Баяндама тақырыбы



бет2/8
Дата21.12.2022
өлшемі2,28 Mb.
#163511
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Маңғыстау облысы

Орталық таулы Маңғыстау. Бұған Батыс және Шығыс Қаратау жоталары мен Оңт. және Солт. Ақтау жоталары кіреді. Бұл өңір өзінің жер бедері жағынан тектоникалық-эрозиялық және аридті-денудациялық (су, жел мен мұздан беті тегістелген) аласа таулар тіркесіне жатады. Бұл ауданның жер бедері сан алуан биік шоқылар, кемерлер, таулар, жоталар, адырлар мен аңғарлар, бөктерлер, жекелеген төрткілдер, эрозиялық өңірлер және су ағатын сайлардан тұрады. Таулы Маңғыстаудың ұзындығы 117 км, ені 10 – 15 км. Ол Батыс және Шығыс Қаратау жоталарынан тұрады. Оған жарыса Оңт. және Солт. Ақтау сілемдері жатыр. Маңғыстау тауларының ең биік жері 556 м (Бесшоқы шыңы). Қаратау сілемдері тек Шығыс Қаратаумен бітпейді, ол одан әрі жалғасып Бесоқты тауы, Қарашық, Қарамая, Кендірлі сілемдерімен ұштасып жалпы ұзындығы 300 км-ге дейін созылады. Сол сияқты Солт. және Оңт. Ақтау сілемдері батыс басын Таушық, Даныспан маңынан бастап шығысында Үстірт шыңына, солт. бөлігі Күйекжол арқылы Тұзбайыр тауына жетсе, екінші бөлігі Алаешкі, Жабайұшқан таулары арқылы Бекет ата шыңы тұсында Үкінің ойына жетеді. Солт. Ақтаудың орташа биікт. 300 – 327 м. Тау жоталары солт-ке қарай көлбеуленіп ірілі-уақты салаларға тарамдалып Бозащы жазығына жалғасып кетеді. Оңт. Ақтау Солт. Ақтау сілеміне қарағанда аласа болып келеді де оңт. және оңт.-батысқа қарай аласарып, бірте-бірте Оңт. Маңғыстау жазығына жалғасады.
Батыс Түпқараған түбегі аймағы. Түбектің солт. және батыс бөлігі Каспий теңізімен қоршалған, үстіңгі беті тегіс жазық келеді және теңіз деңгейінен биікт. 140 – 200 м болып келетін жағалық шыңдар сілемін құрайды. Шың жағалауында солт-тен оңт-ке қарай әр түрлі ұзындықта орналасқан және тарамдалған сулы, сусыз алқаптар, тұйық сайлар кездеседі. Түпқараған түбегінің оңт. бөлігі солт-не қарағанда аласалау: 200 м-ден 70 м-ге дейін, кей жерлері 30 м-ге дейін аласарып сай-салалары адырлы алқаптарға айналады. Бұлардың ішіндегі ең ірілері: Саура, Түлкілі, Сақақұдық, Қарлыбас тау аңғарлары Түпқараған дөңінен басталып теңізге барып тіреледі. Аңғардың аяқталар жерінде азды-көпті су көздері бар, оларды шаруашылықтар пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет