Ббк 85. 118. 7 C-85 Рецензенттер



бет5/8
Дата17.02.2017
өлшемі2,11 Mb.
#9548
1   2   3   4   5   6   7   8
Қорытынды сұрақтар:

  1. Күту кесулердің міндеттері қандай?

  2. Кесулердің қандай түрлері бар?

  3. Орманпарктік шаруашылықта қандай кесулерді пайдаланады?

  4. Кесуге ағаштарды қалай таңдайды?


Пайдалануға болатын әдебиеттер

  1. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.

  2. 1996.-244 с.

  3. Белов С.В. Лесоводство. – М.: 1983. – 321 с.

  4. Мелехов И.С. Лесоведение. – М.: 1980. – 133 с.

  5. Мелехов И.С. Лесоводство. – М.: 1989. – 153 с.



Тақырып 8. Жаратылыстану-табиғи композициялық элементтердің анализі, олардың қасиеттері және ландшафты құрылыста пайдалану

Мақсаты: табиғи композициялы элементтерді білу, мақсатты түрде оларды басқа немесе осы орманпаркті ландшафта қолдана алуға үйрету.

Тапсырма

  1. Қостанай қаласындағы қалалық сквердегі табиғи композициялардың орналастырлуына анализ жасаңыздар.

  2. ҚМУ-дің жасыл аймағында табиғи композициялық элементтерді орналастырудың эскиздерін өздеріңіз ойлап ұсыныс жасаңызыдар.

  3. Өзіңіздің эскизіңізге түсініктеме жазыңыз.


Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Бірінші тапсырманы орындау үшін парк композицияларының элементтерін оқып шығыңыз.



Алаң, (поляна), көгал (газон)

Барлық көгалдандырылған объектілерде кіші немесе үлкен көлемде ашық кеңістік болуы қажет, онда шөп қалың болып өседі. Шөптесін жабындық көгал және шабындық деп бөлінеді. Олардың бір бірінен негізгі ерекшелігі көгалды үнемі кесіп қияды және оның шөбі қалың бірақ ұзын болмайды, ал шабындықты жылына бір, екі рет шабады.

Декоративті көгалдарды партерді және кәдімгі деп бөлінеді. Партер көгалдары жауапты, көше жақтарда орналастырады. Олар әрқашан да тегіс жасыл кілем тәрізді болып тұруы қажет.

Кәдімгі көгал- біздің көшелеріміздегі, гүл бақтардағы, бақтардың ішіндегі көгалдандырылған шөптесіндер.

Шабындықты көгал – бұл ендi, көгал емес, шабындық. Бұл еркiн орналастырылған көркем парктiң алаңдары, бәйшешектері бар табиғи шабындық.

Көгал ағаш-бұтақты өсімдіктермен дұрыс қатынаста үйлескенде ғана жақсы көрінетінін есте сақтау қажет.

Ірі бақтар мен саябақтарды жобалаған кезде алаңдардың композициялығына ерекше зиін қою қажет. Жоспарларда алаңдардың орнын дұрыс таңдау қажет. Саябақтың бүкіл территориясы бойынша оларды бірдей шашуға ұсынылмайды, себебі оның бөлімдерінің әлбетін бұзады. Орман ландшафтары бар көлеңкелі аймақтарда басым болатын алаңдар орынсыз, ондай жерлерде кішігірім орман көк шалғындары орынды болып келеді. Жарық көп түсетін алаңдарда аса ірі алаңдардың болғаны дұрыс.

Алаңдардың мөлшерi олардың атқаратын функциясына және жасылдандырылған объектiнiң мөлшерiнен бағынышты болады.

Егер де үлкен саябақтарда бірнеше гектардан тұратын алаңдар болса, ал бақшаларды олар масштабты болмайды.

Ғимараттардың алдында алаңдардың көлемі әдетте сол ғимараттың енінен алаңның ені одан аспауы тиіс, ал ұзындығы ғимараттан 2—5 есе үлкен болуын ұсынады.

Алаң саябақтардың кеңістігін ашуы тиіс. Алаңдардың пейзажының көрінісі жоладардың салынуына байланысты болады. Алаң алдын ала көрініске ие болады егерде жол тік өзіне тақап салынса. Алаң кенеттен көрініске ие болады егерде алаңға апаратын жол бір жақ бүйіренен салынған жағдайда. Алаңдардың көрінісінде оның шеттерінің декоротивтілігі маңызды роль атқарады.

Саябақ алаңдары эстетикалық маңызға ие пейзажға кеңістікті, жарықты, жылуды береді.

Алаңдарды пайдалануына байланысты көгал жабындысының құрамы әртүрлі болады.

Көгалдар(Газоны)болады: декоративті - шөптері белгілі бір ассортиментте болады, тұрақты түрде күтуді яғни суару мен қырқуды қажет етеді; шабындықты шөбі- қырқылмайды, шабады; «мавритансдық»—көгал шөптері біржылдық гүлдермен араластырады; спорттық - орнықты немесе тұрақты шөптер, таптауларға шыдайтын.

Партерлер

Партерлер дегеніміз горизонтальды жазықтықта орналасқан, өсімдіктерден, инертті материалдардан және судан жасалынған геометриялық құрастырылған композиция. Партерлер бір, екі, төрт және бірнеше элементтерден тұруы мүмкін.

Ғимаратттардың терезесінен партерлердің көрінісі тұтастай көрінуі тиіс. Партерлерге қойылатын талабы оның бір жолғы және толық визуальді көрінісі. Әдетте партерлер тік бұрышты формада болады.

Төменде жиі кездесетін партерлер көрсетілген:

1.         Шiлтер, өрнекi немесе партерлер - «кесте»(вышивки)

2.         оюлы.

3.         ағылшындық.

4.         кесілген

5.         оранжереялардың қасындағы партерлер.

6.         Сулы.

Солитерлер (жеке отырғызулар)

Солитер — алаңдарда, алаңшаларда, алқабтарда немесе жасыл көшет массвтерінен алыстау жерде өсіп тұрған жалғыз ағаш. Алаңдар мен алаңқайлардағы егілген солитер ережеге сәйкес композициялық орталықтың рөлiн орындайды. Сол жалғыз ағаш басқа айналасындағы басқа ағаштардан өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленуі керек.Мысалы, Діңінің формасы, жапырағының түсімен, ерекше гүлденуімен немесе жеміс беруімен.

Солитерді әдетте саябақтардың, бақтардың, скверлердің партер бөлігінде немесе парктердің, алңдардың, алаңқайлардың пейзаждық бөлімдерінде отырғызады.

Ірі солитер 300—400   м қашықтықта жақсы көрініске ие болады.

Классикалық солитер болып емен ағашы, қайың әсіресе оның иілген формалары,жөке ағашы, сібір балқарағайы, тал және тағы басқалары жатады. Алайда жасы ұзарған сайын діңі тік болмайтын яғни қисаятын ағаштар мысалы үйеңкі ағашы солитер ретінде оларды өсіруге жарамайды.

Бұталардан солитер ретінде әдемі гүлдейтін (кәдімгі сирень), ерекше колориті бар ( гиннала үйеңкісі) немесе гүлдейтін және колоритті ( шетен) қолданғаг жөн.

Аллея

Жан жақтары егілген тік линиялы жолды аллея деп атайды.

Аллеялық көшеттерді ағаштар мен бұталарды жолдармен жолшалардың бойымен отырғызады.

Аса дамыған жүйесі бар аллея парктер мен орманпарктерге ие болады.

Негізгі аллеялар парктердің кіреберісін парктің территориясында орналасқан аса ерекше объектілермен ( орталық алаңмен, ірі архитектуралық объектімен, клубпен, мәдениет үйімен, архитектуралық ескерткіштермен) байланыстырып, қосады.

Өзінің конструкциясы бойынша аллеялар ашық және жабық болады. Ірі , ұзын діңдері бар ағаштармен отырғызылған және сол діңдердің арасынан айналасындағы территория көруге болатын аллея ашық аллея деп түсіндіріледі.

Жабық аллея дегеніміз келушілердің бүйір көріністерінен жабатын және оның зейінін тек қозғалысқа бағыттайтын аллеяны атайды. Осындай аллеяны жасаған кезде тірі қоршаулармен қоршалған , діңдері қысқа ағаштарды мысалы, шырша, букты отырғызады.

Ашық аллея мен жабық аллеяны кезектесіп орналастыруға болады.

Аллеялық көшеттер бір қатар бойында бірдей қашықтықта отырғызуға болады, сондай ақ жаяу жолдары бар аллеяларда ағаштарды топтастырып бірдей қашықтықта отырғызады. Сүректі ағашты өсімдіктерді аллеяның тек екі жақтарынан бір тік қатар қылып отырғызуға, немесе екі қатар болып өсіруге болады. Көшеттіктерді отырғызған кезде дұрыс сап немесе шахмат қатары бойынша егуге болады.

Қатарлы екпелер (Рядовые посадки)

Ағаштардың қатарлы екпелер бір линия бойымен егілген ағаштардың көшеттері.әдетте оларды көшелердегі көшеттерде, тұрғын үйлері бар территорияларды және парктерде пайдаланады.

Қатарлы екпелер санитарлы — гигиеналық және архитектурлы — жоспарлауда маңызы зор. Олар қала көшелеріндегі күннің радияциясын жұмсартады, температураны 15—20 % төмендетеді, көп мөлшерде шаң мен зиянды газдарға тосқауыл қояды, шуға қарсы тосқауыл ретінде пайдаланды.

Жалпықалалық маңызға ие магистральдарда ереже бойынша екі қатарлы ағаш екпелерін егуін қарастыру кажет, аудандық магистральдарда және тұрғылықты маңыздағы көшелерде бірқатарлы екпе ағаштарын егу қажет.

Қалалық көшелермен магистральдарлы көгалдандыру үшін, қатарлы екпелерді ережеге сай газон жолағында еккен жөн.

Жасыл қабарғалар дегеніміз биік тірі, қою егілген және тұрақты түрде қырқылатын ағаштар немесе сүректі бұталардан тұратын қоршаулар. Әдетте олар жиі бақтар мен парктерде кездеседі. Ағаштарды ереже бойынша екі қатар бойымен егеді. Қатарлардың арасындағы қашықтық 1—2 м, ал кейде 0,5 м дейін отырғызады. Осындай қабырғалардың жапырақтануы жерден басталуы керек. Жасыл қабырғаларды жылына бірнеше рет қырқу қажет.

Жасыл қабырғаларды жасау үшін көлеңкеге төзімді түрлерді пайдаланады: жөке, үшкіржапырақты үйеңкі, шырша, батыс туясын. өкінішке орай олар ақырын өседі. Олардан қарағанда балқрағай, қарағаш тез өседі.



Боскеттер дегеніміз парктер мен бақтарда жасыл қабырғалармен немесе тірі қоршаулармен қоршалған кішігірім кеңістіктерді атайды. Осындай «жасыл бөлмелер» ылғи да геометриялық дұрыс формаларға ие болады. әдетте көне тұрақты пайдаланатын парктерде болады. Боскеттер сыртынан да және ішіненде жақсы көрінуі тиіс.

Кейде боскеттерді құру үшін ағаш немесе металдан қаңқаларды тұрғызады, содан төменде отырғызылған өрмелегіш өсімдіктер сол қаңқалардың бойымен оратылады.



Топ (группа)- парктің бос кеңістігінде қоршаулы орналасқан, бір немесе бірнеше сүректі өсімдіктердің түрлерінің үйлесуі. Оның құрамына ағаш немесе бұта өсімдіктерінің кем дегенде үш экземплярынан тұрады екпе деңгейінде болатын, бір нүктеден толықтай байқалады.

Куртиналар мен тоғай

Куртина (біртекті ағаш) — 20—50 ге жуық ағаштардан тұратын үлкен топтар. Сүректі- бұталы немесе бұталы куртиналар болуы мүмкін.

Куртиналар негізінен бір тұқымдастардан құрылады. Парктің ашық кеңістігінде массаға жиналған осы немесе басқа тұқымдастардың декоротивті ерекшеліктерін көрсету үшін пайдаланады.

Куртины создают в основном из одной породы. На открытых пространствах парка ими пользуются для показа декоративных особенностей той или иной породы, собранной в массу.Куртина сүрекдіңділердің ішінде болады. Мысалы, қайыңды ағаш массивінде 20—30 шырша контрасты үйлесімді туғызып, екі тұқымдастыңда құндылығын көрсетеді.

Тоғай немесе шоқ (роща)— массив түзетін, құрамы мен жасы бірдей ағаш екпелерінің үйлесімін атайды (қайың шоғы, емен шоқысы, қарағай шоқысы).

Осындай екпе формаларын жасанды түрде жасаған кезде, ағаштардың табиғи отырғызылуын қадағалап, және топырақ құрамы мен климаттық жағдайларды ескеру қажет.

 Тiк көгалдандырудағы лианалар

Вертикальді көгалдандыру вертикальді жазықтықты сәнді өсімдіктермен сәндеудің эффективті әдістерінің бірі.

әсіресе ғимараттардың қабырғалары ысыған кезде және аула ішінің ауданы керекті мөлшердегі жасыл массивті өсіруге мүмкіндік бермеген жағдайда оңтүстік қалалары мен құрылыстары тығыз көп ғимараттар болған жағдай пайдаланған жөн.

Көгалдандырудың бұл түрінің құндылығы, ол оның өрмелегіш өсімдіктерді өсіруге кіші ауданды жер керек(лунка мөлшері 50X50 см).

Жабайы, амур және тағы басқа тез өсетін жүзімнің түрлері 3—4 жылдан кейін жапырақтарының ауданының қосындысы, 20 жастағы ағаштың жапырағының ауданына тең жапырақ береді. Одан басқа, шу мен шаңның дәрежесін айтарлықтай төмендтеді.

Өсу жағдайына байланысты ғимараттардың қабырғаларындағы өрмелегіш өсімдіктерді топыраққа, қуысқа, жәшіктерге отырғызуға болады; балкондар мен лоджияларда — балкондық немесе арнайы жәшіктерде отырғызуға болады.

Вертикальды көгалдандыруда қолданылатын лиандар шартты түрде бөледі:

өрмелегіш - өркендері бар өсімдіктер, тікелей тіреуді айнала өрмелейтіндер(үшқат, древогубец, кирказон);

жабысатын тіреулерге мұртшалары арқылы жабысады, мысалы жүзім;

Осы өсімдіктерді әдетте кәдімгі ағаштар мен бұталарды өсіруге болмайтын жерлерге отырғызады.

Лиандармен балкондарды, ғимараттардың қабырғаларын, күнқалқаларды, есік пен терезе ойықтарын, дәліздерді, жарық шамдары бағаналарын, шырқалар, аркаларды, тіреуіш қабырғаларды, көбінесе қолдан жасалған тау үңгірлерін, гүлзарларды, жеке тұрған тіреуіштерді көгалдандырады.
Қорытынды сұрақтар:


  1. Парк композицияларының элементтерін атаңыз.

  2. Көгалдарды, солитерлерді, боскеттердi орналастыруда композициялықтың әдістері қандай?

  3. Топқа әртүрлі ағаш тұқымдарын қалай таңдап алады?

  4. Бір топта қанша ағаш тұқымдары болуы мүмкін?

  5. Оларды қалай үйлестіреді?


Пайдалануға болатын әдебиеттер

  1. Атрохин В. Г., Курамшин В. Я. Ландшафтное лесоводство. М.: Экология, 1991. 176 с.

  2. Агальцова В. А. Горки Ленинские. Сохранение и восстановление ланд-шафтов. М.: Агропромиздат, 1987.

  3. Боговая И. О., Фурсова Л. Н. Ландшафтное искусство: Учебник для вузов. М.: Агропромиздат, 1988. 233 с.


Тақырып 9. Саябақтың композициялық табиғи элементтерін қырқу әдісімен құру

Мақсаты: студенттерге қырқудың негізгі түрлері мен әдістерін үйрету.

Тапсырма:

1.ҚМУ жасыл желектеріндегі белгілі бір ағаш бұталы тұқымдастардың экземплярларында қаңқалы, жартылай қаңқалы, өскен бұтақтарды табыңыз.

2. Суреттегі ағаштан қырқудың орындарын көрсетіңіз. Қырқуды орындаңыз.
Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Тапсырманы орындаған кезде ағашты өсімдіктерді кесудің негізгі мақсаты діңнің мықты қаңқасын құру, өсуді реттеу және жеміс беруді интенсивтендіру, жемістердің сапасын көтеру және өз уақытында ескірген бұтақтарды ауыстыру екенін есте сақтау қажет.

Қазақстанда жемісті ағаштарды кесу ақпан, сәуір айының соңына дейін яғни активті шырын басталғанға дейін жүргізу қажет. Жаз мерзімінде санитарлы қырқуды жүргізеді, яғни құрғақ, сынған және ауру бұтақтарды жояды.

Ағаш діңіндегі өсуі мен орналасуына қарай бұтақтар бөлінеді:



Қаңқалы (Скелетные) бірінші және екінші қатардағы бұтақтанудағы ірі бұтақтар.

Жартлай қаңқалы (Полускелетные) екінші және келесі қатардағы аса ірі бұтақтар.

Өсуші (Обрастающие) – оларда жеміс түзіледі, сондықтан оларды жемісберетін, генеративті деп атайды.

Жеміс беретін өсуші бұталар көпжылдық болып келеді, сондықтан қырқу жұмыстарын жүргізген кездегі негізгі мақсат ол оларға қолайлы жағдай туғызу.



Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет