Бекітемін : Мектеп директоры: И. Омарбеков Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебінде желтоқсан айының


Ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығады



бет8/8
Дата03.12.2023
өлшемі43,45 Kb.
#194797
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тарих апталығы

Ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығады.
ІІ-жүргізуші.Ең көп ұпай жинаған 6 қатысушы қалады.
Келесі кезеңіміз III – «Ғажайып алаң»
Бұл кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, география пәнінен, Қазақстанның мәдениеті, спорты және музыка саласынан сұрақтар беріледі.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын!
Ғажайып алаң

қазақ тілі мен әдебиеті

тарих

география

Мәдениет

спорт

музыка

10

10

10

10

10

10

20

20

20

20

20

20

30

30

30

30

30

30

40

40

40

40

40

40

50

50

50

50

50

50


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша
10 ұпай- Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? Түркі тілдер тобына
20 ұпай – Жазба әдебиетінің негізін салушы? Абай
30 ұпай - Тіл білімінің негізін салушы? Ахмет Байтұрсынұлы
40 ұпай – «Құтдадұғу білік» кімнің еңбегі? Жүсіп Баласұғн
50 ұпай – «Түркі тілінің сөздігі» кім құрастырды? Радлов
Тарих пәні бойынша
10 ұпай – Мұсылман мәдениетінің орталығы? Түркістан
20 ұпай – Тұмар патша қай тайпаның қызы? Сақ
30 ұпай – Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы? Жетісу
40 ұпай – Қырғыздың «Манас» дастанын алғаш рет кім зерттеген? Шоқан
50 ұпай – Конститутция неше бөлімнен тұрады? 98 бөлімнен
География пәні бойынша
10 ұпай - Қазақстандағы ең тұщы көл? Алакөл
20 ұпай – «Екінші Швецария» атанған жер? Бурабай
30 ұпай – Қазақстанда неше қорық бар? 10 қорық
40 ұпай – Арал теңізінің қасындағы қорық? Барсакелмес
50 ұпай – Шәкен Аймановтың туған жері? Павлодар облысы
Мәдениет саласы бойынша
10 ұпай – Парижде «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша» әндерін орындаған әнші? Әміре Қашаубаев
20 ұпай – Тұңғыш көркем фильм? Амангелді
30 ұпай - Тұңғыш спектакль? Еңлік –Кебек
40 ұпай – Алғашқы қазақ балеті? Қалқаман- Мамыр
50 ұпай - Тұңғыш қазақ балеті қай жылы қойылды? 1938 жыл
Спорт саласы бойынша
10 ұпай – Қазақ халқының ұлттық ойыны? Тоғызқұмалақ
20 ұпай - Спорт алғашқы қай елде пайда болды? Грекия
30 ұпай – Күрестен олимпиада чемпионы? Жақсылық Үшкемпіров
40 ұпай – Сидней олимпиадасының чемпионы? Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибрахимов
50 ұпай – Күрестен әлемнің екі дүркін чемпионы? Дәулет Тұрлыханов
Музыка саласы бойынша
10 ұпай-Құрманғазыдан бата алған күйші? Дина Нұрпейісова
20 ұпай-Ішекті аспаптарды ата? Домбыра, қобыз, сазген, жетіген, адырна.
30 ұпай-Қазақ музыкалық аспаптары нешеге бөлінеді? 4 – ке бөлінеді.
40 ұпай-«Музыканың ұлы кітабы» атты еңбек кімдікі? Әл –Фараби
50 ұпай-Е. Г. Брусиловскийдің жазған операсы? Қыз-Жібек
Ең көп ұпай жинаған 4 катысушы қалады.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
ІІ жүргізуші: Ендігі керемет кезең «Ғажайып жетілік» деп аталады. Бұл кезеңнің шарты бойынша ұпай саны аз оқушы бастап жасырын парақтарды ашады. Парақтар аясында 7 пәнге тығыз байланысты 7 сұрақ берілген. Егер оқушы жауап бере алмаса, келесі оқушы жауап беруге болады. Сонымен бірге дұрыс жауап орысша, ағылшынша айтылуы тиіс .
Сұрақтар:
1. Технология: Қазақтар жазда ыстық өткізбейтін бас киімді неден жасаған? ( киіз - войлок - felt) 10 ұпай
2. Бейнелеу өнері: Қостөбе қаласының сарай кешенінде табылған оюланған қандай бұйымдар мол кездеседі? (саз – глина -clay) 10 ұпай
3. Қазақ тілі: «Кодекс куманикус» қай тілде жазылған? (Қыпшақ – кипчак — Kipchak) 10 ұпай
4. Әдебиет: Ахмет Иугнекидің «Ақиқат сыйы» дастанындағы өлең жолдарындағ қалған сөз:
«Білікті білім жинап, … етер, (кәсіп – промысел)
Білімнің дәмін татып, …. өтер» . (Өсіп – расти — Grow) 20 ұпай
5. Астрономия: Қазақтар үшін «Жетіқарақшы» жұлдызы қандай қызмет атқарды?
(астрономиялық сағат – астрономические часы – Astronomical clock )
20 ұпай
6. География: ІХ ғ аяғы мен Х ғ басында Оғыз, мемлекеті Сырдарияның қай ағысы маңында құрылды? (Орта және төменгі ағысы – среднее и нижнее течене- middle and low stream) 30 ұпай
7. Математика : 1643 жылы қазақ жеріне баса көктеп кірген 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы Жәңгір хан мен Жалаңтөс батырдың қанша сарбазы шайқасты? (20600-двадцать тысяч шестсот – twenty thousand six hundred) 30 ұпай
І жүргізуші: Сонымен достар! Біз сайысымыздың 4-ші кезеңін аяқтадық. Әділқазылар есептеген ұпай саны бойынша ұпайды аз жинаған, сыныптастарының арасынан білімі нәтижесінде озып шығып, осы кезеңге дейін жеткен 2 оқушыны ризалығымызды білдіре отырып, шығарып саламыз. Бұл оқушыларға «Сіздердің жеңістеріңіз әлі алда! Тек оқу керек, дайындық керек» дегіміз келеді.
ІІ жүргізуші:
«Білім — өмір шырағы» — дейді, олай болса зердемізде білім шырағын жарқырата жағып, сынға дайын болайық. Әр сұраққа 1 ұпайдан.
І жүргізуші: Қатысушы 2 сайыскерге 10 – 10-нан жедел сұрақ беріледі.
1 – ші сайыскерге сұрақ:
1. Мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб — қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне қандай түсіндірме берілген? («Еркін»)
2. Қазақ халқының құрамына енген ру –тайпалар өз таңбаларын қай жерге салды? (Таңбалы Нұра)
3. Қожа Ахмет кесенесі салынған жыл? (1397ж )
4. Керей мен Жәнібек сұлтандармен бірге қанша адам көшті? (200 мыңдай)
5 Қазақ хандығында ішкі- сыртқы саясатта тәртіп орнатқан, лайықты қолбасшы хан кім? (Есім хан)
6. Тәуке хан қай жылдары ел басқарды? (1680 – 1715 ж.ж.)
7. 1729 ж. Жоңғарлар жеңіліске ұшараған шайқас? (Аңырақай шайқасы)
8. Ұлы Жібек жолы арқылы Қытай империяторы У. Ди 1338 ж .Батыс елдеріне аттандырған елшілік неше жылдан кейін оралды?(13 жыл. кейін)
9. «Тарих» кітабының авторы? (Усман Кухистан)
10. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы? (1991 ж)
ІІ жүргізуші: 2 — сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «Қазақ» сөзі қандай мағына берген? («мықты», «берік»)
2. Ислам дінінің көрнекті өкілі, уағыздаушысы, әрі ақын? (Қожа Ахмет)
3. Қазақ хандығының құрылған жылы? (1455 – 1466 ж.ж)
4. Дербес мемлекет ретінде қазақтар Орта Азия мен Шығыс Еурропаға қай ханның тұсында танылды? (Қасым ханның)
5. Хақназар хан қай жылдары билік етті? (1538 -1580 ж.ж)
6. Тәуке хан шығарған заңдар жинағы? («Жеті Жарғы»)
7. 1595 ж. Тәуекел ханға орыс елшілігін кім бастап келді? (В. Степанов)
8. Қазақстаның қай аймағы Ұлы Жібек Жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі болды? (Оңтүстік Қазақстан)
9. Күлтөбе қай қаланың түбінде ? (Ташкент)
10. Қазақстанның рәміздері қай жылы қабылданды? ( 1992 ж)
І жүргізуші: Сайысымыздың нәтижесін шығарып, бағалау үшін әділқазылар алқасына назар аударамыз.
(Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды)
ІІ жүргізуші: Сонымен Жеңімпазды құттықтаймыз.
І жүргізуші: «Білгенге : білім – байлық, бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай,
Үйренсең өнер – білім, өшпес мұра,
Таусылмас тау кенінің қордасындай» – деген
ХХІ ғасырдың бәсекелес білім додасына әруақытта дайын болыңыздар дегім келеді. Ел болашағы сіздерсіздер! Жақсы күндерде жолыққанша. Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет