Баяндама тақырыбы


Оңтүстік-батыс адырлы аймақ



бет3/8
Дата21.12.2022
өлшемі2,28 Mb.
#163511
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Маңғыстау облысы

Оңтүстік-батыс адырлы аймақ. Таулы Маңғыстаудың оңт-ндегі Ақтау сілемдерінен оңт.-батысқа қарай аласара түседі де бірқатар жазыққа ұласады. Оның көпшілік жері жыра, сай, әр түрлі өзектермен жинақтала келіп, сусыз үлкен аңғарды құрайды. Батыс жағының ені 5 – 6 км-дей болып Шақырған, Сартаған, Қарақыз, т.б. шатқалдардан басталған алқап Құйылысқа келіп жинақталып, одан әрі оңт-ке қарай Ұзынбас сайымен ұласып Байқасқа тауының етегімен Қарақия ойысына жетеді. Қарақия ойысын Қарақия кемерлі тауы қоршап жатыр. Сордың батысы Боржақты адыры арқылы Исан түбегіне жалғасып, одан әрі құмды мүйіс арқылы теңізге сұғына бітеді. Сордың жалпы аумағы 27000 га. Теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан ойыстың беті тегіс 0,30 м-лік белгідегі ойыс болып келеді және табанында ұзындығы 20 км-ге жуық ағысты алқап жатыр.
Шығыс құмдық аймақ. Бұл аймақтың жер бедері мен өсімдік құрамына сәйкес ерекше оқшауланады. Бұл ауданға кіретін Мырзайыр, Басқұдық, Ит Қарақұмы, Тышқанқұм, Сеңгірқұм, Бостанқұм, Сенек, Аққұдық, Қарынжарық құмдары бірі жақын, бірі алыс әр түрлі биіктіктегі шың таулармен қоршалған. Аймақтың тау сілемдері қойнауына орналасқан аралық сор, одан әрі құмға ауысып бұталы болып келуі өзіндік микроклиматтық ерекшеліктерімен Маңғыстаудың шаруамен айналысатын тұрғындары үшін қолайлы қыстақ орындары болып саналады. Аймақтың жалпы жер аумағы 220 мың га-ға жуық.





Өсімдік жамылғысына сипаттама.
Маңғыстаудың құмды аймақтары мен Үстірт жонындағы түйелер де, сондай-ақ, Сам, Матай құмадарында: сексеуіл, жүзген, жыңғыл, қоянсүйек, ақшаотау, шағыр, құсқанбас, Орталық Үстірт жонының шығыс, терістік шығыс бөлігінде баялыш; тау бойы мен Түпқараған аймағында және Оңтүстік Маңғыстау жазығының ойпаң тұстарында қарағаш, қаттықара, қараған, түйесіңір өседі. Сонымен қатар, жердің бедері мен құрылымына, топырағының ащы, тұщылығына қарай теріскен, күйреуік, жантақ; құм жағаларында – сүттіген, Бозашы түбегінің теңіз жағалауында сораң мен садақ, Оңтүстік Маңғыстау жазығының үштен екі бөлігінде тітір шөбі өседі. Итсигекпен адыраспан,құрқашаш пен сүттіген көбіне елді мекенде немесе мал көп жайлаған тұяқкесті жерлерде кездеседі. Маңғыстаудағы жайылымның негізін құрайтын басты мал азығы – жусан. Жусан аймақтың барлық жерінде өседі. Жусаннан кейінгі төрт түлік мал талғамай жейтін шөп – күйреуік. Қоныссыз жылдары күйреуік жақсы шықса, малшы қауым жусанды көп іздемей,қанағат тұтады. Ал бұйрығынды көктемей тұрғанда, не шала көктеу кезінде, содан кейін күз, қыс қарсаңында жақсы пайдаланылады. Сондай-ақ,изен, жапақ, тітір,жантақ барлық жерде біркелкі кездесе бермейді, бірақ төртеуінің де малға жұғымдылығы, қоректік сапасы өте жоғары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет