Бастауыш сыныптардағы математика пәнінің мазмұны мен мақсаты Мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі16,96 Kb.
#84523
түріСабақ
Байланысты:
шжм матем


Бастауыш сыныптардағы математика пәнінің мазмұны мен мақсаты


Мақсаты: ШЖБМ-дегі математика сабағы, оның түрлері және олардың ерекшеліктері туралы білімін толықтыру. Математика пәнінен өзбетіндік жұмыстар түрлерімен таныстыру.

1. ШЖБМ-дегі математика сабағы, оның түрлері және олардың ерекшеліктері


2.Математика пәнінен бір пәндік сабақтар


1. ШЖБМ-дегі математика сабағы, оның түрлері және олардың ерекшеліктері
Ең дұрысы сабақ кестесін барлық сыныптарда математика сабақтары бір мезгілде өткізілетіндей етіп жасау. Ең нәтижелісі - барлық сыныптарда математика сабағын бір мезгілде өткізу. Бұл жағдайда мұғалімге бір сыныптан екінші сыныпқа ауысқан кезде өзінің назарын басты мәселеге аудару оңайырақ болады, өйткені біртекті материал балалардың өзіндік жұмысын орындау барысында басқаға алаңдамауына себепші болады. Сонымен бірге, барлық сынып балаларының ортақ жұмысын ұйымдастыру үшін жағдай туғызады. Мысалы, ауызша жаттығулар жүргізгенде тақтаға жазылған сандарды арттыру ұсынылады, яғни тапсырма барлық оқушыларға ортақ, сонда бірнеше бірлікке арттыруды (2 сынып), бірнеше есе арттыруды (3 сынып), ал 10-ға, 100-ге, 1000-ға көбейтуді (4 сынып) ұсынуға болады.
2.Математика пәнінен бір пәндік сабақтар
ШЖБМ ерекшелігіне байланысты қалыпты мектептерде қолданылып жүрген жоғарыда аталған сабақ түрлерінен басқа оларды қамтитын мынадай сабақ түрлері бар: бір пәндік, әр пәндік және бір тақырыптық сабақтар.
Бір пәндік сабақ дегеніміз әр біріктірілген сыныптарда бір ғана математика сабағын өткізу сабағы. Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді.
Әр пәндік сабақтар дегеніміз математика сабағын басқа бастауыш сынып пәндерімен біріктіріп өткізуге болатын сабақтар. Кейбір әдіскерлер пәндерді екі топқа бөледі де, бірінші топқа математика, қазақ тілі, орыс тілі, еңбек, бейнелеу өнері, яғни өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа дүниетану, әдебиеттік оқу, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарын жатқызады. Сабақ кестесін құрастырған кезде бірінші топты екінші топ пәндерімен біріктіруге болады. Қазақ тілі мен математиканы оқытуда өзбетінше жұмыс істеуді кеңінен қолдануға болады, өйткені оқу, дұрыс жазу, санай білу және дұрыс есептей білу дағдысын дамыту көп жаттығу жұмыстарын жүргізуді талап етеді, бұлардың нәтижелі болуы көбінесе оқушылардың өздігінен жұмыс істей алу қабілетіне байланысты.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Математика мен қазақ тілі арасындағы байланыстар:
- грамматикалық және математикалық ережелердің пайдаланылуы;
- математикалық терминдер енгізу арқылы тіл байлығының арттырылуы;
- сөйлем құрастыру барысында модельдеудің пайдаланылуы;
- сөйлемдегі сөздер байланысының сызбасының көмегімен өрнектелуі;
- сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамытылуы;
- математикалық тілдің қалыптастырылуы. («Математика» бағдарламасы, 1-4-сыныптар).
Математика мен әдебиеттік оқу арасындағы байланыстар:
- ортақ немесе дербес белгілерін салыстыру арқылы анықтау немесе ажырату;
- халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер, ойын өлеңдердің және т.б. математика сабақтарында қолданылуы;
- көркем шынармаларда сипатталатын ата-дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, үлгі-өнеге, тәлім тәрбиелік материалдарды математика мазмұнына сіңіру;
- ауызша шығарылатын халықтық логикалық ежелгі есептердің мазмұнын сапалы түсіну;
Математика мен дүниетану арасындағы байланыстар:
- өзіндік пікір айту және оны дәлелдеу, өз көзқарасын білдіру;
- математикалық есептердің мазмұны арқылы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен және қоғаммен баланы қарым-қатынасқа келтіру;
- айналадағы дүниеден танып-білген, жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабағында қолдану;
- еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, байлығын, шаруашылығының түрлерін, ғылым мен мәдениетін, табиғатын сипаттайтын фактілерді, - деректерді, мәліметтерді және анықтағыш материалдарды пайдалану.
Математика мен бейнелеу өнерінің арасындағы байланыстар:
- заттарды түсіне, пішініне, өлшеміне қарай салыстыру, теңестіру, кеңістік жайында түсінік қалыптастыру,;
- кескіндеу,бейнелеу, безендіру, құрастыру жұмыстары барысында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.
- ұлттық ою-өрнектер мен таңбаларда геометриялық фигуралардың қолданылуы.
Математика мен еңбекке үйретудің арасындағы байланыстар:
- баланың еңбекке дайын болуын, математикалық білімдерін өмірде, нақтылы жағдайларда практикалық мәселелерді шешу үшін пайдалана алуын қалыптастыру.
- күнделікті өмірге және тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауда математикалық білім, білік, дағдылардың пайдаланылуы;
- құрастыру және бұйым жасау жұмыстарында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.
Математика мен саздың арасындағы байланыс:
- сазды әуен мен ырғақта матеметикалық дәлсіздіктің және сан мен үлестің пайдаланылуы;
- нота сауатында математикалық білімнің пайдаланылуы;
- саздық аспаптардың жасалуында және құрылымында математикалық білімнің пайдалануы;
- халықтық ән, күй, би, айтыс және терминдерді математика мазмұнына сіңіру;
Математика мен дене тәрбиесінің арасындағы байланыстар:
- баланың кеңістікті болжауы және сәйкес түсінікті пайдалануы;
- уақыт аралығы жайындағы түсініктердің қалыптастырылуы;
- баланың қимыл қозғалысындағы реттік тәртіп пен дәлдік;
- қозғалмалы ұлттық ойындардың қолданылуы;


Өз бетімен беруге болатын қызықты тапсырмалар
Ойын элементтері.
1 сынып "Он көлеміндегі сандардың нумерациясы" ойыны
2 сынып "Жүз көлеміндегі қосу мен азайту" ойыны
Қорытынды ойын "Қай қатар жылдам"
Тапсырма: Математика сабағынан ҚМЖ дайындау.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет