«Бекітемін» «№14 жалпы білім беру орта мектебі» кмм -нің директоры



Дата20.12.2021
өлшемі47,13 Kb.
#103925
Байланысты:
Адал ұрпақ апталық
3 сынып 1 (1)

«Бекітемін»

«№14 жалпы білім беру орта

мектебі» КММ –нің

_____ директоры:

Нургалиевна Г.К.
Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық

тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жалғастыру мақсатында

«Адал Ұрпақ» ұйымының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шара жоспары




Іс-шаралар мазмұны


Сыныбы

Мерзімі

Жұмыс түрі

Жауаптылар

1


«АДАЛ ҰРПАҚ» ерікті ұйымын ұйымдастыру

1-11

Қыркүйек

Ұйымдас-тыру

ДТЖО

Жилгелдиева А.У






«Біздің болашағымыз- жарқын!»

9

Қазан

Сынып сағаты

Сынып жетекшілер




Қазақстан- құқықтық мемлекет

5-11

Қазан

апталық

11 сынып жетекшілері,

Нұрпанова Ж






Ар-ұят,жауапкершілік , адалдық,адамгершлік қасиеттерін қалыптастыру;

1-11

Қараша

Сынып сағаты

1-11 сынып жетекшілері

3

Қоғамдық тәртіп негіздері

9

Желтоқсан

пікірталас

9-10 сынып жетекшілері,

Магдатова А



4

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыру

1-11

Қаңтар

Ата-аналар жиналысы

1-11 сынып жетекшілері




«Мемлекеттік қызымет-өмірлік ұстаным»

5-6

қаңтар

Театрлық қойылым

Сынып жетекшілер

5

Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі

5-6

Ақпан

Сурет байқауы

5-6 сынып жетекшілері, сурет пән мұғ: Тулеев С

6

Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек

10

Наурыз

Шығарма байқауы

5-6 сынып жетекшілері,

ӘБ жетекшісі: Ұзақбай А






Ар-ұят,абырой, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттау

6-7

Сәуір

Бейнеролик көрсетілімі

Тәлімгер

Абдижапарова Г



8

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

8

Мамыр

Көрініс байқауы

8сынып жетекшілері:

Нұрмұхан А

Алдабергенова В

Хаттама №1


«№14 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Өтілген күні: 08.09.2017ж

Өтілген орны: мектептің акт залы

Қатысқандар: 8-11 сынып оқушылары

«Адал Ұрпақ» ұйымының мүшелері ; 8-11 сынып оқушылары және сынып жетекшілері;

Күн тәртібінде:

1.«Адал Ұрпақ» ұйымын ұйымдастыру.

2..«Адал Ұрпақ» ұйымының жылдық іс-шара жоспарымен таныстыру.

Ағымдағы мәселелер.

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша ДТЖО Кавдовлетова Ж.К «Адал Ұрпақ» ұйымының

2016-2017 оқу жылында жасаған жұмыстарының есебін берді.

Рухани- адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында

іс-шаралардың қорытындысы бойынша жүлделі жұмыстар



Байқаулар

Жүлделі жұмыстар

1

«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі»

Сурет байқауынан 5-6 сынып оқушылары арасындағы жеңімпаздар:5а Бақыт Нұрбек,

5а Айтбаева Гүлайым,6б Әжімағин Гүлнұр,

5ә Ізтұрған Дамир,5ә Досанова Іңкәр,

5ә Бейіл Несібелі, 6б Раймов Әділет



2

«Жемқорлық және құқықбұзушылық картасы»


Өз ақпараттарын талқылау нәтижесінде жемқорлықтың қоғам үшін қауіпті індет екендігін түсіндіру жұмыстарының жеңімпаздары: 9ә Құралықова Мадина,

9а Бердәулетова Айымгүл,9б Ұлықпан Гүлдана,

9а Мусина Альбина


3

«Көлік және мемлекеттік есеп»

бейнеролик байқауы



Бейнероликтегі ситуациялық жағдаятты шынайы өмірмен байланыстыратын сұрақтар арқылы құрастырған жеңімпаздар:

Екінші мәселе бойынша рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жалғастыру мақсатында .«Адал Ұрпақ» ұйымының жылдық іс-шара жоспарымен таныстыру.






Іс-шаралар мазмұны


Сыныбы

Мерзімі

Жұмыс түрі

Жауаптылар

1


«АДАЛ ҰРПАҚ» ерікті ұйымын ұйымдастыру

1-11

Қыркүйек

Ұйымдас-тыру

ДТЖО

Кавдовлетова Ж.К






Қазақстан- құқықтық мемлекет

5-11

Қазан

апталық

11 сынып жетекшілері,

Нұрпанова Ж






Ар-ұят,жауапкершілік , адалдық,адамгершлік қасиеттерін қалыптастыру;

1-11

Қараша

Сынып сағаты

1-11 сынып жетекшілері

3

Қоғамдық тәртіп негіздері

9

Желтоқсан

пікірталас

9-10 сынып жетекшілері,

Магдатова А



4

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыру

1-11

Қаңтар

Ата-аналар жиналысы

1-11 сынып жетекшілері

5

Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі

5-6

Ақпан

Сурет байқауы

5-6 сынып жетекшілері, сурет пән мұғ: Тулеев С

6

Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек

10

Наурыз

Шығарма байқауы

5-6 сынып жетекшілері,

ӘБ жетекшісі: Ұзақбай А






Ар-ұят,абырой, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттау

6-7

Сәуір

Бейнеролик көрсетілімі

Тәлімгер

Абдижапарова Г



8

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

8

Мамыр

Көрініс байқауы

8сынып жетекшілері:

Нұрмұхан А

Алдабергенова В


Ағымдағы мәселеде мектептегі «Адал Ұрпақ» ұйымының мүшелерінің жасаған жұмыстары туралы пікірлері тыңдалды.

Қаулы:

1..«Адал Ұрпақ» ұйымының 2016-2017 оқу жылындағы жұмысы қанағаттанарлық деп бағалансын.



2..«Адал Ұрпақ» ұйымының жылдық іс-шара жоспары бекітілсін.

3..«Адал Ұрпақ» ұйымын жаңа мүшелермен толықтыру жұмыстары ұйымдастырылсын.

Жиналыс төрайымы: Кавдовлетова Ж.К

Жиналыс хатшысы: Нұрпанова Ж

Хаттама №2

«№14 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Өтілген күні: 23.10..2017ж

Өтілген орны: мектептің акт залы

Қатысқандар: 8-10 сынып оқушылары

«Адал Ұрпақ» ұйымының мүшелері ; 8-10 сынып оқушылары және сынып жетекшілері;

Күн тәртібінде:

«Адал Ұрпақ» ұйымының қазан айының 23-27 аралығында өтетін апталықтың іс-шара жоспарымен таныстыру.

«Адал Ұрпақ» ұйымына мүшелер қабылдау.

Ағымдағы мәселелер.

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша ДТЖО Кавдовлетова Ж.К «Адал Ұрпақ» ұйымының қазан айының 23-27 аралығында өтетін апталықтың іс-шара жоспарымен таныстырды.





Іс-шараның мазмұны

Мерзімі, сыныбы

Жұмыс түрі

Жауаптылар

1

«Адал ұрпақ» ерікті ұйымына қабылдау

23.10

8-10сынып



Ашылуы

Кавдовлетова Ж

2

Қазақстан-құқықтық мемлекет

23.10

8сынып


Ашық тәрбие сағаты

Түзелбаева А

3

Адам болу құқығы

24.10

6 сынып


Дөңгелек үстел

Магдатова А

4

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

25.10 бастауыш сыныптар

көрініс

Қанатбаева Г

5

«Адал Ұрпақ- Мәңгілік ел болашағы»

26.10

9сынып


коучинг

Кавдовлетова Ж

6

Қазақстан-құқықтық мемлекет

27.10

7 сынып


жабылуы

Нұрпанова Ж

Екінші мәселе бойынша рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жалғастыру мақсатында жаңадан «Адал Ұрпақ» ұйымына мүшелер қабылдауға ұсынылған оқушылар. 8 «А» сыныбынан Абдулла Ырысты, Бекбай Назерке, Жаймағанбетов Әсел, 8 «Ә» сыныбынан Балыбек Азима, Бердіғали Гүлзада, 8 «Б» Қрымқұл Нұрай, Тлеуханова Сабина, 8 «В» Избасарова Аружан, Ильяс Аружан

Ағымдағы мәселеде мектептегі «Адал Ұрпақ» ұйымының мүшелерінің жасаған жұмыстары туралы пікірлері тыңдалды.

Қаулы:

1.«Қазақстан-құқықтық мемлекет» атты тақырыпта апталыққа жауаптылар: Кавдовлетова Ж.К, Түзелбаева А, Магдатова А, Қанатбаева Г, Нұрпанова Ж бекітілсін.



2. «Адал Ұрпақ» ұйымына 8 «А» сыныбынан Абдулла Ырысты, Бекбай Назерке, Жаймағанбетов Әсел, 8 «Ә» сыныбынан Балыбек Азима, Бердіғали Гүлзада, 8 «Б» Қрымқұл Нұрай, Тлеуханова Сабина, 8 «В» Избасарова Аружан, Ильяс Аружанжаңадан

мүшелері қабылдансын.

3. «Адал Ұрпақ» ұйымының мүшелері міндеттерін жауаптылықпен атқарсын.
Жиналыс төрайымы: Кавдовлетова Ж.К

Жиналыс хатшысы: Нұрпанова Ж


Мерзімі: 23.10.2017ж

9-10 сынып




 Сабақтың  тақырыбы

 Қазақстан-құқықтық мемлекет

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға бойында құқықтың білімді қалыптастыра отырып, саяси саналыға мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру.

Күтілетін нәтиже

Құқық ұғымын түсінеді .

Құқықтың қоғам өміріндегі рөлін біледі.

Құқық пен заң арсындағы байланыстарды түсінеді.


Сабақтың әдісі

АКТ модулі, сыни тұрғыдан ойлау, интерактивті тақта, топтық жұмыс, постер қорғау,ашық сұрақтар;;

Уақыты

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

2мин

Кіріспе

«Гүлдер» музыкасымен шаттық шеңберін ұйымдастыру

Шаттық шеңберінде бір-біріне ынтымақтастықта жақсы тілек айту




1мин




Қатар бойынша топқа бөліну







5мин

Үй тапсырмаы

 

1топ:«Қоғамның рухани негізі». 2топ: «Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі» . 3топ: «Діннің қоғамдағы рөлі».


Постер Бетше қағаз,

фломастер, стикерлер.



Сыныптың білім деңгейін анықтау

5мин

Ашық сұрақтар: «Кім жылдам»

1.Егемендік алғаннан кейін ҚР – да Конституция қанша рет қабылданды? (1993,1995ж) 2.Жаза дегеніміз не? (Соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы) 3.ҚР –сы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік) 4.Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган? (Парламент) 5.ҚР – ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды?(1991ж, 16 желтоқсан) 6.ҚР – ның «Мемлекеттік нышандары туралы»заң қашан қабылданды? (1992ж, 4 маусым) 7.Азамматрдың құқық құбілеттілігі қай кезден басталады? (бала туылған кезден бастап) 8.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін) 9.Бала неше жастан бастап, қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16 жастан) 10.Алғаш рет қабылданған Ата Заң қабылдаған уақыт?(1993ж, 28 қаңтар) 11.ҚР –да билікті именденіп кетуге кімнің құқығы бар? (ешкімнің құқығы жоқ) 12.Мемлекеттің биліктің жүйесі?(Президент, Парламент, үкімет,Сот және БАҚ) 13.Конституцияның құрылымын ата? (9 бөлім, 98 бап)


2мин

Сергіту сәті


8мин

«Миға шабуыл»

«Адам болу құқығы»

Пікірлерін тыңдау

Бейне ролик

стикерлер



17 мин

Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

«Құқық пен заңдылық»



1-топ«Құқық ұғымы.Құқықтық нормалар.»2-топ«Құқық және мемлекет. Құқықтың қоғам өміріндегі рөлі.»3-топ«Құқық және заң. Құқықтың салалық жүйесі.»


Интерак-тивтітақта,

стикерлер



2мин

Рефлекция

Оқушыларға кері байланыс қағаздарын таратып береді

Оқушылар кері байланыс парағын толтырып, мұғалімге береді.

стикерлер

2мин

Бағалау

Мұғалім оқушыны бағалайды

Оқушылар өзін-өзі бағалайды, топты бағалайды.

Формативті

бағалау


Оқушының аты-жөні

Бүгінгі сабаққа қатысуы

Топтық баға

Жеке

баға


Жалпы ұпай

саны


Бағасы




Мерзімі: 25.10.2017ж

Қатысқандар: 3-4 сынып оқушылары

Орындаған: Қанатбаева Г.М

Өткізген орны: акт зал

Тақырыбы:«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

Мақсаты:

 Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.



1.Баяндама:Сыбайлас-жемқорлық деген не?

“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды

БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халық - қ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.

1 - оқушы 
Жамандыққа тосқауылды қояйық,
Пара алғанның жолы жабық қой анық,
«Қазақстан - 2050»- айқын жол,
Күресейік, жемқорлықты жояйық.

2- оқушы 
Әр ата - ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа, даналыққа үйретсең,
Жолдан таймас ар болған соң санада.




3 - оқушы 
Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.

4 - оқушы 
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.

5 - оқушы 
Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр - әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген ұранмен.
2.Топтық жұмыс:

 «Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?»

Тапсырма: (Әр топ постерге өз ой-пікірлерін жазып, қорғайды)

Сахналық көрініс: (Әр топтан екі  оқушы шығып, берілген мәтінге байланысты өз іс- әрекеттерін көрсетеді)

3.Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?

1.Пара бермеу және алмау.

2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.

3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.

4.Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .
1.Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.



3.Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
4.Адалдық — ардың ісі.
5.ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.



6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7.Ақихат сөзде алалық жоқ.
8.Әділ айтқан жеңер.
9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.
Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады? Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу; Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу; Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу; Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру; Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету;

Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану; Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету; Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда); Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу; Мемлекеттік немесе осыған теңестірліген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу.

5.Сабақты қортындылау:

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар 


«№14 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

«БЕКІТЕМІН»: ӘБ жетекшісі: Магдатова А

Орындаған: Кавдовлетова Ж.К

Қатысқан : 8 сынып оқушылары


Мерзімі:

26.10.2017ж

Коучинг

«Адал Ұрпақ- Мәңгілік ел болашағы»

Жалпы мақсаты:

1.Адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы , өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсінік беру;

2.Қатысушылар арасында өзара әрекеттестікті,сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және талқылау,шешім қабылдауға үйрету;

3.Өзіндік пікірлерді дәлелдеуге және бағалаудың түрлі жүйелерін үйрету;


Оқу нәтижесі:

Оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білуіне ықпал ету арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады,ой-пікірін, көзқарасын дәлелдей алады.

Коучингте қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта,слайд,видеоролик, А-4 парақтары, маркер,қалам, стикерлер т.б

Оқыту әдісі:

Сыни тұрғыдан ойлау,АКТ,рефлексия,топтық жұмыс,жеке жұмыс,постер

Тапсырмалар:

Сұрақтарға жауап іздеу,сыни тұрғыдан ойлау, өз ойларын жан-жақты толық жеткізу,жауаптарын дәлелдеу,топтық тапсырма және кері байланыс ретінде постер қорғау, рефлексия, бағалау.

Оқуға арналған тапсырма:

Қосымша дерек көздері


Коучинг бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

р/р

Коучингтің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Психологиялық ахуал туғызу

Ұйымдастыру кезеңі:

«Нұрға бөлену» өлеңін мәнерлер оқу

Қатысушылар жүрек жылуын сыйлап,

бір-біріне жақсы тілектер айту.



Қатысушылар шеңбер жасап тұрады, бір-біріне жүрек сыйлау арқылы жақсы тілек-лебіздерін білдіреді

Тақырыпты ашу

Сұрақтар қою:

1,Адал дос денгенді қалай түсінесіңдер?

2. Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?

3. Адал болу кез келген адамның қолына келе ме? Неліктен?



Тақырып: «Адал Ұрпақ-Мәңгілік ел болашағы»



Қатысушылар алдымен берілген сұраққа өзбетімен толғаныс жасайды, ой-пікірлерін топта талқылайды, жауаптары тыңдалады. тақырып ашылады.

Тоатарға бөлу

Топқа бөлу үшін геометриялық фигуралар қолданылады.

  1. «Азамат» -төртбұрыш

  2. «Әділет» -үшбұрыш

  3. «Парасат»- дөңгелек

Қатысушылар өздеріне ұсынылған фигуралар геометриялық фмгураларға қарай топқа бөлінеді.

Мақал-мәтел сайысы

Адалдық.Әділдік. Парасаттылық

Тақырыпқа сәйкес қай топ көп мақал-мәтел жазады. (уақыт 3 минут)

Сергіту сәті:

Ән: «Қара жорға» әні

Әуеніне қарай қимылдар жасайды.

Постер қорғау

1. Сыбайлас жемқорлық жөніндегі сенің көзқарасың? 2.Сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болады? 3. Адал болудың адам өміріндегі маңыздылығынан мысал арқылы түсіндір.

Қатысушылармен бірлесіп топтық жұмысты ұйымдастыру. Сыни тұрғыдан ойлау, бір-бірін тыңдау әрекеттері.

Бейне ролик көрсету.

«Жемқорлыққа жол жоқ!»

Әрбір топ бейне ролик бойынша өз ойларын жеткізу.

«Мәігілік ел» бағдарламасын іске асыруға 7- қадам


1. Білім ұрпақ

2. Мемлекеттік тіл

3. Ағылшын тілі

4.Парасатты адам

5.Салауатты өмір салты

6.Қамқорлық

7. Патриотизм


Елбасының халыққа жолдауын қолдау мақсатында слайд көрсерту.

Қорытындылау

Рефлексия

«Екі жұлдық, бір тілек»

Қатысушылар тақырыпты қалай түсінгені туралы стикерге жазу арқылы білдіреді.

Бағалау

«Қазақ елі» әні ойналады.

«Алғыс хат» марапаттау



«Мәңгілік ел жалпы ұлттық идеясының құндылықтары»

Жүргізуші: Мен жастарға сенемін деп Мағжан Жұмабаев айтқандай: Елбасымыз қазақстан халқына жолдауында кейінгі толқын жастарға айтарым:сендер болашаққа бастар үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда деп айтылған. Біз жас жеткіншектер осындай маңызды істерден тыс қалмауымыз керек деп ойлаймын.Егер мен білімді,санлы дені сау патриот азамат боплыпжетістікке жетсем, еліміз сонда жетістікке жетеді деп ойлаймын. Сондықтан да Қазақстандық ұрпаққа айтарым: уақытты босқа өткізбей, өзіміз үшін, еліміз үшініске кірісейік. ойлана келсек, «Мәңгілік елді» қалаушы азаматқа айналудың 7 қадамын үсынамын:

1-қадам: Бірлікке сенген заманда,ешкімге де сенбелік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік,-деп Абай атамыз айтқандай білімізді үнемі жетілдіре отырып,сабақ оқуға барлық тәжірбиемізді салуымыз қажет.

2-қадам:Жүрегімізде Қазақ тіліміздің мәртебесін жоғары көтеріп,көркем шығармаларды көбірек оқуымыз қажет. Сондай-ақ еліміздің бай тарихы мен дәстүрлерін көкейімізде сақтап қастерлеп отыруымыз біздің борышымыз.

3-қадам:Қазіргі жаһандану заманында ағылшын тілін жетік меңгеру басты талаптардың бірі. Сол себепті де ағылшын тілінде сөйлеуге ұмтылуымыз қажет.

4-қадам:Біз жас ұрпақ ең алдымен жаны таза, адамгершілігі мол парасатты халқына пайдасын тигізетін азамат айналысуымыз қажет.Себебіұлы бабамыз әл-Фараби айтқандай тәрбиесіз берілген білім адамның қас жауы.
5-қадам:Дені саудың жаны сау демекші салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден бойымызды аулақ ұстайық.

6-қадам:Қазақта адамның күні адаммен дегендей жақсы бір сөз бар, біз ақ шашты қарияларға, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандарға қамқор болайық.

7-қадам:Біздің бойымызда жігерлілік, намысшылдық, патриоттық сезіміміз болу керек. Өзіміздің осындай тәуелсіз бай гүлденген Қазақстан елімізді мақтан етейік. Ақын Мағжан Жұмабаев кеудесінде жалын бар мен жастарға сенеміндеп жастардың жігерлі қайсар екендігіне сенім артқан. Бізге артқан сенімді ақтап, еліміздің мәңгілік елге қосылуын өз үлесімізді қосайық.

Нұрға бөлену.

Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойменен нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшінжақсы жерлерге апарады. Олар махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осындай нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

(жаймен көзіңізді ашыңыз)


АДАЛ ҰРПАҚ

Адалдықтың негізінде шындық бар,

Адалдықсыз ақиқаттың жолы тар.

Адал ұрпақ бола алмасақ егер де,

Арқа сүйей алар ма екен елім нар?!

Ар жолымен жүру парыз адамға,

Адал ұрпақ керек мынау заманға.

Алдаспаны шындық болсын жастардың,

Азаматы абыройлы қоғамға!

Рахат өмір, тура жолмен салынған,

Райхан гүлдей сұлулығы танылған.

Райын білмей төте жолды таңдасаң,

Расыменен, ар аттайсың жасыңнан!

Ұран салып шақырамыз жастарды,

Ұрпақ үні жазар жаңа дастанды.

Ұлағатты игі істермен астасып,

Ұлы дала ашық болсын аспаны!

Құтты болсын «Адал ұрпақ» тобымыз,

Құрықталсын жемқорлықлықтың қулығы.

Қыран құстай жастайыңнан көкке өрле,

Қыран ұрпақ, адалдықтың символы.

«АДАЛ ҰРПАҚ» ерікті ұйымының ұраны:

Білім мен өнерді сүй,сусында, Деп айтсын ел:»Осындай ер тусында!»

Арың-адал,әділ болсаң әрқашан,

Дүниенің бар бақыты осында.

Түспегені абзал ғой арға дақтың,

Күйін кешпе түнде ұшар жарғанаттың.

Адал адам әрқашан еңсесі тік,

Әділдікті ту еткен, қолғанатым!


«АДАЛ ҰРПАҚ» ерікті ұйымының міндеттері:

  1. Азаматтардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін,құқықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету.

  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

  3. Ар-ұят,жауапкершілік , адалдық,адамгершлік қасиеттерін қалыптастыру;

  4. Патриотизм,қоғамдық тәртіпке құрмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы қалыптастыру;

  5. Мәңгілік ел идеологиясының «түпқазық» жалпы азаматтық құндылықтарды кеңінен насихаттау;



«№14 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

«Адал Ұрпақ- Мәңгілік ел болашағы»-тақырыбындаөткізілген КОУЧИНГКЕ қатысып, адами қарым-қатынастағы адалдық пен әділдіктің орны мен маңызын түсіне білген, адамгершілігі мол, парасатты, халқына пайдасын тигізетін

«Парасат» тобы

МАРАПАТТАЛАДЫ
Мектеп директоры: Мендыгалиева Л.И

ДТЖО: Кавдовлетова Ж.К

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет