Батыс ќазаќстан облысыныњ білім беру басќармасы



бет2/4
Дата21.10.2022
өлшемі199,5 Kb.
#154424
1   2   3   4
Байланысты:
0105013-kz-2

ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. Қайсысы қазақтың төл сөздерінде кездеспейді?


А) я
В) ц
С) у
D) щ
Е) ю

2. Дифтонг деген не?


А) дауысты дыбыс
В) түбір сөз
С) қосарлы дыбыс
D) дауыссыз дыбыс
Е) қосымша

3. Жуан дауыстылар қалай жасалады?


А) тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады
В) еріннің дөңгеленіп, алға қарай созылуы арқылы жасалады
С) езудің кейін тартылуы арқылы жасалады
D) жақтың тар ашылуы арқылы жасалады
Е) жақтың кең ашылуы арқылы жасалады

4. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауыстыларды табыңыз.


А) ү, у, ы, э, о, ө
В) ә, е, и, о, ө, у
С) ө, о, ұ, ү, у, ы
D) и, о, ө, ұ, ү, ы
Е) ы, і, и, ү, у, ұ

5. Салдыр мен үннен тұратын дыбыс қайсы?


А) ц
В) п
С) и
D) ь
Е) н

6. Интонация арқылы байланысқан сөздерді табыңыз.


А) алыс-жақын бәрі келді
В) Арман - әнші
С) ақша үшін таласу
D) үш-төрт кісі
Е) аман-саулық сұрау
7. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Қамар да бұл жолы үндемеді.
В) Асқар күлді, қуанды.
С) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
D) Мен елдің елшісімін.
Е) Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды.

8.Оңашаланған айқындауыш өздері анықтайтын сөздерінен қалай ажыратылады?


А) үтір
В) дефис
С) нүкте
D) тырнақша
Е) қос нүкте

9.Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.


А) Келген қонақты көру үшін, есік алдына көп жұрт жиналып қалды.
В) Еңбексіз ауырса, емі табылмайды.
С) Ғылым өзін-өзі сызғылай отырып, талассыз ілгері жылжи береді.
D) Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады.
Е) Ол арбадан түскенше, Санат күтіп қалды.

10.Сұрақ белгісінің кейде жақша ішінде қойылу себебін табыңыз.


А) Кекесін, қалжың мәндегі сөзден кейін.
В) Авторлық ремаркадан кейін.
С) Дәйексөздің кімнен алынғандығын білдіру үшін.
D) Сөз мәні түсініксіз, күдік туғызатын жағдайда.
Е) Сұраулы сөйлем соңында.

11.Қате жазылған біріккен сөзді табыңыз.


А) бір түрлі
В) кейбіреу
С) кей кездері
D) әлдеқалай
Е) әр қашан

12. «Кім?» деген сұраққа жауап беретін зат есімді табыңыз.


А) қазақ жері
В) пайдалы кен қазбалары
С) қазақ тілі
D) Қазақстан халқы
Е) Қазақстан Республикасы

13. Заттың дәмін білдіретін сын есімді табыңыз.


А) ақ
В) тәтті
С) зерек
D) биік
Е) білімді

14.Күрделі сан есімді табыңыз.


А) алтыларда
В) жиырма
С) он екі
D) алпыс
Е) қырық

15. Берілген есімдіктердің қайсысы зат есімнің орнына жүреді?


А) әлдекім
В) әрбір
С) әрқашан
D) ешқандай
Е) кейбір

16. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстың саны қанша?


А) 12
В) 23
С) 21
D) 25
Е) 20

17. Бірыңғай жуан буынды сөзді табыңыз.


А) адамгершілік
В) ізеттілік
С) қарапайымдылық
D) қатігездік
Е) жіңішкерек

18. Тасымалданбайтын сөзді табыңыз.


А) көрші-қолаң
В) аласа
С) Екібастұз
D) оқырман
Е) ҚазМҰУ
19. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) жылы лебіз
В) жылы су
С) жылы сөз
D) жылы жүз
Е) жылы жүрек

20. Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз.


А) Жері байдың - елі бай.
В) Көппен көрген ұлы той.
С) Қолы ашықтың - жолы ашық.
D) Сыйлап берсе, сусын іш.
Е) Берген жомарт емес, алған жомарт.

21. Салт етістік деген не?


А) табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік
В) қимылды білдіретін төл етістік
С) сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік
D) табыс септігіндегі сөзді қажет ететін етістік
Е) бір сөзден тұратын етістік

22. Қай сөйлем сөйлеп тұрған уақытқа дейін әрдайым болып тұрған іс-әрекетті білдіріп тұр?


А) Біз жазда өзенге шомылуға баратынбыз.
В) Мен сабаққа дайындалдым.
С) Олар ертең балық аулауға бармақшы.
D) Ол үйде жалғыз отыр.
Е) Ол ертең келеді.

23. Шартты райлы етістікті табыңыз.


А) Айтқан сөзді мұқият тыңда.
В) Есіңе мені алғайсың.
С) Жаз бойы ауылдағы нағашыларында болды.
D) Кешеден бері киноға барғым келіп жүр.
Е) Балаларыңызды оқытпасаңыздар, өкініп қаласыздар.

24. «Қашан?» деген сұраққа жауап беретін сөздердің қатарын табыңыз.


А) төмен, алға, жоғары
В) өте, тым, аса
С) жаздыгүні, былтыр, баяғыда
D) жылдам, асығыс, мүлдем
Е) бақыт, жаз, ауа райы

25. Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақтарды табыңыз.


А) -ын, -ін, -н, -ыл, -іл
В) -аң, -ең, -ың, -ің, -ң
С) -ыс, -іс, -с, -ым, -м
D) -ғы, -гі, -қы, -кі, -к
Е) -ыл, -іл, -л, -ла, -ле


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет