Кіріспе негізгі бөлім



Дата12.03.2018
өлшемі84,95 Kb.
#39171
КІРІСПЕ ................................................................................,.........................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен байланысы................,................5

2. 2 Ұмытылған «Түнгі әңгімелер алқасы».......................................,.............6

2.3 Зияаддин Нахшаби - «Тотынаманы» бүкіл әлемге танытушы..............11

2. 4 Ә.Қоңыртабаевтың «Тотынаманы» зерттеуі және оны қазақ тіліне

аударуы..............................................................................................................12

2. 5 «Тотынама» негізінде жазылған қазақ ертегілері ..................................16


ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................................................18
ҰСЫНЫС ........................................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........................................................20

Аңдатпа

№222 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің 7 «В» сынып оқушысы Мұқашева Ақботаның «Ә.Қоңыратбаевтың «Тотынама» ертегілерінің шығу тегі» атты ғылыми жобасы бүкіл әлемге танымал шығыс жауһарларының бірі «Тотынама» ертегілерінің шығу тегі, оның әлем тілдеріне аударылуын жан-жақты зерттеп, тиянақты талдаулар жасауға негізделген.

Қазақ мәдениетінің үш қанаты бар десек, соның жемісті бір арнасы – Шығыс әдебиеті. Сонау Иран-Тұран дәуірінен бері қазақ халқының ауыз әдебиетіне өткен фольклорлық сюжеттер өте көп болса, солардың елеулісі – «Тотынама». Үнді елінде туып, негізінен, хикаяттар түрінде жеткен бұл ертегілер қазақ халқына да жақсы танымал. «Тотының тоқсан тарауы» деп аталған бұл сюжеттер ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде шағатай, татар тілдеріне, одан беріде қазақ тіліне аударылған.

Өткен ғасырдың 60-жылдары бұл ертегілер жинағын орыс тіліндегі Е.Бертельс аудармасы негізінде қазақтың біртуар азаматы ғалым Ә.Қоңыратбаев қазақ тіліне аударып шығарады. Сондай-ақ ғалым бұл әйгілі шығарманың дүние келуі және көркемдік ерекшеліктері жайлы қомақты зерттеу жүргізеді.



Кіріспе
Қазақ фольклортану ғылымында халық әдебиетінің бай мұраларына жанрлық тұрғыдан талдаулар мен ғылыми сараптамалар жасалып, оның дамуына жан-жақты үлес қосқан құнды еңбектер баршылық. Фольклордың жеке-жеке жанрлары арнайы түрде қарастырылып, ішкі жанрлардың өзіндік ерекшеліктері туралы жазылған ғылыми монографиялар мен зерттеулер де фольклортану ғылымының іргелі салаға айналғандығын көрсетеді.

ХІХ ғасырға дейін көшпелі өмір кешкен қазақ халқының фольклоры ерекше дамыса, ХІХ ғасырдан бастап ауыз әдебиетімен қоса жазба әдебиеті де тез қарқынмен дами бастағандығын көреміз. Әсіресе, Шығыс әдебиетінің ықпалы айрықша болды. Бір жағы, ХІХ ғасырдан бастап қазақ жерінде ислам дінінің ықпалы бұрын-соңды болмаған деңгейде дамыды. Татар, өзбек, қожа молдаларымен қатар қазақтың ішінен шыққан оқымысты молдалар ислам әдебиетін қазақшаға аудара бастаса, шығыстың классик ақындары жырлаған қисса- дастандармен қатар, шығыстың романдық, новеллалық тақырыпта жырланған дастандары да қазақ арасына кеңінен жайыла бастады. Қазақтың бұрын ауыз әдебиеті мен фольклоры ерекше дамыса, ХІХ ғасырдан бастап жазба әдебиеті де кең қанатын жая бастағандығы белгілі. Қазақ фольклоры ендігі жерде шығыстың ортағасырлық прозалық шығармаларының әсерімен өзіне көптеген қала мәдениетінің дәстүріне құрылған сюжеттерді қабылдай бастаған еді. Оған бір жағы қазақ даласында отырықшылық мәдениеттің тез қабылданып, бұрынғы көшпелі халық ендігі жерде отырықшылыққа қарай бейімделе бастауы да өз ықпалын тигізген болатын.

Баспа ісінің дамуына байланысты қазақтың оқыған, ақындық қабілеті бар азаматтары Шығыс әдебиетінің желісімен қисса, дастандар туғызып, оны баспа бетінде жариялауға бет бұра бастады. Бұл орайда қиссашыл ақындар Жүсіпбек Шайхысламұлы, Ақылбек Сабалұлы, Мәулекей Жұмашұлы, Шәді Жәңгірұлы, Тыныштықбек Маңғышлауұлы секілді т.б. жинап бастырушылардың ерен еңбектерін ерекше атап өткен орынды.

Соның арқасында қазақ ақындары жырлаған қисса, дастандар миллиондаған тираждармен тарады. Ә.Жиреншиннің келтірген дерегі бойынша: «Мәселен, бір ғана Қазан қаласының өзінде ХІХ ғасырда қазақ және шығыс кітаптарын басқан он үш баспахана жұмыс істеген. Қазан қаласындағы баспалар қазақ кітаптарын бастыруда елеулі орын алған болса, сонымен қатар қазақ кітаптары ХІХ ғасырда Петербург, Уфа, Ташкент, Оренбург, Семей, Омбы, Орал, Верный, Астрахань қалаларында да шыға бастайды. Жалпы ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезінде осы қалалардан орта есеппен бір мыңнан астам атаулы қазақ кітаптары басылып шыққан. Олардың тиражы орта есеппен алғанда бес миллион данаға жетеді» [1,39].

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ерекше дамыған қазақтың фольклоры мен жазба әдебиеті ХХ ғасырдың басына дейін көптеген асыл дүниелерді дүниеге алып келді, соның арқасында қазақтың фольклоры да бұрын болмаған деңгейге көтерілгендігін байқаймыз. Сол қарқын кешегі ХХ ғасырдың қырқыншы, елуінші жылдарына дейін келді. «Мың бір түн», «Шахнама», «Тотының тоқсан тарауы» сияқты шығыстың маржандары қазақшаға аударылды. Одан да басқа ислам әдебиеті негізінде дүниеге келген мистикалық шығармаларымыз қаншама.

Ежелгі дәуірлердегі әдеби байланыстарды айтпағанның өзінде, ХІХ ғасырдан бастап өзбек, татар, орыс тілдеріне аударылған «Кәлилә мен Димнә», «Мың бір түн», «Тотынама» секілді шығыстық маржандар «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті» т.б. сол кезде жарық көрген газет-журналдар арқылы да елге тарала бастады. Қазақтың қиссашыл ақындары шығыстық сюжеттерге құрылған дастан, қиссалар шығарып, ғибраттық өлең, термелерінде жырлады.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен байланысы
Қазақ фольклорында шығыстық сюжеттер, әсіресе, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында ерекше жанданады. ХV-ХVIII ғасырларда өткен қазақтың ақын-жырауларының өлең, терме, толғауларында ішінара діни сарындар кездесіп қалып отыратын болса, ХІХ ғасырда назирагөйлік шығыс сюжеттері тез бой көтере бастады.

Орта Азия халықтарының әдебиеті фольклор дәстүрінде дамып, сақталып келген болса, жазба мәдениеті де Шығыс елдерімен байланыста жетіліп отырған. Шығыстағы Үндістан, Иран, Арабстан секілді елдерден тараған қымбат та ойлы кітаптардың басы – «Мың бір түн», «Рамаяна», «Тотынама», «Шахнама» сюжеттері болған.

Үнді ертегілерінің ішінде қазақ еліне етене жақын, түркі тілдеріне жиі аударылып келе жатқан деп «Тотынама» кітабын айтуға болады. Ол халық ішінде «Тотының тоқсан тарауы» деген атпен кең танымал болған. Оның түркі халқының арасына таралу тарихына оралар болсақ, Үндістандағы моғол патша Акбардың бұйрығымен тарихшы Әбу-л-Фазыл ибн Мубарак (1551-1602) осы кітапты қайта редакциялап шығады. Алайда, бұрынғы Нахшаби нұсқасы Шығыс пен Батысқа қатты танымал болған болатын. Ол нұсқа үнді тіліне, бангладеш, ауған, екі рет өзбек және түрікпен тілдеріне аударылады. ХІХ ғасырдың басынан бастап Еуропа елдерінің тілдеріне аударылса, ХХ ғасырдың басында орыс тілінде тәржімәланады. Алайда, ХХ ғасырдың ортасына дейін қазақшаға аударылған нұсқасы немесе қазақ тілінде кітап болып шыққан басылымы болған емес.

Әрине, қазақ ертегілерін В.В.Радлов, Н.Березин, Ә.Диваев, А.Алекторов, Н.Потанин сияқты ғалымдар жинақтап бастырғанымен, қазақ ертегілеріндегі шығыстық мотивтер мен сюжеттерге көңіл бөліп, терең қарастыруға назар бөлмеген. Тек Ш.Уәлиханов, Алекторов, Потанин секілді зерттеушілер қазақ ертегілерінде Шығыс ертегілерімен ұқсастық бар екендігін, ислам діні арқылы қазақ фольклорында болған өзгерістер туралы айтып өтеді.

Қазақ фольклорында мысал ертегілерде кездесетін ұқсас сюжеттердің барлығы Үндінің әдебиетінен ауысқан деген біржақты түсінік қалыптасқан. Мысалы, әпсүн оқып, адамды ит, құс бейнесіне түсіретін сюжеттер салт ертегілерімізде көптеп кездеседі. Оның дені «Мың бір түн», «Тотынама» секілді ертегілерден ауысқан дүниелер.

2. 2 Ұмытылған «Түнгі әңгімелер алқасы»
Қазақ мәдениетінің үш қанаты бар десек, соның жемісті бір арнасы – Шығыс әдебиеті. Сонау Иран-Тұран дәуірінен бері қазақ халқының ауыз әдебиетіне өткен фольклорлық сюжеттер өте көп болса, солардың елеулісі – «Тотынама». Үнді елінде туып, негізінен, хикаяттар түрінде жеткен бұл ертегілер қазақ халқына да жақсы танымал. «Тотының тоқсан тарауы» деп аталған бұл сюжеттер ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде шағатай, татар тілдеріне, одан беріде қазақ тіліне аударылған.

Бұл классикалық шығарма ортағасырлық парсытілді үнді әдебиетінің туындысы. Ол санскрит тілінен парсы тіліне аударылған және ежелгі үнді әдебиетінің бірнеше жинақтары мен шығармаларынан алынған сюжеттері мен әңгімелеу түрі жағынан басқаларға ұқсамайтын өзгеше дүние. Шығарманың «Джавахир ал-асмар» атты парсы тіліндегі жалғыз қолжазбасы Тегеранның «Маджлис» кітапханасында сақтаулы. Бұл керемет шығарма өзінің жинақталған кезіне жақын ХІҮ ғасырдың алғашқы жарты жылдығында қайта көшірілген. Өкінішке орай қолжазба көптеген ақауларымен жеткен: мұндағы 27, 50-52-ші әңгімелер толығымен, 26, 28, 29-шы әңгімелер жартылай ақауланған. Осы Тегеранда 1973 жылы Шамс ад-Дин Али Ахмад деген кісі бастырып шығарған. Автордың өзі бұл шығармасын «Джавахир ал-асмар» деп атаса, бастырып шығарушы ашпа бетіне Таяу және Орта Шығыс әдебиетіндегі танымал дәстүрге сай «Тотынама» деп жазады. Бастырып шығарушы шығарманың авторын ас-Сағари атаса, қолжазбамен танысқан зерттеушілер оны ҮІІІ ғасырда Иранда өмір сүрген араб тайпаларының атауымен ан-Наари атайды. Туындының авторы имад ибн Мұхаммед ан-Наари жайлы білетініміз осы шығармадан алынған аз ғана мәлімет. Үндінің ХІҮ-ХҮ ғ. құралған жазбаларында автор туралы еш мәлімет табылмаған.

«Джавахир ал-асмар» композициясы жағынан ежелгі үнді санскрит прозасында дүниеге келіп, кейін Батыс пен Шығыс әдебиетіне кең тараған рамалық (тиектелген) повесть жанрына жатады. Рамалық повестің ерекшелігі – ондағы тиектелген, яғни бір-біріне тиектеле өрілген әңгімелердің болуы. Бұл терминді (обрамленная повесть) алғаш ұсынып, ғылыми ортаға ендірген П.А.Гринцер. «Обрамленная повесть, средневековый литературный жанр, для которого характерно объединение посредством связующей повествовательной «рамки» разнородных рассказов новеллистического, сказочного или басенного типа. Нарративная, развлекательная установка вставных рассказов обычно сочетается с дидактической тенденцией рамочной истории, придающей сборникам обрамленная повесть композиционную цельность и художественную завершенность. Истоки обрамленная повесть можно обнаружить в повествовательной литературе и фольклоре Древнего Востока и европейской античности, но окончательно как жанр она сложилась, по-видимому, в индии в 1-й половине 1-го тыс. н.э.» [2, 3-6-б.]. Мұнда ұйқасқан ұзақ және қысқа новелла, ертегі, мысал әңгімелер ортақ фавуласы болмаса да қатарласып келіп отырады. Бұл жанрдың үлгісі ретінде «Ұлы сөз» (Гунадхьи), сондай-ақ атақты «Бес бәйіт» (Панчатантра) еңбектері танылады. Рамалық повестің композициясы әңгімелердің орнын ауыстыруға не оған жаңа әңгімелер қосуға мүмкіндік береді. Бұл туындының бірнеше нұсқасының тарауына және аталмыш жанрдың Батыс пен Шығыс фольклорына тереңдеп енуіне әсер еткен. Осылайша үнді тілінде жасалынған рамалық повестер аудармалары парсы, араб, монғол, еврей, грек, түрік, славян, роман тілдерінде пайда болды («Қалила мен Димна», «Синбаднама», «Мың бір түн», «Тотынама» т.б.). Еуропада бұл жанрдың озық үлгілеріне ...

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Келімбетов Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. Астана: Фолиант, 2004. 408 б.

  2. П.А. Гринцер. Древнеиндийская проза. (Обрамленная повесть), М., 1963. с. 3.

  3. Ә.Қоңыратбаев. Тотынама – ортақ мұра. //Ә.Қоңыратбаевтың көп томдық шығармалар жинағы. Түркітану және шығыстану мәселелері. 2-том. «МерСал» баспа үйі. 371-б.

  4. Ертегілер. Алматы: Жазушы, 1988. 1-том, 288 б.

  5. А.Қыраубаева. Шығыстық қисса-дастандар. –Алматы: Рауан. 1997, 87-б.

  6. Зияддин Нахшаби. Тотынама. Аударып түсінігін жазған Қоңыратбаев Ә. Алматы: Жазушы, 1991. 304 б.

  7. Қасқабасов С.А. Қазақтың халық прозасы. Алматы: Ғылым, 1984. 272 б.

  8. Г.Ю. Алиев. Персоязычная литература Индий. –Москва 1968. с. 49-68.

Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.



Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!




Каталог: uploads -> doc -> 06d4
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06d4 -> Сабақтың түрі : интерактивті сабақ Сабақтың мақсаты
06d4 -> Бекітемін: М/Д оқу ісі жөніндегі орынбасары №73 орта мектеп Мерзімі
06d4 -> Сабақтың тақырыбы:§ 36 Қазақ хандығының құрылуы. Мақсаты
06d4 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жер аймағын аралаймыз


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет