Бау-бақша өсімдіктері


Сілтеме: 1.https://kk.wikipedia.org/wiki/Асқабақтар_тұқымдасы



бет7/16
Дата24.10.2023
өлшемі3,17 Mb.
#187783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
mp264, жадынама , 8-сынып,бжб 3-тоқсан №2, 9-кл.ТЖБ. ӘДЕБИЕТ. 1-токсан

Сілтеме: 1.https://kk.wikipedia.org/wiki/Асқабақтар_тұқымдасы

Қанатова Мадина

Дүниесі:Өсімдіктер- Plants Бөлімі:Гүлді өсімдіктер- Magnoliophyta Табы:Қос жарнақтылар- Dicotyledoneae Тұқымдасы:Асқабақ тұқ.-Cucurbitaceae Тегі: Қарбыз-Citrullus

Сипаттамасы:Қарбыз – асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік. Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі. Дүниежүзінде 500-ден аса асханалық Қарбыз сорттары өсіріледі. Жапырақтары ірі, гүлдері ақсары түсті, сабағы төселмелі, ұзындығы 2 – 3 м-дей болады. Гүлі дара жынысты, бір үйлі, кейде екі үйлі. Түсі ақ, ала, қоңыр жасыл жолақты. Жемісі тәтті шырынды қызыл, қызғылт, күрең қызыл, сирегірек ақ және сарғыш болады. Қарбыздың салмағы 0,6 – 16 кг, құрамында 11% қант, витамин, т.б. заттар бар. Қарбыз – жылу сүйгіш, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді өсімдік, бірақ үсікке төзімсіз.

Таралуы: Жабайы түрі Африкада, Иранда, Орта Азияда, Ауғанстанда кездеседі. Қазақстанда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында көбірек өсіріледі.

Қолданылуы: Емдік мақсатқа Қарбыздың шырынды бөлігі мен қабығын және дәндерін пайдаланады. Қарбыздың тәтті бөлігі мен шырыны шөл басады, несеп жүргізеді. Дәндерінің қан тоқтататын және ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Халық медицинасында Қарбыздың жемісін шемен мен сары ауруға қарсы қолданады.

Сілтемесі:↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Маннапова Айнара

Бөлімі: Гүлді өсімдіктер - Magnoliophyta Табы: Қос жарнақтылар - Magnoliopsida Сабы:Асқабақ - Cucurbitales Тұқымдасы: Асқабақ - Cucurbitaceae Тайпасы: Асқабақ - Benincaseae Тегі: Қауын - Cucumis melo

Сипаттама: Қауын (Cucumis melo) – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Жапырағы ірі, кезектесіп орналасқан, жіңішке сабағы буындарға тарамданып, жер бетіне төселіп өседі. Гүлі сары, дара жынысты, қос жынысты түрі де кездеседі. Жемісі – көп тұқымды, жемісінің түсі де, пішіні де сортына байланысты әр түрлі болады. Қауын 25-30 ͦ С температурада жақсы өседі. Қауын сорттары мен түрлеріне қарай әңгелек, әміре, т.б топтарға бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет