Батыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі



бет3/9
Дата11.12.2016
өлшемі3,08 Mb.
#3670
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Әдебиеттер:

  1. Әбішев У. Елге қызмет жасаған азамат болды // Ауыл айнасы. - 2014. - 2 тамыз. – 4 б.

  2. Ғаббасов Энгельс: өмірдерек // Алаштың ардагер азаматтары. - Алматы, 1998.-46 б.

  3. Смағұлова Т. Жаңбырдан нәр, күннен қызу алғанда //Орал өңірі.- 2008.-15 қаңтар.-6 б.

  4. Хайроллин К. Әуелден танымал еді // Орал өңірі.-2007.-23 тамыз.

  5. Шүйіншәлиева М. Есімі елде жатталған жазушы // Орал өңірі. - 2015. - 23 шілде. – 6 б.

  6. Ықсанғали С. «Айтқаным танбаймын, пікірімді таңбаймын» // Орал өңірі.-2007.-18 қаңтар.-6 б.


2 ақпан ЛАТИЕВА САРА

туғанына 70 жыл (1947)
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі жазушы, өнертанушы, журналист Сара Латиева 1947 жылы 2 ақпанда қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Орда ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын шұбартаулықтардың бастамасымен комсомолдық жолдама бойынша Жәнібек ауданы, Талов совхозында қой шаруашылығынан бастаған. Аудандық «Октябрь туы» газетінде, Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық радиосында корреспондент, республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, Қазақ радиосында, ұлттық «Қазақстан» энциклопедиясында, «Ақ желкен» журналында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Сара Латиева 1967 жылдан өнертану тақырыбына, шығармашылық портреттер тақырыбына машықталған. Оның алғашқы кітабы 1982 жылы «Мен соғысты көргенім жоқ» деген атпен жарық көрген. Сондай-ақ 1984 жылы К. Байсейітова туралы «Бұлбұл», 2001 жылы Хадиша Бөкеева туралы «Тарлан» атты эссе кітаптар жазды. Бірнеше шетел жазушыларының әдеби-көркем шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Әдебиеттер:

  1. Латиева Сара: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-377 б.

  2. Латиева С. Өмір өрнектері // Ана тілі. - 2015. – 25 маусым.- 9 б.

  3. Сәбиева А. Прозаның Сарасы // Жайық үні.-2007.-20 желтоқсан.-12 б.

  4. Шүйіншәлиева М. «Әркімге өзінің шыққан тауы биік»: белгілі қаламгер, өнертанушы Сара Латиевамен сұхбат //Орал өңірі.-2007.-25 желтоқсан.-4 б.

  5. Шүйіншәлиева М. «Жеті оқушыға стипендия тағайындадым»: белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сара Латиевамен сұхбат // Орал өңірі.-2006.-2 желтоқсан.-2 б.


3 ақпан ҒҰМАРОВ СӘКЕН

туғанына 80 жыл (1937-1995)
Суретші, театр қайраткері, журналист Ғұмаров Сәкен Нәжімеддинұлы 1937 жылы Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Бала кезінен өнерге жақын болып, музыка, театр, би, пластикамен әуестенген. Кішкентайынан немере ағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Ғұмаров Мұхамеджан жетекшілік еткен Жалпақтал халық театрының сахнасына шығып, рөлдерде ойнаған.

1957-1958 жылдары Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық орыс драма театрында актер болып қызмет етті. 1962-1963 жылдары Луначарский атындағы Мемлекеттік театр және өнер институтында, 1964-1965 жылдары Ленинград музыка, театр және киноматография институтында оқыған. Актерлік шеберлікті, режиссураны жете меңгерген.

1964 жылы Орал қаласындағы жаңа ашылған облыстық телестудияның бас режиссері болды. Бірақ Сәкен Ғұмаров жұртшылыққа суретшілік өнерімен танымал. Негізінен кескіндеме саласында жұмыс істеді. Шығармаларын абстракциялық әдіпте жазған. Суретшілік бағыты – поставангардизм. Шығармаларына еркіндік, мейірім мен жылылық, парасат пен білім, тарихи сана және отаншыл, ұлттық рух пен имандылық тән. Сәкен Ғұмаров – «Түркілік», «Бағзы заман түркілері», «Бестиарий», «Күту», «Бастар мен денелер», «Туындылар», «Аспани әуез», «Қанағаттан келген хабарлар», «Қанағаттың ақ күні», «Астральдық», «Аққұс», т.б. циклдер мен картиналардың, көптеген пейзаж, натюрморт, портрет, арабеска, сюжеттердің авторы.

Ол сондай-ақ өлең жазған, түрлі музыкалық аспаптарда шебер ойнаған. Суретшінің көрмелері 1986-1995 жылдары Алматыда, Оралда, Киевте, Мәскеуде, Екатеринбургте, Челябіде және Ресейдің т.б. бірнеше ірі қалаларында әлденеше рет үлкен табыспен өтті.

1996 жылы Орал қаласында Сәкен Ғұмаровтың жеке сурет мұражайы ашылды. Онда суретшінің 200-дей картинасы қойылған.
Әдебиеттер:

  1. Балмолда М. Мәнділер мәңгілікпен тыныстайды: суретші Сәкен Ғұмаровқа арналған өлең // Орал өңірі. –2013. - 15 қаңтар. – 5 б.

  2. Қабошқызы Ұ. Суретшіге арналған фотокөрме // Орал өңірі.-2015.-3 наурыз.-12 б.

  3. Қабошқызы Ұ. Сәкентану басталды // Орал өңірі.-2015.-31 қаңтар.-12 б.

  4. Салауатқызы Л. Сәкеннің сиқырлы әлемі // Жайық үні.-2012.-8 қараша.-30 б.

  5. Сариева Ұ. Суретші Сәкен Ғұмаров - егіздің сыңары: белгілі қылқалам шебері, суретші Сәкен Ғұмаров туралы// Орал өңірі. - 2011. - 3 қараша. – 15 б.

  6. Сәкен Ғұмаровты еске алды // Орал өңірі. - 2011. - 3 ақпан. - Б.9.

  7. Шамұратов М. Шәкәрім мен Сәкен терең түйсіктің сырын ұққандар // Астана ақшамы.-2015.-8 қазан.-6 б.


5 ақпан МАДАНОВ ХАМИТ

туғанына 90 жыл (1927-1997)
Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хамит Маданов 1927 жылы 5 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Ұялы ауылында дүниеге келген. Еңбекке ерте араласқан ол колхозда, әр түрлі мекемелерде істеп, 1945-1947 жылдарда Жаңақала аудандық «Социалистік еңбек» газеті редакциясында жауапты хатшы болды. 1947-1951 жылдарда әскерде болып, одан оралғаннан кейін Жаңақала аупарткомының бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.

1954 жылы Хамит Маданов Алматы Жоғары партия мектебінің газет қызметкерлерін дайындайтын бөліміне түсіп, оны 1959 жылы бітіреді. 1959-1970 жылдарда Батыс Қазақстан облысында аудандық, ауданаралық газет редакторы, облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып істеді.

1970-1971 жылдарда Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы Академиясында аспирантурада оқып тарих ғылымы кандидаттығы атағын алу үшін диссертация қорғады. 1971-1972 жылдарда Қазақ радиосының арнаулы бағдарламасының бас редакторы болған ол 1972-1984 жылдарда Абай атындағы қазақ педагогикалық институтында тарих кафедрасының меңгерушісі болды, партия тарихы институтында жүргенде ҚазМУ-дың партия тарихы кафедрасында қосымша доцент болып істеп, журналистика факультетінде сабақ берді.

1981 жылы тарих ғылымы докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады, профессорлық атаққа ие болды. 1982 жылы Қазақстанда аграрлық саясаттың жүзеге асуы жөніндегі монографиялық еңбегі үшін ҰҒА-ның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығын алды. Екі жүзден аса ғылыми еңбектер жазған Хамит Мадановтың жиырмаға тарта монографиясы бар.

Соңғы жылдарда Хамит Маданов «Қазақстан» тарих-тектану қорын құрып, қор арқылы Қазақстан тарихына байланысты көптеген кітаптар шығарды.

Хамит Маданов Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Журналист ретінде газетте, радиода тікелей қызмет атқарумен бірге Қазақстан баспасөзі бетінде, «Жұлдыз», «Ақиқат» журналдарында, «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде оның ғылыми-танымдық материалдары, очерк, мақалалары жарық көрді.
Әдебиеттер:

  1. Думан Ғазез. Ер есімі ел есінде жүрсе игі: Хамит Маданов туралы // Орал өңірі. - 2006. - 14 қазан. – 4 б.

  2. Жаданов М. Дос бейнесі ұмытылмайды // Орал өңірі.-2002.-14 қыркүйек.

  3. Жаданов М. Тарихшы, жазбагер, ақын: Хамит Маданов туралы бір үзік сыр // Жайық үні.- 2002.-5 шілде.

  4. Шапенов Е. Ғалым биігі аласармайды: Хамит Маданов //Орал өңірі. - 2002. - 7 ақпан.

  5. Шәпенов Е. Танымал ғалым // Орал өңірі.–2007.–30тамыз. – 12 б.


19 ақпан СКОБЫЧКИН ФЕДОР

туғанына 90 жыл (1927-2013)
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері Федор Федорович Скобычкин 1927 жылдың 19 ақпанында Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданының Круглоозерный ауылында дүниеге келген.

Федор Федорович Орал ауыл шаруашылығы техникумын үздік бітіргеннен кейін 1945 жылы Мәскеудегі жылқы зоотехникалық институтына түседі.

Институтты тәмамдағаннан кейін 1950-1955 жылдары №51 Буденный атындағы Пятимар жылқы зауытында бас зоотехник болып жүріп, сол жылдары түліктің басын өсіріп қана қоймай, етті, сүтті жылқы тұқымдарын асылдандыру бағытында үлкен жұмыс жасайды.

«Березов» кеңшарының, «Аңқаты» асыл тұқымды мал зауытының, Орал ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциясының директоры болып қызмет жасаған кезінде өзін жан-жақты жетілген басшы, тамаша ұйымдастырушы ретінде көрсетіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауыл шаруашылығы, соның ішінде облыстағы мал шаруашылығы өнімдерін көбейту мен өндірісін дамытуда өлшеусіз үлес қосты.

Федор Федоровичтің тікелей қатысуымен Көшім асыл тұқымды жылқыларын шығарудың негізі қаланды, қазақтың ақбас асыл тұқымды сиырын одан әрі жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізілді.

«Березов» кеңшарын басқарып жүрып, облыста бірінші болып жерді аудармай жырту мен дәнді дақылдарды өсіруде ылғал сақтаудың жүйелі де жаңа тәсілін енгізіп, облыс бойынша ең алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың біріне айналдырды.

1974 жылы «Березов» кеңшары ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудағы жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін Халықтар достығы орденімен марапатталды.

Федор Федорович Скобычкин барлық уақытта да ғылым мен тәжірибені ұштастыра білді, өндірістен қол үзбей жүріп, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты атағына диссертация қорғап шықты.

Федор Федорович Скобычкин ауыл шаруашылығын дамытудағы ерекше ерен еңбегі үшін жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды: екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Ленин, Октябрь революциясы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Федор Федорович Скобычкин 2013 жылдың 30 қаңтарында ұзаққа созылған науқастан дүние салды.


Каталог: zkolib -> kaz
kaz -> Бюллетень новых поступлений библиографический указатель, отражающий информацию о текущих поступлениях за 4-ый квартал 2012 года
kaz -> Сы батыс Қазақстан облысы бойынша 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014
kaz -> Шыңғырлау аудандық окж-нің «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілген іс-шаралар. «Бір ел – бір кітап»
kaz -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
kaz -> Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
kaz -> Сырым аудандық окж бойынша «Бір ел бір кітап» акциясы аясында жазушы Оралхан Бөкеевтің әңгімелерін насихаттауға арналған «Дарынды талант иесі» «Оралхан Бөкейдің
kaz -> Қуатов Б. Ұмытылмас ұлағатты тұлға
kaz -> Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет