Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Газ заңдары Көлемдік қатынастар заңы



бет5/182
Дата21.10.2022
өлшемі5,09 Mb.
#154384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   182
Байланысты:
бейорганикалық химия дәрістер
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси
Газ заңдары


Көлемдік қатынастар заңы. 1808 жылы Ж. Гей-Люссак көлемдік қатынастар заңын ашты: реакцияласушы және реакциядан шығатын газдардың көлемдерінің өзара қатынасы кіші бүтін сандар қатынасындай болады.
Газдың күйін масса m, көлем V, қысым Р және температурамен T (T=273+t0C) сипаттауға болады. Осы шамалардың арасындағы байланыс идеалды газдардың заңдарымен өрнектеледі.
Бойль-Мариотт заңы: тұрақты температурадағы (изотермиялық процесс, Т=cоnst) газдың массасы үшін газ көлемі қысымға кері пропорционалды.
рV = cоnst
Гей-Люссак заңы: тұрақты қысымдағы (изобаралық процесс, Р=cоnst) берілген газдың массасы үшін газ көлемі абсолюттік температураға тура пропорционалды.
= cоnst
Шарль заңы: тұрақты көлемдегі (изохоралық процесс, V= cоnst) берілген газдың массасы үшін қысым абсолюттік температураға тура пропорционалды.
= cоnst
Газдардың көлемдерін тек мына жағдайларда ғана салыстыруға болады: 273К және 101,3кПа (1 атм). Бұл температура мен қысымды қалыпты жағдай (қ.ж.) деп атайды.
Бойль-Мариотт пен Гей-Люксактың біріккен газ заңы. Бұл заң берілген мөлшердегі газ күйін сипаттайтын қысым, көлем және температура арасындағы өзара байланыстарды көрсетеді:

мұндағы P0, V0, T0– қ.ж. кезіндегі газдың қысымы, көлемі мен температурасы.
Қалыпты жағдайдағы 1моль газ үшін шамасы барлық газдарға бірдей болады және оны әмбебапты газ тұрақтысы деп атайды. Оның (R) сандық мәні газдың қысым және көлем бірліктеріне тәуелді болады:
R=8,314 Дж/мольּК; R=0,082 лּатм/ мольּК; R=62,4 лּмм.рт.ст/мольּК.
Авогадро заңы.

1811 жылы Италия ғалымы А.Авогадро кейін заңға айналған гипотезасын ұсынды:
Авогадро заңының тұжырымы: бірдей жағдайда алынған әртүрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалардың саны да бірдей болады.
Авогадро заңынан аса маңызды екі салдар туындайды:

  1. бірдей жағдайдағы әртүрлі газдардың бірдей молекула саны бірдей көлем алады, яғни кез келген газдың 1молі бірдей жағдайда бірдей көлемде болады;

  2. кез келген газдың 1 молі қ.ж. 22,4 л көлем алады. Бұл көлемді молярлық көлем Vm деп атайды; Vm =22,4 л/моль.

Г аздың молярлық көлемін Vm біліп, кез келген газдың көлемін V, моль санын n және массасын m есептеуге болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   182




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет