Батыс Қазақстан облысы


Тақырыбы: «Әдептілік-әдемілік»



бет3/5
Дата09.06.2020
өлшемі57,5 Kb.
#63289
1   2   3   4   5
Тақырыбы: «Әдептілік-әдемілік»
Мақсаты: Оқушыларды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Жат қылықтардан бойын аулақ ұстап, әдепті, тәртіпті оқушы болуға үйрету.

Көрнекілігі: әдептілікке байланысты суреттер, А.Құнанбаевтың портреті.

І Қызығушылықты ояту.

Ел президенті Н. Назарбаевтың үкімет алдына қойған сегіз нақты тапсырмасының бірі, «Салауатты өмір салтын құру» болатын.

Егемен еліміздің келешек ұрпағын білімді, мәдениетті отаншыл, еңбекшіл етіп өсуі, тәрбиелеу бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі болып отыр.

Қазақ елінің келешегі 2030 стратегиясын жүзеге асыратын сендерде ел үмітін ақтайтын, «Елім үшін жері үшін, Отан ана сендер үшін!» деп аталар ісін жалғастыратын ұрпақ болатындарыңа сенеміз!

ІІ. Мағынаны тану.

Әдептілік – бұлақтай.

Тазалығы арыңның.

Өлшемі ол сыныптай

Бойындағы барыңның.

Тәрбиенің асқары.

Абай атам табынған.

Әдептілік бастауы –

Бес алыс боп табылған.

Ұлттық тәрбие - кешегі өткен қариялардан, ғұлама, ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілердің мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.

Тәрбие тамыры халық қазынасында.

Көрініс.


Ортада дастархан, қарт ата мен әже шығады.

Әжесі: Серікжан – ау, Серікжан! Бері келші, балам!

Немересі шығады.

Атасы: Отыр, балам. Мына әжең екеуміздің саған өсиет етер сөзіміз бар. Атамыз қазақ «Әдепті бала – арлы бала» деп жатады. Қазақ халқы баланы «тек» деп өсірген. Үлкенді сыйла, әдепті бол, жаман әдеттен аулақ бол дегені.

Әжесі: Жаман әдетке тыйым керек, балам. Ол дегеніміз....

Атасы: Деніңе қарсы келме,

Досыңды өкпелетпе.

Дөрекі сөйлеме,

Дәмге түкірме,

Дастарханды аттама, баспа.

Әжесі: Ерді сыйла,

Еліңді ұмытпа.

Еріншек болма, балам.

Есікті қатты жаппа,

Етпетіңнен жатпа.

Атасы: зорлықшыл болма,

Иесіз үйге кірме7

Инені тістеме.

Бүйіріңді таянба.

Жалғыз ағашты кеспе.

Таңдайыңды қақпа.

Әжесі: Қолыңды төбеңе қойма,

Пышақтың жүзін жалама.

Ақты жерге төкпе,

Бөркіңді теуіп ойнама.

Бейітке қарап қолыңды шошайтпа.

Бейуақытта жылама,

Басыңды еш шайқама.

Атасы: Жасқаншақ жасық болма,

Кінәмшіл болма.

Кісі мініне күлме.

Әжесі: Сабырлы, салмақты бол,

Білімді, ойлы бол, балам.

Ата – анаңды сыйла,

Әдепті боп өс, балам.

ІІІ. Толғаныс.

Балалар, атамыз қазақ «Баланы жастан» деп бала тәрбиесіне қылығына жас кезінен көңіл бөлген. Ұлы ғұламалар да тәрбиелік, шыншылдық, еңбексүйгіштік бала кезден бойға сіңетін қасиет дейді. Қатты тәртіп көрсе бала күнінде өнерімен қуантады түбінде» деп Жүсіп Баласағұни айтқандай келешектерін жарқын болсын.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет