Баяндама аса құрметті комиссия төрағасы және комиссия мүшелері! Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған



бет2/2
Дата15.01.2022
өлшемі13,24 Kb.
#112048
түріДиплом
1   2
Байланысты:
Баяндама аса рметті комиссия т ра асы ж не комиссия м шелері!
Дип.-Оқушылардың-шамадан-артық-эмоционалды-зорлануы-және-одан-шығару-жолдары, Үй жұмысы 11
Бұл дипломдық жұмысымның мақсаты - адам құқықтарын қорғаудың халықаралық және аймақтық аспектілерін негізін қалаушы қағида ретінде зерттеу және оның қызметін жетілдіру бойынша шараларды ұсыну.

Осы мақсатқа жету үшін диплом жұмысында мынандай міндеттер қойылды:

- «адам құқықтарын қорғау» қағидасының орны мен ролін анықтау;

- құқықтық мемлекеттегі адам құқықтары мен бостандықтары институтын талдау;

- Қазақстан Республикасының адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша нормативтік негіздерді зерделеу;

- Адам құқығын қорғаудың сан қырлы және аймақтық жүйесіндегі Қазақстанның алатын орнын айқындау;

- адам құқықтары мен бостандықтарын соттық қорғауды қамтамасыз ететін жүйесін анықтау.

Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, жақсы тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру - Қазақстанның алдына қойған асыл мұраты.

Дипломдық жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Президентінің адам құқықтарының кепілі ретіндегі қызметі санқырлы, көлемді және жүйеқұраушы сипатта деген тұжырымға келдім

Адамдар іс жүзінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін білулері және оларға сәйкес әрекет етулері керек, ол үшін мемлекет адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарына байланысты барлық заңдарды, әкімшілік ережелері мен рәсімдерді жариялауға және оған барлық азаматтардың қолдары жететіндей етуі керек.

Адам құқықтарын қорғаудың басты кепілі қуатты, демократиялық, жақсы ұйымдасқан мемлекет болып табылады. Осыған байланысты ел ішіндегі және сыртындағы сындарға жалтақтамастан, біз демократиялық дәстүрлерді дамытумен қатар оларды қорғаудың жеткілікті дәрежедегі қатал жүйесін қарастыруымыз қажет.

Адам құқығы саласындағы халықаралық ынтымақтастық төмендегідей бағыттарды белгілейді:


  1. Адам құқығы саласы бойынша халықаралың құқықтық актілерді жинақтап, қабылдау;

  2. Мемлекеттердің ішкі заңдылықтарын қабылданған құжаттарға сәйкестендіру;

  3. Анықталған міндеттемелерді нәтижелі түрде жүзеге асыру мақсатында мемлекеттердің ынтымақтастығы;

  4. Міндеттемелердің орындалуына халықаралық бақылауды ұйымдастырып, жүзеге асырудағы мемлекеттердің ынтымақтастығы (адам құқығы бойынша қабылданған келісімдерді жүзеге асыруда арнайы халықаралық органдардың құрылуына ықпал ету).

Сот тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты құралы ретінде қарастырылады. Көптеген елдердің конституциялары сотқа жүгіну құқығын адамның жеке және ажыратылмас құқығы ретінде тұжырымдайды. Ешкім де оның ісін сотта қарау құқығынан ажыратылмайды. Өзінің құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау құқығы азаматтар мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың кез келген заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне сотқа шағымдану арқылы жүзеге асырады.

Азаматтар осы уақытқа дейін сотты өздерінің құқықтарын қорғау және әділеттілікті қалпына келтіру құралы ретінде сезінбей отыр.

Біртіндеп алқа билер институтын енгізу туралы ойлану қажет. Сонымен бірге сот төрелігін атқару процесіне араласпай, соттардың қызметін бақылаудың құқықтық тетіктерін күшейту қажет. Судьялардың кәсіби даярлық сапасын арттыру қажет. Шамасы, арнайы оқу магистратурасын құрған орынды болар. Судьялыққа міндетті түрде оны бітіргендер тағайындалулары тиіс.

ҚР Президенті 2005 жылғы арнауында сот жүйесін жетілдірудің негізгі бағдарларына көңіл аударды.

Ең алдымен, заң негізінде құрылған және тәуелсізік пен бейтараптылық критерийлеріне сәйкес келетін соттың болуы қажет. Екіншіден, даудың немесе айыптаудың барлық тұстары бойынша шешім қабылдау үшін соттың кең өкілеттілігі болуы керек. Үшіншіден, адамның сотқа қол жеткізу құқығы болуы қажет.

Көптеген азаматтар өздерінің бұзылған құқықтарын қорғауды өтініп, сотқа жүгінуде.

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды сұрап сотқа жүгінуші санаттарынан мыналарды бөліп көрсетуге болады. Мысалы, республика соттарына еңбек даулары туралы 12782 іс түссе, олардың 8927-сі сотта қаралып, шешім қабылданған, 7916 талап қанағаттандырылған бұл барлық істердің 88,7%. Мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік қызметкерлердің шешімері мен әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) келіспейтіндіктері туралы 11469 іс түссе, оның 6755-і қаралып, шешім шығарылған, 4882 немесе 72,3% қанағаттандырылған [.

Әкімшілік органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне шағымдану жөнінен 2482 іс түскен, оның 1644 ісі қаралып, шешімдер қабылданған, 1163 талап, яғни барлық қаралған істердің 70,7% қанағаттандырылған .

Прокурордың қамауға алу және қамауда ұстау мерзімін ұзартуға санкцияларын сот жолымен шағымдану бойынша 719 арыз түскен, оның 227-сі қанағаттандырылған.

Сөйтіп, қазіргі заман талаптары шешілуін қажет ететін проблемалар шеңберін сызуға болады.



  1. Отандық заңнамалардың сапасын арттыру қажеттігі, өйткені сот төрелігін іске асыру сапасы көп жағдайларда қабылданатын заңдардың сапасына байланысты.

  2. Адвокатура тарапынан халықтың тұрмысы нашар топтарына заң көмегінің көрсетілмейтіндігі. Қоғамның рыноктік қатынастарға өтуі бұл қарым-қатынастарды шиеленістірді және ақысыз көмек көрсетуді елеске айналдырды.

  3. Сот төрелігін іске асыру сапасын бағалаудың обьективтік критерийлерінің жоқтығы. Сот төрелігінің жағдайын ескі пайызбен бағалау әділ сынға ұшырауда.

  4. Істерді қарау мерзімдерін бұзу. Істерді қарауды сөзбұйдалыққа салу әдеттегі жағдайға айналды. Судьяларға жұмыс ұйымдастыруды жақсарту қажет.

Қорыта айтқанда жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, жақсы тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру - Қазақстанның алдына қойған асыл мұраты. Адам құқықтары туралы білімді өрістету - адам құқықтарының сақталуына кепіл болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет