Баяндама тақырыбы


Туризм саласын тиімді пайдалану схемасы



бет8/8
Дата21.12.2022
өлшемі2,28 Mb.
#163511
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Маңғыстау облысы

Туризм саласын тиімді пайдалану схемасы.
Туризм саласын дамытудың экономикалық тұрғыда және Қазақстанның табиғи, тарихи, мәдени-рухани келбетін өзге елдерге таныту бағытында екіжақты пайдасы бар десек, таңғажайыптарға толы Маңғыстаудың туризмнің нағыз ордасы болуға мүмкіндігі зор.
Өңірде туристік әлеуетті дамытуда классикалық, экотуризм, этнотуризм және биотуризм сынды бағыттар ұсынылғанмен, олардың жүзеге асырылу объектілері үш бағытты қамтиды, біріншісі – даланың табиғи ерекшеліктері, қызғылықты табиғаты болса, екінші бағыт – адам қолымен жасалған құндылықтар, сәулет мұралары.
Ал, үшінші бағыт – Каспий теңізінің жағалауындағы туризм. Қазақстанның жеті кереметінің үшеуі Бекет ата жерасты мешіті, Шерқала тауы мен Қарақия ойпаты орналасқан даладағы тұлғасы бөлек тау мен тас, сырын сыртына шығар­маған күйі сусыған жал-жал сары құмдар, терең ойларға бастайтын ойпат, тамшысымен таңғалдырған Тамшалы, алыс замандардың иіріміне үйіре жөнелетін Айрақты, бұл дүниенің әлі ешкім шеше алмаған жұмбағының бірі өзі екендігін еске салғандай, адам қолымен жасағандай дөп-дөңгелек шар тастар, айдалада ұмыт қалған айнадай аппақ сор мен ұлан-ғайыр тақыр-жазықтықтар туристерді таңғалдыра алатынына күмән жоқ.
Облыс орталығы Ақтау қаласынан ең шалғай өңірлерге жол тартпай-ақ, Тамшалы, Жығылған жерінен бастап, одан әрі қарай ортағасырлық Сұлтан епе жерасты мешітіне зиярат етіп, Солтүстік Ақтау сілемдерін қақ жарып өтетін Қапамсай арқылы Шақпақ ата жерасты мешітіне зиярат жасау туристік сапардың жолы ретінде сұранып жатыр.
Торыштағы шар тастар алқабына дейін туристердің табиғаттың талай таңғажайыбын тама­шалауға мүмкіндігі бар, одан әрі жолды Шерқала-Ақмыш-Қызылқала қалашығына бағыттап, Айрақты тауына маңдай тіреген жолаушы әрі қарай акула тістері шашылып жатуымен алыс ойларға жетелейтін Тетис мұхитының орны – Тұзбайыр соры арқы­лы белгілі Үстірт қырына шы­ғып кете алады. Бозжыра жазығына ат суытып алып, Маңғыстаудың ойындағы Түйесу құм мас­сивтерін басып өту арқылы Тоқмақ мүйісіне көз сүйсіндіріп, Қарақия ойпатына көңіл тоғайтып Ақтауға келіп аттан түсуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет