«Бекітемін» Г. А. Шаймолдина Өзін-өзі тану сабағының жоспары Мектеп



бет6/8
Дата03.11.2019
өлшемі196,84 Kb.
#51061
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ө.Ө.Т.Қ.М.Ж (1)
Ө.Ө.Т.Қ.М.Ж (1), Ө.Ө.Т.Қ.М.Ж (1)

«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 24 сабақ

Тақырыбы: Мақтану-мақтаншақтық емес

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: көпшілдік,шынайылық,адалдық




Ресурстар

Мақсаты: тақырыбын түсіндіре отырып, құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- көпшіл болуға үйрету

-шынайылық қасиеттерін арттыру

- оқушыларды көпшілдік,шынайылық,адалдыққа тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

24 сабақ, 101 бет «Алтынмүйіз» мәтінін оқу.
* Алтынмүйіздің іс-әрекеті мақтануға жата ма, мақтаншақтыққа жата ма? Неліктен?

* Ол мақтаншақтығынан қандай қиындықтарға тап болды?

*Мақтаншақ бұзау алтынмүйізден неге айырылды?

*Мақтану дегенді қалай түсінесіңдер?

* «Мақтаншақ» адам қандай болады деп ойлайсыңдар?

* Сендер қандай істеріңмен мақтана аласыңдар?

Дәйексөз

«Мақтаншақ кісі-менмен кісі,

Менмендік-адамның міні»

Ж. Аймауытов

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Мақтаншақ Жолбарыс

(айгөлек журналынан)

1.Жолбарыс неге мақтанды?

2.Ол кімнен,неге көмек сұрады?

3.Оған кім көмектесті?

1.Мақтану адамды қандай жетістікке жеткізеді?

2.Мақтаншақ адамның сөздері қандай болады?

3.Өздерің мақтанған кезде артын қалай ойлайсыңдар?
Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың өз жетістіктеріне орынды мақтана білуге дағдыландыру үшін ойын ұйымдастырылады. Балалар үшке бөлінеді. Бірінші топ достарын , екінші топ оқулықтарын, үшінші топ өз сыныптастарының жетістіктерін жарнамалайды.

Топпен ән айту:

«Өмір-өзен»(«Заман» тобы)

Асып-тасып, төгілетін,


Алқынып ұшатын көңіл-ай,
Өзгерместей көрінетін,
Баянсыз бес күндік өмір-ай.
Тасқын болып, тасып тұрған
Жастық шақ алдады таңдамай.
Әлденег еасықтырған
Желігі басылмас жалған-ай.

Қайырмасы:
Өмір-өзен ағады, әттең,
Өкініштің алауы
Жанымды жеп барады.
Өмір-өзен ағады, әттең,
Менің жаным жаралы.
Қай жағада қалады?

Үй тапсырмасы. 25 сабақ, 105 бет «Сары тауық пен балапандары» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.




«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 25 сабақ

Тақырыбы: Мейірімділік-асыл қасиет

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік,жақсылық ойлау,қайырымдылық




Ресурстар

Мақсаты: Мейірімділік-асыл қасиет тақырыбын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

-жақсылық жасауға үйрету

-мейірімділік қасиеттерін арттыру

- оқушыларды мейірімділік,жақсылық ойлау,қайырымдылық тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

25 сабақ, 105 бет «Сары тауық пен балапандары» мәтінін оқу.

*Сары тауық балапандарын қайда ертіп шықты?

* Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

* Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

* «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

* Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

* Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөленесіңдер?

Дәйексөз

«Мейірімділікті анадан үйрен»

Халық даналығы

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Мейірімді қоян

Мексика ертегісі

1.Қоян абайсызда қайда кіріп кетті?

2. Үңгірде кім тұрады екен?

3.Қояннан жылан қалай айырылып қалды?

1.Мейірімді адамдарды неге барлығы сүйіспеншілікпен құрметтейді?

2. Сүйіспеншілікті бойымызға қалай қалыптастырамыз?

3.Өздерің қандай істеріңмен сүйіспеншілікке бөленіп жүрсіңдер?
Шығармашылық жұмыс.

«Мен мейірімді баламын» тақырыбында өздері жасаған ізгілік істері туралы шағын әңгіме құрастырып жазу ұсынылады.

Топпен ән айту:

Ардақты ана

Сөзін жазған: А. Құнанбаев

Әнін жазған: Б. Үйсінбаева

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтін,

Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай-жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
Үй тапсырмасы. 26 сабақ, 107-108 бет «Жан ана» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.




«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 26 сабақ

Тақырыбы: Жаным толған жақсылық

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: риясыз жақсылық жасау,қамқорлық,адалдық




Ресурстар

Мақсаты: Жаным толған жақсылық тақырыбын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- риясыз жақсылық жасауға үйрету

-қамқорлық жасауға баулу

- оқушыларды риясыз жақсылық жасау,қамқорлық,адалдыққа тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

26 сабақ, 107-108 бет «Жан ана» мәтінін оқу.

* Ауылдағылардың жасаған әрекеттеріне көзқарастарың қандай?

* Жан ана адамдарға қандай жақсылық жасады?

* Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

*Адамдар жақсылықты қалай түсінді?

*Жан ана неліктен өкінді?

*Өздерің жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз

«Біреуге жақсылық етсең,

ол жақсылығыңды міндет етпе»

Ы. Алтынсарин

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Менің көршім

(айгөлек журналы)

1.Мен көршімді неге түсінбедім?

2. Ол қандай адам?

3.Мен неге одан үлгі алдым?

1.Қандай адамдардың жаны жайсаң болады?

2.Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Өздеріңнің шын көңілден жасаған жақсылықтарың туралы айтып бер?
Шығармашылық жұмыс.

«Жақсылыққа жету-үлгі көрсету» коллаж құрастыру

Топпен ән айту:

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.
Үй тапсырмасы. 27 сабақ,112 бет «Күн мен күлдер» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.




«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 27 сабақ

Тақырыбы: Туған жер ғажаптары

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: сүйіспеншілдік,адалдық,қамқорлық



Ресурстар

Мақсаты: Туған жер ғажаптары тақырыбын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

-әстеген ісін сүйіспеншілікпен орындауға үйрету

-ададыққал болуға баулу

- оқушыларды сүйіспеншілдік,адалдық,қамқорлыққа тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру:

27 сабақ,112 бет «Күн мен күлдер» мәтінін оқу.

* Гүлдерді, шөптерді кім және қалай оятады екен?

* Осы көріністі өздеріңнің таңда ұйқыдан оянатын сәттеріңмен салыстырып, айтып беріңдер?

*Күннің гүлдер үшін маңызы қандай?

* Туған жерің несімен көрікті?

* Еліміздің қандай ғажап,көрікті жерлерін білесіңдер?

*Өзіңнің туған мекеніңді қалай,несімен жарнамалар едің?

Дәйексөз

«Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас»

Ы. Алтынсарин.

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Туған жер-құтты мекенің

бейнеролик

1.Туған жер неге ыстық?

2. Сенің оған деген сағынышың қалай көрініс табады?

3.Өз туған ауылыңның жеті кереметін айтып бер?

1.Ауылымызды неге алтын бесікке теңейміз?

2.Қоршаған ортаны қалай қорғаудамыз?

3.Өздерің кішілерге қалай үлгі болып жүрсіңдер?
Шығармашылық жұмыс.

«Менің ауылым-атақонысым» сурет салу,әңгіме жазу

Топпен ән айту:

«Көк тудың желбірегені»

Үй тапсырмасы. 28 сабақ,115 бет «Армысың алатау» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет