабілетіне айқындауға болады.

  • Даму маниторинг құрылады, ол арқылы оқушылардың дамуын қадағалауға мүмкіндік туады.

  • Сынып оқушылары сабаққа толық қатысып, бағаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет