Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет24/182
Дата21.10.2022
өлшемі5,09 Mb.
#154384
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   182
Байланысты:
бейорганикалық химия дәрістер
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси
Бақылау сұрақтары

1. Э.Резерфорд қандай тәжірибе жасады және атом құрылысының қандай теориясын ұсынды?


2. Э.Резерфорд теориясының қандай кемшіліктері болды?
3. Элементтің реттік нөмірі нені көрсетеді және оның физикалық мәні қандай?
4. Атом құрылысы туралы Н.Бор теориясының негізгі қағидалары қандай? Бор теориясы бойынша тұрақты орбиталдардың радиусы және сол орбиталдарды айналып жүрген электрондардың жылдамдығын қандай формулалардың жәрдемімен табады. Элемент атомының электрондары 3-орбитаға орналасқан. Осы орбитаның радиусы мен ондағы электрондардың жылдамдығын анықта.
5. Бас, орбиталь, магнит, спин квант сандары электрондардың қандай күйлерін көрсетеді? п=4 болғанда басқа квант сандарының мәндері қандай?


7. ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС ТУРАЛЫ ІЛІМНІҢ ДАМУЫ


Дәріс жоспары



    1. Химиялық байланыс ілімінің дамуы.

    2. Химиялық байланыстың табиғаты.

    3. Коваленттік байланыс.

    4. Молекуланың кеңістіктегі құрылысы.

    5. Валенттік байланыстар әдісі.

    6. Молекулалық орбитальдар әдісі.

    7. Химиялық байланыс түрлері.

    8. Заттардың агрегаттық күйі. Кристалдық тор типтері.



Химиялық байланыс туралы ілімнің дамуы

Химиялық байланыс туралы ілім − қазіргі химияның негізгі проблемаларының бірі.Өйткені не себепті атомдардың бір-бірімен әрекеттесіп заттар түзетінін және олардың түзілу механизмдерін білмей тұрып, заттардың құрамын, құрылысын, реакцияласқыштық қабілетін білуге болмайды.


Химиялық байланыстардың түзілу механизмін түсіндіру электрон ашылғаннан кейін ғана мүмкін болды.
1916 жылы неміс ғалымы В.Коссель бір элементтің электрон беруі, екінші элементтің осы электронды қосып алуынан түзілген иондардың арасындағы тартылыстың нәтижесінде химиялық байланыс түзіледі деген теориясын ұсынды.
В.Коссель идеясы байланыстың иондық теориясын жасауға негізгі тірек болды. Бірақ бұл теория да бірдей атомдардың арасындағы байланыстың табиғатын түсіндіре алмады.
Сол жылы американдық ғалым Г.Льюис әрекеттесетін атомдардың дара электрондарын ортақтастырудың нәтижесінде түзілген екі атомға да бірдей ортақ қос электрондар арқылы химиялық байланыс түзіледі деген теориясын ұсынды. Коссель мен Льюис теорияларын химиялық байланыс теориясының екі жағы деп қарастыруға болады. Өйткені Коссель теориясы бойынша химиялық байланыс (иондық) электрон беру, қосып алу нәтижесінде болған иондар арасында түзіледі, ал Льюис теориясы бойынша химиялық байланыс екі элементтің ортақтастырылған қос электрондары арқылы түзіледі. Қазіргі кезде қолданылатын химиялық байланыс туралы ілім Коссель мен Льюис теориялары негізінде дамыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   182




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет