Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараоба ауылы



бет2/4
Дата11.12.2021
өлшемі103,5 Kb.
#79014
1   2   3   4
«Графика әлеміне саяхат»

( информатикадан 9 ә сыныбына арналған

факультативті курс бағдарламасы)


2015-2016 оқу жылы

Факультативтік курс «Графика әлеміне саяхат»
Құрастырған: Қызылорда облысы, Арал қалалық №83 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Абдуллаева Феруза Муслимовна. Бұл авторлық бағдарлама ustaz.kz сайтында 22 ақпан 2010 жылы жарияланған.
Пікір жазғандар:
Жұмашев Ж.Т №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Боранова А.А Арал қалалық №83 орта мектебінің математика- информатика пәнінің мұғалімі

Бағдарлама 34 оқу сағатына есептелген . Қазіргі кезде сканерлер, цифрлы фотоаппараттар пайда болуына байланысты адамдар жоғарғы өлшемді цифрлық бейнелерді алды. Бұл оларды өңдеуге, қайта құруға, осының негізінде жаңадан бейне құруға, коллаж жасауға т.б. әкеліп соқты. Осы курс фотосуреттерді өңдеуге және қайта құруға арналған Adobe Photoshop бағдарламасымен жұмыс жасауды оқытады.

Adobe Photoshop – өазіргі замандағы дизайннның жан-жақты құралы ретінде цифрлық фотосуретті өңдеу әлемінде фактілі стандарт болып табылады. Бағдарлама фотосуреттерді өңдеу мен қайта құру мүмкіндігінен басқа жоғары деңгейлң профилде, сонымен қатар Web дизайнда қолданылады. Бұл құралды меңгеру үлкен уақытты, арнайы әдебиеттерді оқуды, үнемі эксперемент жасап отыруды талап етеді.

Курс екі жобамен жұмыс жасайды: архивті фотоны қайта қалыпқа келтіру және жаңа жылдық ашық хат жасау.



Мазмұны:


Түсінік хат .....................................................................................................

1 бет

Бағдарламаның мақсаты,міндеттері, күтілетін нәтиже .............................

2 бет


Күнтізбелік жоспар ....................................................................................

3-4 бет

Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................

5 бет


Түсінік хат

Елбасымыз «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы үш құрамдас бөліктен тұруға тиіс деп оны талдап берді. Оның біріншісі - білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсуді қарастырады.

Қазіргі кезде әрбір сағат сайын жаңарып жатқан ақпарат пен білімнің тасқынынан өзімізге керектісін іріктеп алу оны ыңғайына қарай қолданысқа және мамандыққа енгізу мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек. Осыған байланысты білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру.

Еңбек нарығында қалай бәсекеге қабілетті болуы және келешекте мамандық таңдауларына қажетті практикалық жұмыстар енгізілген.Курс іскерлік ойындар,мини-лекция, мастер-класс түрінде өткізіледі.

Егеменді тәуелсіз Қазақстан бүкіл дүниежүзілік интеграциялық білім беру кеңістігіне кіру мақсатында маңызды жаңа білім жүйелерін құрды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» мемлекет саясатының күрделі қағидалары анықталды, соның ішінде жалпы орта білім беру вариативтілігі, кәсіби бағдарлау, түрлі бағыттағы білім беру ұйымдарын құру, кең ауқымды балама оқу бағдарламасы, соның ішінде тереңдетілген және бейіндік кәсібиалды дайындық.

Оқытудың негізі мақсаты оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технология арқылы өз бетінше тиімді білім алуы және өзін - өзі анықтауы үшін мүмкіндік туғызу болып табылады. Оқыту мазмұны информатиканың дүниетанымдық және пайдаланушылық аспектілерін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай мазмұн мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының мақсаты мен міндеттерінен туындайды. Ол компьютерді оқу құралы ретінде оқушылардың оқу – танымдық қызметіне тұрақты пайдалануын көздейді. Бұл бағдарламаның мазмұны оқушылардың оқу танымдық қызметінде компьютерлік техниканы еркін пайдалану дағдысын қалыптастыруға қажет материалдарды қамтиды және ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану жағдайындағы оқуға даярлайды.


Мақсаты:

Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет