Бекітемін Әдіскер



бет1/3
Дата06.06.2020
өлшемі24,3 Kb.
#72507
  1   2   3
Байланысты:
05.05 өзін-өзі ану.docx
ойындар

Бекітемін

Әдіскер: ______________

« __ » ___________ 2020ж
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тәжірибе жинақтаушы: Нагашыбаева Бибигуль

Әдіскер: Ержанова А.С.

Күні: 22.04.2020 жыл

Сынып 2 Оқушылар саны __________

Тақырып: Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: қамқорлық, парыз, жауапкершілік


Сабақтың мақсаты: туған өлке табиғатын сақтап, қамқорлық жасауға үйрете отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  • Табиғатты сақтап, қамқорлық жасауға үйрету;

  • Қамқорлық, парыз бен жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

  • Табиғатты аялауға, қамқор болуға баулу.

Ресурстар (материалдар, дереккөздер)

Оқулық, дәптер, суреттер

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 5Т ережесін сақтау

Татулық, тыныштық, тәртіп, тазалық, талап

Тыныштық сәті. Су асты патшалығына саяхат.

Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.




Ескерту



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет